Лекция №1 Тақырыбы: Педагогика ғылым және оқу пәні ретінде. Лекция жоспары



бет17/72
Дата11.12.2023
өлшемі345,24 Kb.
#137472
түріЛекция
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   72
Байланысты:
педагогика оқыту әдіс лекциялар

Білім беру мазмұны – педагогикалық бейімделген білімдердің, іскерліктердің және дағдылардың жүйесі, шығармашылық іс-әрекеттің тәжірибесі және дүниеге деген эмоционалдық-құндылықтық қатынас, оларды меңгеру тұлғаның дамуын қамтамасыз етеді. Білім берудің мазмұны білім алушыларды әлеуметтік, кәсіптік емес іс-әрекетке қатынасуын қамтамасыз етеді. Әрбір индивидтің дүниеге деген қатынасын ондағы өз орнын анықтауды азаматтық позициясын шарттандыратын дүниеге көзқарасты, құндылықтар мен мұраттар жүйесін қалыптастырады.
Білім берудің тұлғалық-бағдарлы мазмұны педагогикалық білім беруді үш өзара байланысты және өзара толықтырушы бағыттарды қарастырады. Бірінші бағыты педагогикалық білім берудегі пәндік дайындықтың орны және ролін қайта ойластырумен байланысты.
Білім беру мазмұнын қалыптастыру принциптерінің ішіндегі негізгілеріне төмендегілер жатады:

  • ғылыми, әлеуметтік және мәдени дамудың соңғы жетістіктерінің мектепте берілетін білімнен көрініс табатын ғылымилығы;

  • әрбір жаңа білім алдыңғы берілген біліммен байланысты және содан туындайтынын көрсететін білім мазмұнын жоспарлаудан тұратын бірізділік;

  • тарихилық, яғни білім мазмұнында мектептердегі қандай да болмасын білім салаларының, даму тарихының оқылатын мәселелер бойынша белгілі ғылымдардың іс-әрекетінен көрініс табуы;

  • жүйелілік, яғни оқылатын білім мен қалыптастыратын біліктіліктерді адамзат мәдениетінің жалпы жүйесінде және өзара кірігетін барлық оқу курстары мен басты білім мазмұнының жүйесінде қарастыру.

  • білімнің шынайылығын практикада бекітудің әмбебап құралы ретінде және берілген білім мен қалыптасқан біліктіліктердің әсерін тексеру тәсілі ретінде өмірмен байланыстылық принципі;

  • меңгеруге берілетін білім, біліктіліктердің қандай да болмасын жүйелерінің білім алушылардың дайындық деңгейіне және жас ерекшелік мүмкіндіктеріне сәйкестігі; егер материал тым жеңіл болса, онда білімде, танымдық процесстер де өте баяу, мүмкіндіктеріне сәйкеспей дамиды.

  • оқу жоспарлары мен бағдарламаларының құрылымын, ғылыми білімдердің оқулықтарды берілу деңгейлерін,оқылатын ғылыми ұғымдар мен терминдердің кірістірілу деңгейлері анықталатын түсініктілік принципі.

Білім мазмұнын қалыптастырудың ұстанымдары: бүкіл элементтерінің және бүкіл деңгейлерінде қоғамның сұранысына сәйкестігі, оқытудың мазмұндық және процессуалдық жақтарының бірлігі, ақырында оқыту процесінде оны жүзеге асырудың нақты формаларында жалпыдан жекелікке қозғалысында білім мазмұнының әр түрлі деңгейде қалыптасуында құрылымдық бірлігі.
Білім мазмұнының қайнар көзі – материалдық және рухани мәдениетте бекітілген адамзаттың әлеуметтік тәжірибесі болып табылады. Әлеуметтік тәжірибе 4 элементті енгізеді: білім /олардың түрлерінің жиынтығы индивидте қоршаған шындық туралы жалпы түсінік және қажетті іс-әрекетте бағытталғандығын анықтайды/; іс-әрекеттің тәсілдерін жүзеге асыру тәжірибесі /оны меңгеру барысында іскерліктер мен дағдылар қалыптасады, олардың қызметі жинақталған мәдениетті қайта жасап сақтап және дамыту болады, сол арқылы қоғамның репродуктивтік іс-әрекеті қамтамасыз етіледі/, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі /оның функциясы – мәдениетті әрі қарай дамыту/; шындыққа, өз іс-әрекетіне, өз-өзіне деген эмоционалдық-құндылықтық қатынастың тәжірибесі.
Жалпы білім берудің келесі мазмұндық қырларын бөліп көрсетуге болады:

  • білім беру құндылық ретінде;

  • білім беру әлеуметтік- мәдени құбылыс ретінде,

  • білім беру жүйе ретінде;

  • білім беру үрдіс және нәтиже ретінде.

Адам - қоғамның ең жоғары құндылығы және қоғамдық дамудың мақсаты ретінде алынады. Құндылықтар (өмір, денсаулық, махаббат, білім, еңбек ету, бейбітшік, әдемілік, шығармашылық) адамдарды қай кезеңде де алаңдатты және олар тұрақты. Жалпы адамзаттық құндылықтар мазмұны гуманистік бастамалар, адам тұлғасының өзіндік құндылығын бекіту, оның құқығын, еркіндігін құрметтеуді қоғамдық өмірге сырттан енгізуге болмайды. Оны кейін қалдыруға да болмайды. Әлеуметтік даму процесі, осы бастамалардың даму процесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет