Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. Төменгі сатыдағы өсімдіктер


Тұқымның дамуы мен құрылысы



бет26/51
Дата08.06.2023
өлшемі0,97 Mb.
#99694
түріЛекция
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   51
Байланысты:
Лекция Өсім. сист.-сабаққа

Тұқымның дамуы мен құрылысы. Қарағай шамамен 30 – 40 жылдан кейін спора түзе бастайды. Спорофилдері жиналып бір - бірінен айқын айырмасы бар, бір өсімдікте бар екі түрлі бүр (стробил, шишки) түзеді. Әдетте аталық бүрлері (страбилдері) топтасып, ал аналық бүрлері ажлғыздан орналасады. Аталық бүр қабыршақтарының қолтығында, қысқарған сабақтың орнына пайда болады. Оның ұзындығы 4 – 5мм., ал ені 3 – 4 мм.аспайды. Бүр (стробил) жақсы жетілегн өсі бар, түрі өзгерген өркен. Өске микроспорофилдері спиральдың бойымен, черепица тәрізді, бірінің шетін бірі жауып қаланады. Өстің түп жағында қорғаныш қызметін атқаратын қабыршақтары болады. Микроспорофилдің формасы жұмыртқа тәрізді, жұқа, жалпақ, төменгі жағында екі микроспорангиясы болады. Күзге қарай микроспорангияның ішінде, микроспораның көптеген аналық клеткаларының жекеленуі (оқшаулануы) аяқталады. Көктемде мейоз жүреді (микроспораның аналық клеткаларымейоз жолымен бөлінеді). Нәтижесінде әрбір диплоидты аналық клетка төрт – төрттен микроспора түзеді. Микроспора бір ядролы, оның қабығы (спородермасы) интиннен және экзиннен тұрады. Сонымен бірге қабықтарының ажырауының нәтижесінде, микроспораның үстінде, екі ауа қуысы (қапшығы) пайда болады. Осы жерде микроспорангияның ішінде, микроспора өсіп аталық гаметофитке (тозаңға) айналады. Тозаң микроспораның ішінде дамиды және ол жоғарыда қарастырылған әртүрлі споралы өсімдіктердің спораларына қарағанда редукцияға көп ұшыраған. Микроспораның ядросының алғашқы рет бөлінуінің нәтижесінде екі проталлиалды клетка пайда болады, бірақ олар тез бұзылады. Бұл гаметофиттің вегатативтік клеткалары болып саналады. Осыдан кейін микроспораның ядросы екінші рет бөлінеді, одан антеридиальды және вегативтік клеткалар пайда болады. Микроспораның қабығы тозаңның қабығы болып қалады. Тозаң пісіп жетілген кезде микроспорангилар ашылып тозаңдар сыртқа шашылады. Олардың желмен таралады. Аталық гометофитің одан әрі дамуы аналық бүршіктің тұқым бүрінің ішінде жүреді. Аналық бүршіктері (шишка) жас бұтақтардың жоғарғы ұштарында пайда болады. Олардың мөлшері үлкендеу. Негізгі өскінде жабындық деп аталатын ұсақ қабыршақтары орналасады. Олардың қолтығында, үстіңгі жағында екі түрі бар әрі үлкен, әрі қалың тұқымдық қабыршақтары орналасады. Тұқымдық қабыршақ мегаспорофилл емес, редукцияға ұшыраған бүйірлік өркен болып табылады. Жас тұқымбүрі нуцелустан және интегументтен тұрады. Нуцеллус дегеніміз мегаспорангий. Оның формасы жұмыртқа тәрізді және ерекше қорғаныш қызметін атқаратын жабық интегументпен бірігіп кетеді. Тек бүршіктің ұшына жақын жерде, интегументтің тесігі болады, оны микропиле деп атайды. Осы тесік арқылы тұқымбүрінің ішіне тозаң өтеді. Ол мейоз жолымен бөлініп, төрт мегаспора түзеді. Келешегінде олардың үшеуі өліп, біреуі тірі қалады. Мегаспорангилар ешуақытта ашылмайды, сондықтанда мегаспора оның ішінде қалып отырады. Мегаспора бірнеше рет бөлінеді де аналық гаметофит түзеді, оны эндосперм деп атайды. Эндоспермнің екі сыртқы клеткасынан екі архегония жетіледі.
Тозаң аталық бүршіктерден тұқымбүріне желмен келіп түседі. Оны нуцелус пен интегументтің арасын толтырып тұратын, қоймалжың, сұйықтың тамшысы оңай ұстайды. Бір тамшы, микропиле арқылы, сыртқа шығып тұрады. Келе келе тамшы тозаңды тұқымбүрінің ішіндегі нуцелусқа қарай тартады. Тозаңданған соң, микропиле жабылады. Аналық бүршіктің қабықшалары тығыздалып бірігеді. Аталық гаметофит, өзінің одан әрі дамуын мегаспорангидің ішіне жалғастырады. Тозаңның экзинасы жарылады да, интинмен қоршалған вегативтік клетка тозаң түтігін түзеді, ол нуцелустың ұлпасына еніп, архегонияға қарай өседі. Антеридиальды клетка бөлініп екі клетка береді: тірсек клеткасын және сперма түзетін клетканы. Олар тозаң түтігіне өтеді. Ал тозаң түтігі оларды өз кезегінде архегонияға жеткізеді.
Ұрықтанудың алдында, сперма түзетін клеткадан талшықсыз екі спермия – аталық гаметалар пайда болады. Тозаң түтігі архегония мойны арқылы жұмыртқа клеткасына жетеді. Осы кезде оның ұшы жарылады да, ішіндегі заттары жұмыртқа клеткасының цитоплазмасына құйылады. Вегативтік ядро бұзылып жойылады. Аталық гаметаның бірі жұмыртқа класының ядросымен қосылады, ал екіншісі өледі. Қарағайдың тозаңдануынан ұрықтануынан дейін 13 айдай уақыт өтеді. Зиготадан ұрық пайда болады. Ұрық эндоспермдегі артық қор заттардың есебінен өседі. Толық жетілген ұрық тамыршадан, сабақшадан, бірнеше тұқым жарғағынан және бұршіктерден тұрады. Ұрық эндосперммен қоршалған. Ол өскен кезінде эндоспермдегі қажетті заттарды өзіне қорек ретінде пайдаланады. Интегумент қатты қабық түзеді. Осылай тұқым бүрі дәнге айналады. Ол тұқым қабыршағында жатады және оның қанатша тәрізді өсіндісі болады. Қанатшаны тұқымның жел арқылы таралуына бейімдеушілігі деп қараған жөн. Дән тозаңданғаннан кейін екінші жылы күзге қарай пісіп жетіледі. Бүршіктердің ұзындығы бұл кезде 4 – 6 см – ге жетеді. Олардың формасы сопақтау – эллипс тәрізді, ұшы үшкірлеу, қабыршақтары қатайып, сүректенеді, түсі көктен сұрға айналады. Келесі қыста бүршіктер төмен қарап иіліп салбырайды да, онда қабыршақтарының арасы ажырап ашылады, осы кезде дәндері жерге шашылады. Аналық өсімдіктен босаған дән ұзақ уақыттар бойы тыныштық қалыпта бола беруі мүмкін. Тек қолайлы жағдай туған кезде ғана олар өседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет