Лекция №1 Тақырыбы: Педагогика ғылым және оқу пәні ретінде. Лекция жоспары



бет34/72
Дата11.12.2023
өлшемі345,24 Kb.
#137472
түріЛекция
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   72
Байланысты:
педагогика оқыту әдіс лекциялар

Оқытудағы инновациялық әдістерге топтық оқытуды, даралық жұмыстың әртүрлі формаларын, бригадалық оқытудың әртүрлі формаларын, дамытушы оқыту жүйелері және т.б. енеді. Байланысты қамтамасыз етіп, ақпарат берумен шектелмейтін және өзгелерге белгілі бір әсер ететін, олардың мінез-құлқының, іс-әрекетінің өзгеруін қамтамасыз ететін қарым-қатынастың қызметі ретінде интерактивтіліктің психологиялық мәнінен бастау ала отырып, біз интерактивтілікті оқу үрдісінде байланыстың интерактивтілігін ұйымдастырушы дидактикалық құралдардың белгілі бір қасиеті деп анықтаймыз.
Интерактивті және белсенді оқыту әдістерін салыстыру бұл әдістердің оқыту субъектілерінің «іс-әрекеттік тұрғысын», олардың өзбеттілігі мен шығармашылығын дамытуға бағытталғанын көрсетеді.
«Интерактив» сөзі ағылшынның “interact” сөзінен шыққан. «Inter» - бұл өзарa, «act» - әрекет ету деген мағынаны береді. Кейде интерактив сөзін кейбір әдебиеттерде интербелсенді деп жазады. Интерактивті сөзі бұл бір нәрсемен (мысалы, компьютермен) немесе біреумен (адаммен) әңгімелесу, диалог түрінде өзара әрекет етуге қабілеттілік дегенді білдіреді. Сондықтан интерактивті оқыту - диалогтық оқыту, оның барысында оқытушы мен студент арасында өзара тікелей әсер ету, қарым- қатынас жүзеге асырылады. Интерактивті оқыту түрі – кооперация мен бәсекелестік.
Интерактивтілік білім беру категориясы ретінде бір жағынан тұлғаның бағдарлы педагогика қажетсінетін және оқу мен ақпараттың өзара әрекетке (А.А.Бодалев, Е.Л.Мелибурд, К.Рудестам және т.б.) міндетті жағдай ретінде коммуникативті бағдарланған тұжырымдама ретінде негізделген. Екінші жағынан интерактивтіліктің қажеттілігі оқыту феноменінің мәнімен шартты (байланысты), оның міндеті мамандардың негізгі міндетті компоненті қарым-қатынас болып табылатын өнімді тұлғааралық өзара әрекетін қалыптастыруға, модельдік тәжірибесінің қалыптасуына жағдай жасау ретінде түсіндіріледі (В.П.Беспалько, И.П.Пидкасистый т.б.). Үшіншіден, «интерактивтілік» ұғымын педагогикалық анықтау субъективтік шындық ретінде қарастырылатын білім беру сүйенетін ақпарат, пәннің мәніне байланысты.
«Интерактивті өзара әрекет» тар мағынада бұл диалог, кең мағынада кез-келген субъектілердің олардың қолы жететін құралдар мен әдістерді қолдануымен жүретін полидиалогы. Мұндағы полидиалогта екі жақтың да белсенді қатысуы - сұрақтар мен жауаптармен алмасу, диалог барысын басқару, қабылданған шешімдерді орындауды бақылау. Оқытудың интерактивті формалары мен құралдарының бүгінгі білім беру үрдісінде қажеттігі «оқыту» феноменінің ғылыми категория және дидактикалық үрдіс ретінде болуымен байланысты.Оқытудың инновациялық технологиясы білім алушыны коммуникативтік үрдіске белсенді қатысуына даярлайды, инновациялық мәдениетке тартылуын, тұлғалық қабілетінің дамуына негізделген интерактивтік жылдамдығының дамуына көмектеседі. Бұл білім алушыны ақпаратты тұтас қабылдауына бағытталған, оның қабылдауын интеллектуальдық және эмоциональдық деңгейде жетілідіреді. ЖОО-ы жағдайында педагогикалық-психологиялық материалында инновациялық технологияны, интерактивті әдістерді жүзеге асыру оның тиімділігі мен гуманитарлық пән мен коммуникация құралы ретінде оқытуға сәйкестігін көрсетті.
Бүгінде педагогикалық оқыту үрдісінде интерактивті қарым-қатынасқа негізделген жеке әдістер бар. Олар «миға шабуыл», дөңгелек үстел, іскерлік ойын, т.б.
«Миға шабуыл» әдісі оқыту әдісі ретінде әлі де ЖОО-ң пратикасында қолданылып үлгерген жоқ. Бұл әдіс басқару жүйесінде, сонымен қатар ғылыми зерттеулер аймағында дамыды. Ол әсіресе, экономикалық басқару әрекеті менеджментте кеңінен қолданылады.
Миға шабуылдың алтын ережесі – қатысушылардың айтқан пікіріне күмән келтірмеу, сынамау, пікірлердің толық еркіндігі, тіпті әдепсіз болса да. Миға шабуыл бұл дұрыс шешімді іздеу мақсатында ғылыми зерттеуге бағытталады. Мұнда әртүрлі көзқарастар пайда болып, соның нәтижесінде белгілі бір шешім қабылданады, яғни белгілі бір мәселені талқылау арқылы қандай да бір жетістікке жетуге ұмтылады. Миға шабуыл әдісі білім алушыларды қандай да бір мәселені шешу қиын екендігін сендіру мақсатында қолданылады. Мысалы, экономикалық мәселе (жалақының шешілуі), педагогикалық мәселе (адамгершілік қазіргі жастардың бостандығы, тәрбиенің мақсатары аралығындағы қарама-қайшылық), әлеуметтану (саяси іс-әрекеттің рентингісін интерпритациялау), психология (психика дамуының заңы және білім беру мен тәрбиелеудің практикасы).
Миға шабуыл әдісі, жасөспірімдерге жүргізуде өте тиімді болып табылады. Негізінен бұл әдіс көмегімен білім алушылардың ой-өрісін кеңейтуге, шығармашылық ізденіске ұмтылуына көп септігін тигізеді.
Дөңгелек үстел әдісі – әдетте саяси және ғылыми бағытта ұйымдастырылады. Ой-пікірлердің алмасуынан олар белгілі бір қорытындыға келеді, яғни әр түрлі көзқарастарға сүйенеді. Әдетте бұл әдіс оқытуда теориялық білімді тереңдету мақсатында жүргізіліп және әртүрлі кәсіби маман ретінде ғылым аспектісі бойынша мәселелер қарастырылады. Мысалы, білім алушыларға психология бойынша «педагогтардың тұлғалық іс-әрекеті», т.б. секілді тақырыпта дөңгелек үстел әдісін жүргізуге болады. Дөңгелек үстел әдісінің басқа формалары да бар. Мысалы, студенттік оқу-әдістемелік конференциясы, мұнда жалпыға ортақ тақырып таңдалынып, талқыланады.
Іскерлік ойын әдісі – оқыту үрдісінде әр түрлі бағытта қолданылады. Ол оқытушының басқаруымен, білім алушылардың өзіндік ұйымдастырушылығымен, жоспарланған ойын сценарийі арқылы мақсатқа бағытталған негізде жүзеге асырылады. Көп жағдайларда іскерлік ойындарды басқарушы маман білім алушыларға қолданған тиімді. Мысалы, әскери оқуда оқитын студенттерге командир болу мақсатында жүргізілгенде. Бұл әдістің тиімділігі – білім алушылардың ақыл-ойын дамыту, танымдық белсенділігін қалыптастыру, кәсіби маман болуына шеберлікті дарыту болып саналады. Сонымен қатар білім алушы іскерлік ойында әр түрлі рөлдерге ене алады: педагог, әдіскер, білім беру департаменті, сараманшы студент, т.б. Ойын алдын-ала сценарий бойынша дайындалып, рөлдер бөлініп қояды.
Іскерлік ойын әдісінің оқытуда қолданылуы білім алушыларыің сол ситуациялық жағдайдан шығуына, өмірге шын көзқараспен қарау арқылы шығармашылық, кәсіби қабілеттерін шыңдай ала алады. Іскерлік ойынды өткізудің кезеңдері:
1 кезең. Педагог тақырыпты таңдауы, мақсат-міндеттерді белгілеп күтілетін нәтижені болжауы, құрылымын анықтау, сыныптағы ойынға қатысушылардың рөлдік қызметіндегі қасиеттерін ескеру, ойын ьарысындағы әсер етуші жағдайларды зерттеу.
2 кезең. Соңғы оқу материалын талдау, мәселені шешудің әдіс-тәсілдерін талдау тиімді әдістемені таңдап алу және оны ойша қолдануда шығармашылық өңдеу, сценарийді дайындау, рөлдерге бөлу.
3 кезең. Педагогтің білім алушыларды іскерлік ойынның сценарийімен, мақсатымен, мазмұнымен таныстыруы. Білім алушылардың рөлдік қызметтерін орындауы, педагогтің білім алушылардың ойын басқаруы, ойын барысының нәтижесін талдау, педагогтің қорытынды жасауы.
Қазіргі білім берудегі ең басты тапсырма – мамандардың әлемді шығармашылық тұрғыда меңгеру әдістемесімен көрінуі. Жоғарғы оқу орындарында дайындық маманды шығармашылық қабілетін құруда қажет болады:

  • проблеманы өз бетімен көру және оны құру;

  • болжамды дайындау;

  • мәліметтерді жинап оны талдау керек, әдістемені ұсынып, өңдеу керек,

  • алынған тәжірибиелерді тәжірибиеде қолдануда нәтижесін құруда қабілетті,

  • проблеманы түгелдей көру қабілеті, ол ұжымда жұмыста мәселені шешудегі жеке қатысуын анықтау.

Сонымен қоғам дамыған сайын оқу жүйесінің қайта құрылатындығы және соған орай оқытудың мазмұны, әдіс-тәсілдерінің де өзгеріп, жаңарып отыруы заңды үрдіс. Сондықтанда білім беруге инновациялық технологиялардың енуін үздіксіз үрдіс, күнделікті білім беру қызметінің компоненті ретінде қарастыру қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет