Студенттер нені үйрену керек? Топтарда жұмыс істеу барысында студенттер қандай дағдыны үйреніп, қандай білім алу керектігін нақты белгілеуі шарт. Мақсаты не? Осы мәселені меңгеруі студентке не береді? Жүзеге асырылатын нәрсе не? Сол мақсатқа жетуге арнап қанша уақыт бөле аласың?
Жоба жасағанда қандай мәселелерге көңіл аударған дұрыс: 1) Уақыт. Топтардағы жаттығуларды қалай жүргізетініңді анықта. Ең дұрысы – тапсырманы түсіндіруден бастау, содан соң топтарда жұмыс жасалады да, ең соңында барлығын қорытумен аяқтау.
2) Орын. Топтарда жұмыс істеу топты сабаққа дайындауға да өзгерістер енгізуді талап етеді. Төмендегі мына мәселелерді әрқашан есте сақтау керек: топ немен айналысады; студенттер бөлменің ішінде еркін жүретіндей болуы керек; топ мүшелері бірін-бірі тыңдай алатындай, көре алатындай болсын; материалды студенттерге таратып берген дұрыс; басқа да ғылыми оқу құралдары қол жетер жерде болсын.
3) Жазбаша нұсқаулар. Студенттер тапсырмамен оның орындалу жолын түсінуі де осыған байланысты.
Нұсқау:
- барлық студенттерге түсінікті тілмен жазылуы қажет.
- тапсырма берілген парақпен қосып немесе бірнеше дана етіп беріледі.
- студенттер педагогтің көмегінсіз- ақ орындай алатыны анық және жан-жақты қымталған болуы шарт. Қандай нәтижеге алып келетіні анық көрсетілсін.
4) Топта жұмыс істеу шеберлігі. Топтармен күрделі болған сайын, студенттердің бірлесе жұмыс істеу деңгейі де жоғарлай түсуі тиіс. Мүмкін, топтардағы араласа жұмыс істеу шарттарын меңгеруге көп уақытыңды жебересің. Жоғарғы оқу орындарында алғашқы айларда ережелерді игеріп, кейін оның орындалуын меңгеруге болады. Сонда ғана студенттер шағын топтарда жұмыс істей отырып, щығармашылық тапсырмаларды тиімді шеше алада.
Қарым-қатынастың негізі: студенттер өздерін қалай ұстау керек? 1. Топ мүшелерінің міндеттері: жолдастарының айтқанына құлақ қою қажет; жұмысқа барлығының қатысуы міндетті; көмек керек болса, ұялмай сұрау керек; өтініш білдірген жанға міндетті түрде көмектесу қажет. 2. Әркім өзіне берілген тапсырманы орындайды (топ жетекшісі - басшы, ереженің сақталуын бақылайды; баяндамашы – хатшы, қорытынды жасаушы, уақытты бақылаушы, т.б.). 3. Тапсырманы бере отырып оқытушы студенттердің күшті және әлсіз жақтарын ескеру қажет.
Студенттерді топтарға қалай бөлуге болады? Шағын тапсырмалар үшін 4-5 адамнан тұратын топ тиімді болады. Егер жаттығуларды іштей бөлшектеуге болатын болса, ондай күрделі тапсырмаларды үлкен топтар орындайды. 3-4 адамнан құралған топ, әдетте мазасыздау болады, ал екі адам бірлесе отырып орындайтын жаттығулар үшін таптырмайды. Топтың құрамы білім деңгейлеріне қарай әр түрлі болғаны дұрыс.
Жеке жұмысты қалай бақылауға болады? Топтағы жұмыс аяқталғаннан кейін, әрбір студент толтыруға міндетті болып табылатын нәтижелер жазылған қағазды тексеруге болады. Нәтижесі көрсетілген бұл қағаз арқылы оқытушы әр студентке баға береді. Білім деңгейінің өсуін көрсетеді. Сұрақтар студенттерге өздерінің нені үйренгенін және қандай көзқарастар қалыптастырғанын бақылауға жағдай жасайды. Сабақ соңында студенттермен бірлесе отырып, қандай жаңа білім алғанын, қандай нәтижелерге жеткенін талқылаймыз.
Топтарда жұмысты қалай жүргізу керек?
Сабақ алдында материалдарды дайындап, орындықтарды орналастыр.
Қысқаша түрде сабақтың тақырыбын талда.
Студенттерді топтарға бөл.
Материал тарата отырып, тапсырманы анықта.
Нұсқауларды барлығының түсінігіне көзіңді жеткіз.
Тапсырманы орындауға қажетті уақытты белгіле.
Топ өкілдерінен еңбектің нәтижесін айтып беруді сұра.
Тапсырманы топпен отырып талда.
Бүгінде оқытуды ұйымдастырудың мынадай қосымша формалары бар: оқытудың жекелік формасы; пәндік үйірмелер; топсеруен; факультативтер; кеңес; қосымша сабақтар; үй тапсырмасы;.
2. Колледждегі және ЖОО-дағы дәрістің мақсаты – білім алушылардың оқу материалын терең меңгеруі үшін бағыт беретін негізді қалыптастыру. «Дәріс» сөзі латынның «lection» - оқу деген сөзін білдіреді. Дәріс ең алғаш Ежелгі Грецияда пайда болған, әрі қарай Ежелгі Римде және орта ғасырларда дамытылған. Ресейде оқытудың дәрістік формасын ең алғаш М.В.Ломоносов қолданып, таратқан. ХІХ ғасырдың ортасынан бастап ғылыми және техникалық білімнің артуына байланысты дәріс сабақтарын студенттердің өзбеттілігін және белсенділігін талптандыратын практикалық сабақтармен толықтыру қажеттілігі арта бастады.
Бүгінгі таңда оқу материалын дәрістік баяндауды қолдаушылармен қатар оған қарсы шыққан адамдар да бар. Олардың дәйектерінде шындық та бар. Не болса да, оларды есте сақатаған дұрыс:
Дәріс бөтен пікірлерді енжар түрде қабылдауға үйретеді, өзіндік сананының дамуына кедергі келтіреді. Дәріс қаншалықты күшті болса, бұл заңдылықтың сақталуы соншалықты нәтижелі болады.
Дәріс өз бетімен жұмыстануға талапты жояды.
Оқулықтар мүлдем жоқ немесе аз мөлшерде болған жағдайда ғана дәріс оқыған дұрыс.
Кейбір студенттер айтылған нәрсені ұғынса, көп студенттер – дәріс білім алушының сөздерін жазып алуға ғана үлгеріп отырады.
Дегенмен, тәжірибе көрсеткендей, дәрістен бас тарту студенттер дайындығының ғылымилық деңгейін төмендетеді, семестр бойына жұмыстанудың жүйелілігін және бір қалыптылығын бұзады. Сондықтан дәріс осы күнге дейін колледж, ЖОО-да оқу үрдісін ұйымдастырудың басты формасы болып отыр. Жоғарыда аталған кемшіліктерді көп орайда дұрыс әдістемемен және оқу материалын ұтымды жеткізумен жоюға болады.
Оқытудың дәрістік формасы мына жағдайларда қажет:
жаңа енгізілген курстар бойынша оқулықтар болмаған жағдайда дәріс ақпараттың негізгі көзі болып табылады;
нақты тақырып бойынша берілетін жаңа оқу материалы қолда бар оқулықтарда ашылмаған немесе оның кейбір жақтары ескірген жағдайда;
оқулықтың кейбір тақырыптары өз бетімен зерттеуге өте күрделі болған жағдайда оқытушының әдістемелік өңдеуін қажет еткен кезде;
курстың негізгі проблемалары бойынша екіжақты, қарам-қарыс тұжырымдар болған жағдайда. Бұнда дәріс оларға объективті баға беру үшін оқылады;
студенттердің көзқарасын қалыптастыру мақсатында дәріс білім алушының оларға жеке эмоционалдық әсер етуі маңызды болған жағдайда. Дәрістің эмоционалдық сипаты ғылыми мазмұнмен біріге отырып, ой мен сөздің үйлесімділдігн тудырады және тыңдаушылармен жақсы қабылданады.Әсіресе бұл гуманитарлық пәндерді оқытуда ерекше орынға ие. Сонымен қатар жаратылыстану және дәл пәндердің оқытушыларына да эмоционалдық қажет.
Әсіресе, авторлық дәрістер ерекше әсер етеді. Бұл мәселе бойынша К.Тимирязевтің айтуынша, дәрісте ғылыми проблемалардың дұрыс шешімі идеяға берілу, сол идеяны ұстанумен бірігуі керек. Д.И.Менделеевтің дәрістері тап осы қасиеттерге ие болған.