Қарағайлар қатары. Қарағайлар қатары бір ғана қарағайлар тұқымдасынан тұрады. Ол тұқымдастан он туыс, 250 – дей түр бар. Аса кең тараған туыстарына мыналар жатады: май қарағай, шырша, бал қарағай, қарағай.
Май қарағай туысы. Май қарағайдың дүние жүзі бойынша 40 – тай түрі бар. Олар солтүстік Америкада, оңтүстік – шығыс Азияда (7 – 8 түрі), Жер орта теңіз жағалауында, орталық Еуропада, Кавказда және Гималай тауларында, Сібірде өседі. Май қарағайлар аса үлкен ағаштар, бұтақтары топтасып орналасады. Қылқаны жалпақ болып келеді және жалғыздан орналасады, оның төменгі жағында, көп жағдайда екі ақ тсті балауыздан тұратын жолағы болады. Аналық стробилі көп жағдайда тік орналасады, бір вегетациялық кезеңде пісіп жетіледі, содан соң шашылып түсіп қалып отырады.
Бұрыңғы Одақтас республикалардың флоасында май қарағайлардың 9 түрі, ал Қазақстанда 2 түрі кездеседі. Сібір май қарағайы бұрыңғы одақтас республикалардың Еуропалық бөлігінің солтүстік шығысында, батыс, орталық және шығыс Сібірде тува автономиялы облысында және Монголияда өседі. Үлкен алқапты қамтып орман түзеді. Тегістікте де, таулы жерлерде де өседі. Ағашы жұмсақ, құрылыс материал ретінде де, әртүрлі бұйымдар пайланылады. Сонымен бірге оны қағаз өндірісінде шикізат ретінде пайдаланады. Қылқаннан лак жасауға қажетті эфир майы алынады. Жас бұтақтарында борнеол (камфора) болады. Май қарағай бальзамы жараны жазуға бірде-бір қажетті дәрі. Ақ май қарағай (пихта белая-) бұрынғы одақтас республикалардың батыс аудандарында, орта Азияның, Оңтүстік және Батыс Европаның тауларында 2000 метр биіктікке дейін орман түзеді. Кавказ май қарағайы букпен қосылып Кавказ тауының Батыс бөлігінде, тауларында 2 мың метр биіктікке дейін орман түзеді. Өте сәндік ағаш. Украина мен Беларуссияда оны қолдан өсіреді.
Шырша туысы. Бұл туысқа Солтүстік Европада, Орталық және Шығыс Азияда, Солтстік Америкада кеңінен таралған 45 түр жатады. Қабығы ақшылдау сұр түсті бұтақтары, топтасын орналасқан, биік ағаштар. Қылқаны төрт қырлы болып келеді, жалғыздан орналасады, оның әр жағында бір-бірден ақ түсті жолағы болады. Тамыр системасы, көпшілігінде терең кетпейді. Көлеңке сүйгіш өсімдіктер. Аналық стргбилдері бір вегетациялық кезеңде пісіп жетіледі. Тұқымдары піскен кезде срабилдері төмен қарап тұрады, содан соң, түгелімен жерге үзіліп түседі.
Бұрынғы одақтас республикалардың флорасында 10 түрі, ал Қазақстан флорасында 2 түрі кездеседі. Батыс Европада және бұрынғы одақтас республикалардың Европалық бөлігінде кеңінен таралған. Көптеген кеңістікті: алқапта, таза шыршалы немесе қайыңмен және қарағаймен қосылып, аралас ормандар түзеді. Ағашын құрылыс материалдарын, әр түрлі бұйымдар жасауға, отынға және қағаз жасауға қажетті шикізат ретінде пайдаланылады. Ағашынан айыру жұмыстарын жүргізу арқылы смола, конифоль, вар, скипидар алады. Қабығында тері илеуге қажетті заттар болады. Сібір шыршасы бұрынғы одақтас республикалардың Солтүстік-шығысында және Батыс Сібірде өседі. Кәдімгі шыршаға өте жақын. Тек аналық страбилдерінің ұсақтымен ажыратылады. Бұлақ шыршасы Солтүстік Американың тауларының жартастарында өседі, қылқандары күміс түсті, өте әдемі болып келеді. Оны сәндік ағаш ретінде бұрынғы одақтас республикалардың территориясында және Батыс Европада мәдени жағдайда өсіріледі.
Бал қарағай туысы. Азияда, Европада, Солтүстік Америкада кең таралған, 20 шақты түрлері бар. Шыршалы ормандардың құрамына кіреді. Үлкен ағаш, бұтақтары топтасып орналасады, жарықты жақсы көреді. Өсімдік жазда көктеп, қыста қылқандарын тастап отырады. Жапырақтары ұзарған сабақтарында біреуден, ал қысқарған сабақтарында топтасып орналасады. Тозаңдарының ауа қуыстары болмайды. Аналық срабилдері бір вегетациялық кезеңде пісіп жетіледі, бірақ 2-3 жыл бойы, түспей ағаштың басында тұрады. Ағашы қызылдау, смолаға бай, аса берік, суда шірімей ұзақ сақталады. Сондықтан да оны шпалдар дайындауға, кемелер жасауға, шахтаның астына тіреу ретінде, отынға және қағаз алуға қажетті шикізат ретінде кеңінен пайдаланады.
Бұрынғы одақтас республикалардың флорасында 7 түрі, ал Қазақстан флорасында 1 түрі кездеседі. Батыс Европа бал қарағайы Альпа және Карпат тауларында өседі. Сібір бал қарағайы бұрыңғы одақтас республикалардың Европалық бөлігінің Шығыс аудандарында және Батыс Сібірде кең таралған. Дауыр бал қарағайы Шығыс Сібірдің және қиыр Шығыстың қатал климатына тамаша бейімделген және Шығыс Сібір мен Якутияда діңі биік болып келетін жалғыз ағаш болып табылады.
Қарағай туысының жүздей түрі бар. Олар негізінен Солтүстік ендіктің қоңыржай климатты аймақтарында өседі, субтропикаларда тау ормандарын түзеді, бірнеше түрлері тропикалық облыстардың тауларында кездеседі. Бұлар үлкен немесе кішілеу ағаштар болып келеді, бұтақтары топтасып орналасады. Ұзарған сабақтары, жарғақ тәрізді қабырщақты жапырақтармен жабылған, олардың қолтықтарында қысқарған сабақтары жапырақтармен орналасады. Әдетте мұндай жапырақтар 2-5-тен топтасып орналасады. Аналық страбилдері 2-3 жылда пісіп жетіледі.
БОР флорасында 15 түрі, ал Қазақстан флорасында 2 түрі кездеседі. Кәдімгі қарағай БОР Европалық бөлігінде кеңінен таралған, Сібірде, Охот теңізіне дейін; Батыс Европада Скандинава жартылай түбегінен Переней мен Балқанға дейін жетеді. Құмды жіне жартылай құмды топырақтарда көп жағдайда орман түзеді. Сонымен бірге шымтезек мүктері басқан батпақтарда, оңтүстікте-известі және борлы жоталарда өседі. Ағаштың құрылыс жұмыстарына және әр түрлі бұйымдар жасауға пайдаланады. Діңінен сағыз алады, одан айыру жұмыстарын жүргізу арқылы корабль жасауға қажетті смола, канифоль, скипидар алады. Қылқанында көп мөлшерде аскорбин кислатасы болады. Жас өркендерін дәрі жасауға пайдаланады, ал тозаңдарын медицинада плаунның спораларының орнына қолданылады. Сібір қарағайы-діңі үлкен болып келетін, Сібірдің барлық жерінде және Монголияда кеңінен таралған ағаш. БОР территориясында орман түзеді. Қылқандары қысқарған сабақтарында бесеуден топтасып орналасады. Аралық стробилді тік орналасады. Тұқымдары ұрықтанғаннан кейін, екінші жылы күзде піседі. Жаңғақшалары пісіп жетілгенмен стробилдері ашылмайды. Дәнінің қанатшасы болмайды, спермодермасы қатты болып келеді. күнделікті өмірде дәндерін кедір жаңғақшасы деп атайды, олардың тамаққа және май алуға пайдаланады. Дәнінен құнды ағаш, смоласынан скипидар және канифоль алынады. Жатаған кедір жерге төселіп өтетін бұта немесе кішілеу ағаш. Шығыс Сібірде, Курил аралдарында, Жапонияда өсседі. Үлкен кеңістікті алып жататын бұталы, қалың ққопа түзеді. Оны терісі құнды аңдар: тиіндер, және бұдлғындар мекендейді. Дәні жеуге келеді. Паллас қарағайы қырымда, за Кавказенің батысында, кіші Азияда және Балқанда орман түзеді. Пицунд қарағайы, БОР территориясында, Пицунда мысында өседі. Реликті түрі болып табылады.