Шарттары:педагогиканың, психологияның, озық тәжірибенің жетістіктерін қолданып оқыту. Педагогикалық еңбекті ғылыми түрде ұйымдастыруға берілген нұсқауларды орындау; индуктивтік және дедуктивтік тәсілдерді қолдану; жаңа ұғымдарды жүйелі түрде қайталау; ғылыми таным әдістерін қолдану. Білім алушыларды іздендіру, шығармашылық жұмыспен айналыстыру; жаңа ұғымдарды бір рет түсіндірумен шектелмеу; білім алушыларды көрнекті ғалымдардың өмірі және қызметімен таныстыру; жаңа ғылыми терминологияны қолдану; білім алушыларды ғылым жетістштершен таныстырып отыру; білім алушылардың зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру; тәжірибе жұмыстарын жүргізуге жағдай жасау; білім алушының оқуында жаңалық ашуына, оған қуануына мүмкіндік беру; жалған сөйлемеу.
Оқытудың бірізділігі және жүйелілігі принципі. Бұл принциптің ғылыми ережесі: білім алушының білімі берік болу үшін оның санасында қоршаған дүние жақсы бейнелену керек. Ол үшін ғылыми білімдер жүйелі және білім алушылардың танымдық мүмкіндіктеріне қарай беріледі. Жеке бөліктерден тұратын оқыту процесі білім алушылардың білімді меңгеруіне көмектеседі. Дағдыларды қалыптастыру үшін жаттығулар, ақыл-ой тәрбиесін беру үшін қисынды ойлау тәсілдерін талап ететін жұмыстар жүргізіледі. Әйтпесе дағды жойылады, білім алушы дұрыс ойлай алмайды, дамуы нашарлайды.
Шарттары: білім алушыларға білімді меңгерту үшін сызбілім алушырды қолдану. Оқу материалын бөліктерге бөліп, оларды рет-ретімен түсіндіру; оқыту мазмұнындағы, тәсілдеріндегі жүйені бұзбау; пәнаралық байланыс тұрақты түрде қолдану; білім алушылармен бірге тірек-конспектілерін, сызбасын жасап, білімді есте сақтауды жеңілдету; бұрынғы оқығандарды жиі қайталаттыру; өткен материалдарды сабақтың басында, бекіту кезінде, жеке сұрақтарды түсіндіргеннен кейін қайталаттыру; материалға ой-пікірлерді жасанды түрде енгізбеу; білім алушылардың өз ойларын қалай айтатынын қадағалау; білім алушыны өздігінен жұмыс істеуге үйрету, көмектесу; білім алушылардың білетіндерін айтқыза бермей, тек сабаққа қатыстыларын айтқызу.
Саналылық және белсенділік принципі. Өз бетімен меңгерілген білім санаға жақсы сіңеді. Білімді саналы меңгеруге оқу желісі, өз бетімен жұмыс, белсенділік, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру, білім алушының танымдық іс-әрекетін басқару, Педагогтің әдіс-құралдары көмектеседі. Білім алушының өзінің танымдық белсенділігі оқытуда аса қажет жағдай және оқу материалын терең және берік түсінуге орасан зор ықпал етеді.
Шарттары: жұмыстың нақты мақсаты мен міндеттерін білу; түсінікті етіп оқыту; танымдық іс-әрекеттің барлық түрлерін қолдану; талдау, жинақтау, индукция, дедукция, салыстыру әдістерін қолдану; аналогияны жиі қолдану; бастауыш сыныпта оқытуды индукциядан бастау; білім алушыларға әр сөздің, сөйлемнің, ұғымның мағынасын түсіндіру; білім алушылардың білімі мен тәжірибесіне сүйену; білім алушылардың бірін-бірі оқытуы. Дұрыс жауапты бәрі бірігіп табуы, себебі білім алушы өз жолдасының айтқанын жақсы түсінеді. Сондықтан жақсы оқитын білім алушыларға сабақ бергізу; белгілі мәліметтерді белгісіздерімен байланыстыру; ең бастысы, сіз оқытатын пән емес, пән бойынша атқарылатын жұмыстар; білім алушы факті мен білім арасындағы айырмашылықты көретіндей етіп оқыту; әрбір ережеге мысал келтіру; негізгіні түсіндіруге назар аудару, қолданылатын мысалдардың санын анықтап алу; тек қана беделмен оқыту жеткіліксіз; сезімге, ақылға әсер ететін дәлелдермен оқыту; білім алушыға оқу-танымдық іс-әрекеттің тиімді тәсілдерін үйрету; әрбір ережеге мысал келтіру; негізгіні түсіндіруге назар аудару; білім алушыларды сабақтан алаңдататын жағдайларға жол бермеу; «Неге?» деген сұрақты көп өойып, білім алушыны дамыту; дәйекті дәлелдермен оқыту; дұрыс оқыту баяндап беру емес, білімді тәжірибеде қолдану; білім алушылардың қызығушылықтарын зерттеу, дамыту; білім-сенімге айналып, іске басшылық ететіндей етіп оқыту; білім алушыны өз бетімен ойлауға, жұмыс істеуге үйрету; түрлі мәселелерді талдату арқылы шығармашылықты дамытып, танымдық міндеттерді бірнеше тәсілдермен орындату.
Теория мен практиканың байланыс принципі. Бұл принцип классикалық философияның өмір, тәжірибе таным көзі деген ережесіне сүйенеді. Өмір және практика білім алушыларға дұрыс бағыт береді, белсенді іс-әрекетке өзірлейді. Еңбек тәрбиесі жеке тұлғаны қалыптастырады. Оқытудың өмірмен, теорияның тәжірибемен байланысының жақсы болуы білім мазмұнына, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға, оқыту нысандары мен әдістеріне, еңбекке және поли-техникалық әзірлікке берілген уақытқа, білім алушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты.