Лекция №1 Тақырыбы: Педагогика ғылым және оқу пәні ретінде. Лекция жоспары



бет18/72
Дата11.12.2023
өлшемі345,24 Kb.
#137472
түріЛекция
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   72
Білім беру әлеуметтік- мәдени құбылыс ретінде келесі әлеуметтік мәдени қызметтерді атқарады:

  • Тұлғаны әртүрлі қоғамдық, өмірлік қызметтерге дайындау және қосу;

  • Адамды өмірге және мәдениетке араластыру;

  • Тұлғаны әлеуметтендіру;

  • Адамның қоғамдық және жеке өмірін қалыптастыру механизмі;

  • Аймақтық жүйелі дамыту және ұлттық дәстүрді сақтау;

  • Мәдени құндылықты және қоғамның даму мақсаттарын жеткізу немесе іске асыру.

Білім беру бағдарламасы жалпы білім беру және кәсіби білім беру болып жіктеледі, оның әрқайсысына тән циклге біріккен пәндер тізімі болады: жалпы білім беру пәндері (ЖБП), базалық пәндер циклі (БП), мамандандырылған пәндер циклі (КП), оқу жұмысының басқа түрлері (тәжірибе, әскери дайындық). Әрбір цикл міндетті және таңдау пәндерінен тұрады. Жалпы білім беру пәндері (ЖБП) білім бағдарламасы мазмұнының 25%, базалық пәндер (БП) жалпы білім беру бағдарламасының 50%, мамандандырылған пәндер 25% құрайды. Жалпы білім беру пәндері (ЖБП) тізімінде міндетті пәндер мен таңдау пәндері нақты көрсетіледі. Бакалавр білім үдерісінің аяқталуының негізгі критерийі студенттің 128 кредит немесе 5760 академиялық сағат көлеміндегі теориялық сағат оқуы. Магистрлік бағдарлама бойынша дайындау елімізде 1995 жалы эксперимент түрінде енгізілді. Оқу жоспарын жоғары оқу орны ұсынып, бекітіп отырды.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білімді көтеру тұжырымдамасына және ГОСО РК 5.03.02.-2004 сәйкес магистратура жоғары оқу орнынан кейінгі білім болып есептелінеді. Мамандарды дайындау екі бағытта жүзеге асады: оқу уақыты 1 жыл болатын профильдік және ғылыми-педагогикалық – 2жыл. Сонымен қатар магистратура бағдарламасы оқудың ғылыми-методологиялық бағытын айқындап, кәсіби дайындығының тереңдігін қамтамасыз ету керек. Профилдік магистратурада магистрант кем дегенде 30 кредит, ал ғылыми-педагогикалықта -60 кредитті игеруі керек. Мемлекеттік стандартқа сәйкес әрбір кредит академиялық кезеңдегі магистранттың жұмасына 1 академиялық сағат аудиторлық жұмысына тең, әрбір академиялық сағатта 2 сағат өзбетті жұмыс болады. Теориялық дайындық екі пәндер циклін қамтиды: оқу бағдарламасының 40% қамтитын базалық пәндер (БП) және мамандандырылған пәндер (КП) қамтиды. 20% магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысына тиесілі. Базалық пәндердің міндетті компоненті стандартпен белгіленеді. Қорытынды мемлекеттік аттестацияда кешенді емтихан мен магистрлік диссертацияны қорғау қарастырылған. Яғни аталған стандарт бойынша таңдау пәндері мен өзбетті жұмыстың көлемі артады.
Құрылымдық жағынан оқу бағдарламалары үш негізгі компоненттерден тұрады. Бірінші компоненті:
1) түсінік хатта жоо-ның оқу пәндері жүйесіндегі сол нақты оқу пәнін оқып-үйренудің мақсаттық бағдары;

  1. оқу пәнінің негізгі міндеттері, оның тәрбиелік мүмкіндіктері;

  2. оқу пәнін құруда негізге алынатын жетекші ғылыми идеялар анықталады.

Екінші компонент - білім берудің өз мазмұны: тақырыптық жоспар; курс бойынша бөлімдер мен тақырыптардың тізбесі; негізгі ұғымдар, іскерліктер мен дағдылар; сабақтардың мүмкін болатын түрлері.
Үшінші компонент – бағдарламаны жүзеге асыру жолдары туралы кейбір әдістемелік нұсқаулар.
Білім берудің мазмұны қалыптастырудың негізгі үш деңгейін бөліп айтуға болады, олар жалпы теориялық түсінік деңгейі, оқу пәнінің деңгейі, оқу материалының деңгейі. Педагогика курсының мазмұны төрт негізгі бөлім енгізілген: 1) педагогиканың жалпы негіздері; 2) дидактика; 3) тәрбие теориясы 4) мектептану.
Білім берудің мазмұны мен құрылымы тұжырымдамасының негізінде базистік оқу жоспары, жекелеген білім салаларының тұжырымдамалары, оқу бағдарламалары және пән оқулықтары жасалады.
«050103- Педагогика және психология» мамандығы бойынша бакалаврдың бiлiктiлiк сипаттамасы
6.1 Кәсіби қызметінің саласы
Кәсiптiк iс-әрекетiнiң шеңберi: бiлiм беру жүйесi.
6.2 Кәсiби қызметінің объектiсi
Бiтiрушiлердiң кәсiптiк қызмет объектiсi болып жалпы бiлiм беретiн орта мектеп, мектепке дейiнгi бiлiм және тәрбие жүйесi, бастапқы және орта кәсіптік білім беру ұйымдары, педагогикалық колледж бола алады.
6.3 Кәсiби қызмет пәнi
Кәсiптiк қызмет пәндерi болып мыналар есептеледi: оқыту мен тәрбиелеудiң мақсаты, мiндеттерi, мазмұны, ұйымдастыру формалары, нәтижелерi, Қазақстан Республикасының бiлiм берудi дамыту тұжырымдамасы талаптарын жүзеге асыру жолдары; потенциалды мүмкiндiктерiн дамыту мақсатымен психиканың тұлғалық және когнитивтiк аумақтарын зерттеу; жекелiк және дифференциалды қатынасты даралы-бағдарлы бiлiм беру арқылы жүзеге асыру.
6.4 Кәсiптiк қызмет түрлерi
050103 – «педагогика және психология» мамандығы бойынша бакалаврлар төмендегiдей кәсiптiк қызмет түрлерiн атқара алады:

  • ұйымдастырушылық - технологиялық (педагогикалық технология негiзiнде оқу-тәрбие процесiн ұйымдастыру);

  • өндiрiстi-басқарушы («субъект-субъект» өзара әрекетi);

  • жобалау (бастауыш мектептегi бiлiм берудi моделüдеу);

  • ғылыми-зерттеу (түрлi ғылыми-зерттеу мекемелердегi ғылыми зерттеу жобаларын моделüдеу және жүзеге асыру, озық педагогикалық тәжiрибенi ғылыми негiзде зерттеу, жинақтау, тарату);

  • бiлiм берушiлiк (психология және педагогика пәндерiнiң оқытушысы, бiлiм беру жүйесiнiң педагог-психологы, мамандарды дайындау және қайта дайындау);

6.5 Кәсiптiк iс-әрекетiнiң қызметi оқушылардың субъекттiк iс-әрекеттерiн ұйымдастыру және тұлғаның қалыптасу мен даму процесiн басқару.
6.6 Кәсiптiк iс-әрекетерi мiндеттерiнiң түрлерi
Оқушылардың тұлғалық қасиеттерiн қалыптастыру мен дамытуда қоғамның әлеуметтiк тапсырысын орындау; Отандық және әлемдiк стандарттардың талаптарына сәйкес бiлiм берудiң сапалық деңгейiн көтеру, озық педагогикалық технологияны меңгеру және оны тәжiрибелiк iс-әрекетке ендiру.
6.7 Кәсіби қызметінің бағыттары
Кәсіби қызметінің негізгі бағыттары: сынып ұжымын ұйымдастыру; оқушыларды оқыту және тәрбиелеу; ата-аналар жұртшылығымен байланыс орнату; Білім беру тұжырымдамасының талаптарын жүзеге асыру; ғылыми теориялық білімдері мен кәсіптік біліктілігін көтеру; түрлі конференцияларға қатысу, озық педагогикалық және өзіндік тәжірибені зерттеу, жинақтау; жаңа педагогикалық технологияларды зерттеу және ендіру.
6.8 Кәсiби қызметтің мазмұны
Педагог-психологтың кәсiби қызметінің мазмұны педагогикалық ғылым мен тәжірибенің талаптарына сәйкес психологиялық-педагогикалық үрдiстi ұйымдастыру, оқушыларының ата-аналарымен жұмысты, мектептен тыс тәрбие мекемелерiмен байланысты әрiптестерiмен ғылыми және әдiстемелiк қарым-қатынасты, бiлiм берудi дамытудың тұжырымдамасының мақсаттары мен мiндеттерiн жүзеге асыруды қамтиды.
6.9 050103-«Педагогика және психология» мамандығы бойынша бакалаврдың түйінді құзіреттеріне қойылатын талаптар:

  • педагогикалық процестің даму заңдылықтарын ойша елестете білуі керек;

  • білім берудің жалпы заңдылықтары мен өзіне тән ерекшеліктерін, оқыту, тәрбие және дамытудың ғылыми-теориялық негіздерін, педагогиканың және психологияның ұғымдық концептуалды аппаратын білуі керек;

  • теориялық білімдерді тәжірибелік кәсіптік іс-әрекетінде ұйымдастыру біліктілігі болуы керек;

  • педагогикалық және психологиялық іс-әрекетте оқу-тәрбие шараларының жоспарларын, жобаларын, бағдарламаларын жасап жүзеге асыру және оларды ЖОО, колледж, мектеп жұмысында психологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету дағдысы болуы керек;

  • білім беру сапасының тиімділігін жақсарту мен арттыруды; педагогикалық-психологиялық мәселелерді қою және шеше білуді жетік білуі керек.

Түсіндірмелік мәтінге оқулыққа пәндік кіріспе, бөлімдер, тараулар; ескертулер, түсініктемелер; сөздіктер; анықтамалықтар т.б. кіреді.
Оқулықтарда оқу мәтіндерінен басқа мәтіннен тыс компоненттер болады. Оларға материалды меңгеру аппараты; иллюстрациялық материалдар; бағдарлау аппараты жатады.
Материалды меңгеру аппараты: сұрақтар, тапсырмалар, ескертулер,инструктивтік материалдар, кестелер, жаттығулар және т.б. қамтиды.
Иллюстрациялық материалдарға пәндік және сюжеттік материалдар, құжаттар, диаграммалар, кестелер, сызбалар, графиктер, анықтамалықтар және т.б. жатады.
Бағдарлау аппараты алғы сөз, ескертпелер, қосымшалар, көрсеткіштер, белгі-символдарды қамтиды. Оқу құралдары оқулыққа қосалқы болып есептеледі, оның мазмұнын тереңдетеді және кеңейтеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет