Лекция №1 Тақырыбы: Педагогика ғылым және оқу пәні ретінде. Лекция жоспары



бет32/72
Дата11.12.2023
өлшемі345,24 Kb.
#137472
түріЛекция
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   72
Байланысты:
педагогика оқыту әдіс лекциялар

Зертханалық жұмыстарстуденттердің теориялық-әдіснамалық білім мен дағдыларын біріктіруге бағытталған. Мысалы, эксперимент инженерлерді даярлауда өзектілікке ие. «Лаборатория» латын тілінен «labor» сөзін аударғанда – еңбек, жұмыс, қиындық дегенді береді. Оның мәні ежелден-ақ адам өмірінде болатын ғылыми және өмірлік міндеттерді шешу үшін ақыл-ой және дене күштерін пайдаланумен байланысты.
Оқу мамандығына орай зертханалық жұмыстар белгілі бір айқын спецификаға ие. Сондықтан әрбір нақты жағдайға түрлі әдістемелік нұсқаулар қажет.
Кез-келген практикалық сабақ формасының маңызды бөлігі жаттығулар болып табылады.Жаттығудың негізі – дәрісте берілген теория позициясынан талқыланатын мысал. Әдетте, нақты дағдыны қалыптастыруға басты назар аударылады. Бұл студенттер іс-әрекетінің мазмұнын (есеп шығару, графикалық жұмыстар, ғылымның ұғымдары мен категорияларын нақтылау) құрайды. Білім алушылармен жаттығуды орындау барысында ұғыну және түсіну қабілеттерін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлген жөн.
Оқыту формасы ретінде семинар сабақтары ежелден пайда болған. Семинар сөзі латынның «seminarium» – егу дегенді береді. Білімді «егуші» педагог өз білім алушыларына пікірін, білімін береді деп ауыспалы мағынада қолданылған. Ежелгі грек және римдік мектептерде семинарлар пікірталас, білім алушылардың баяндамасы, оқытушылардың қорытындысы түрінде қолданылған. XVII ғ. бастап оқытудың бұл формасы Батыс Европада, ал XIX ғ. ресейлік және қазақстандық оқу орындарында таралған. Семинар сабақтары практикалық сиптта болып келген, олар белгілі бір ғалымның мектебі болып саналған.
Бүгінгі колледждер мен ЖОО-да семинар гуманитарлық және техникалық ғылымдар бойынша практикалық сабақтардың негізгі түрі болып табылады. Бұл білім алушылардың ғылыми ойлауын дамыту құралы болып табылады. Семинар пәнді терең зерттеуге, ғылыми танымның әдіснамасын меңгеруге арналған.
Семинар сабақтарының басты мақсаты – білім алушыларға зерттелетін саланың ерекшеліктеріне сәйкес теориялық білімді қолданудың іскерлігі мен дағдыларын меңгеру мүмкіндігін беру. Семинарда мынадай педагогикалық міндеттер шешіледі:
- кәсіби шығармашылық ойды дамыту;
- танымдық мотивация;
- оқу жағдайларында білімді кәсіби қолдану: а) сәйкесінше ғылымның тілін меңгеру; ә) түсініктерді, ұғымдарды, анықтамаларды қолдану дағдылары; б) интеллектуалды проблемалар мен міндеттерді қою және шешу, өз пікірін қорғау, басқа пікірді жоққа шығару іскерліктері мен дағдыларын меңгеру.
Сонымен бірге оқытушы семинар барысында мынадай жеке міндеттерді де шешеді:
- білімді қайталау және бекіту;
- бақылау;
- педагогикалық қарым-қатынас.
Колледждер мен ЖОО-ғы семинарлар үш бағытта қолданылады:
1. Белгілі бір курсты терең зерттеу мақсатында өткізілетін семинар.
2. Курстың маңызды тақырыптарын не бір күрделі әдіснамалық сипаттағы тақырыптың жан-жақты өңдеу үшін өткізілетін семинар.
3. Ғылымның жеке проблемаларын терең зерттеу мақсатында нақты тақырып бойынша зерттеушілік типіндегі семинар.
Қазіргі колледждер мен ЖОО-ғы семинар сабақтарының үш типі бар: просеминар, кәдімгі семинар, арнайы семинар.
Просеминар – семинарға дайындау үшін бірінші курста өткізілетін сабақ. Мақсаты – білім алушыларды өздік жұмыстың ерекшелігімен, әдебиет тізімімен, негізгі ақпарат көздерімен, жұмыс жасау әдістемесімен таныстыру. Тәжірибе көрсеткендей, бірінші курс білім алушылары ақпарат көздерімен жұмыс жасауды біле бермейді, әдебиеттер тізімінен қажеттісін таңдап ала алмайды. Сондықтан әдебиетпен жұмыс жасау дағдысын дамытуға, материалды шығармашылықпен өңдеуге ерекше назар аударған жөн.
Просеминарда жұмыс жасаудың екінші кезеңі – белгілі бір тақырыптарға реферат даярлау, оны оқу және талқылау, қорытындылау. Маңызды оқу және тәрбиелік міндеттер 2-3 курстарда және әсіресе 4 курстардағы арнайы семинарларда шешіледі.
Арнайы семинар.
Жоғары курстардағы семинар білім алушыларды арнайы семинарға біртіндеп даярлайды. Арнайы семинар – бұл зерттеушілерге арналған белгілі бір ғылыми проблема бойынша пікір алмасу мектебі болып табылады. Арнайы семинардың нәтижелілігі оның жетекшісіне байланысты. Беделді маман жетекшілік жасайтын арнайы семинар ғылыми оқу орынының сипатына иеленеді, білім алушыларды ұжымдық ойлауға және шығармашылыққа үйретеді. Семинар сабақтарында талқыланатын мәселелер:

  • курстың негізгі тақырыптары, оларды меңгеру кәсіби дайндықтың сапасын анықтайды;

  • түсіну және меңгеруде қиын болатын сұрақтар.

Оларды әрбір білім алушылардың қатысуын қамтамасыз ететін ұжымдық жұмыста талқылаған жөн.
Семинар – қатысушылардың өзара әрекеттесуі және қарым-қатынасы. Семинар сабақтарының формалары: а) алдын-ала белгіленген жоспар бойынша әңгіме; б) білім алушылардың шағын баяндамалары, кейін оны семинарға қатысушылар талқылайды. Семинар – бұл білім алушылармен тікелей байланыс, сенімді қарым-қатынас орнату, педагогикалық қарым-қатынас. Семинар сабақтарында біріккен шығармашылық, біріккен іс-әрекет ұстанымы жүзеге асырылады.
Семинар сабағының дәстүрлі ұйымдастырылуы төмендегідей формаларда болуы мүмкін:
1. Топтық форма. Оқытушы тұтас топпен әрекеттеседі. Бұнда оқытушы қарым-қатынастың топтық тәсілін сақтайды. Кемшіліктері:

  • жауап беретін білім алушы жеке білімін көрсететін болғандықтан, бұнда қарым-қатынас жоққа жақын.

  • ынтымақтастық пен өзара көмек жоқ. Жауап беріп тұрған білім алушыға көмектесу тәртіп бұзушылық, тыйым салынған тәсіл ретінде қабылданады.

  • оқу әрекетіне білім алушылардың тұлғалық қатысуы жоқ.

  • білім алушылардың интеллектуалдық белсенділігіне кедергі келтіреді.

  • оқытушы мен білім алушы арасындағы қашықтық қарым-қатынасқа, өзара әрекеттесуге тосқауыл болып табылады.

  • білім алушыларға үндемей отыру, семинарға қатыспай басқа жұмыспен айналысу мүмкіндігі беріледі.

Семинарды ұйымдастырудың мұндай формасы білім алушыларды енжар позицияға қояды, олардың сөйлеу белсенділігі барынша төмен дәрежеде болады. Кәсіби қарым-қатынас жасау және әрекеттесу дағдыларын қалыптастыру мүмкіндігі жоқ. Осылайша, сабақтағы топтық оқыту формасы ұжымда, өндірісте адамдар қарым-қатынасының тиімді моделіне жатпайды, бүгінгі таңда мамандарды даярлау қажеттілігін қанағаттандырмайды.
Тиімді форманы іздестіру нәтижесінде «дөңгелек үстел» принципіне негізделген семинар сабағының ұжымдық формасына әкелді:
2. Дөңгелек үстел. Бұл форма қазіргі өндірістегі кәсіби қарым-қатынастың ерекшеліктерін көрсетеді. Бұндай семинарда ынтымақтастықпен жұмыстану және өзара көмекке келу жүзеге асырылады. Әрбір білім алушының интеллектуалдық белсенділікке құқығы бар, семинардың жалпы мақсатына бағытталған, ұжымдық шешім қабылдау және қорытындылар жасауға қатысады. Біріккен жұмыста білім алушы белсенді позицияға иеленеді. «Дөңгелек үстел» принципі, әсіресе пікірталас-семинарда толлық сақталады.
3. Пікірталас-семинар – курстың теориялық және практикалық проблемалары біріккен жұмыс арқылы талқыланып, шешілетін қатысушылардың диалогтық қарым-қатынасы. Талқылауға курстың ең өзекті деген мәселелері шығарылады. Пікірталаста әрбір қатысушы баяндамасында өз пікірін нақты білдіруі, қорғауы, дәйекті түрде қарсы шығуы, қате пікірді жоққа шығара білуі тиіс. Нәтижелі пікірталас болуы үшін білім алушылардың дәріс және өздік жұмысы барысында жинақталған жеке білімі қажет.
Білім алушыларды қарым-қатынас және өзара әрекеттесу мәдениетіне үйрету өте маңызды. Пікірталас-семинардың бөлігі ретінде «миға шабуыл», «іскерлік ойын» әдістерінің элементтерін қолдануға болады. Бірінші жағдайда семинарға қатысушылар мүмкіндігінше көп идеяларды ешқандай сынсыз ұсынады, содан кейін оның ішінен ең маңыздылары таңдалып, талқыланады, шешіледі. Екінші әдісте семинар рольдік құралдар көмегімен ұйымдастырылады. Бұнда материалдың мазмұнына байланысты жүргізуші, қарсылас, сыншы, логик, психолог, сарапшы және т.б. рольдерді ажыратуға болады.
Пікірталас-семинарды жүргізуші пікрталасқа жетекшілік жасайды, уақытты бақылайды, айтылатын баяндамалардың дәйектілігін, орындылығын тексеріп отырады.
Қарсылас немесе сыншы оппозиция ролін атқарады, яғни баяндамашы позициясының осал, таласты тұстарын немесе қателерін тауып, проблеманы шешудің басқа жолдарын ұсынады.
Логик баяндамашы және қарсыластың сөздерінен қарама-қайшылықтар мен логикалық қателерді анықтайды, ұғымдарды нақтылайды, талдайды.
Психолог талқылаудың нәтижелілігін, әдептілігін талқылайды, диалогережелерінің сақталуын бақылайды.
Сарапшы пікірталастың нәтижелілігін бағалайды, қатысушылардың қарым-қатынастарына сипаттама береді, пікірталасқа қатысушылардың қосқан жеке үлестері жөнінде пікір айтады.
Пікірталас-семинарда оқытушының ролі ерекше:
1. Талқыланатын проблемалар мен сұрақтар аясын белгілеу.
2. Семинар тақырыбы бойынша баяндамашылар мен қатысушыларға арналған негізгі және қосымша әдебиеттер тізімін жасау.
3. Білім алушылардың ұжымдық жұмысқа қатысу формаларын және функцияларын белгілеу.
4. Білім алушыларды таңдап алған рольдеріне даярлау.
5. Семинар жұмысын басқару.
6. Пікірталасты жалпы қорытындылау.
Семинар сабақтарының ерекше формасы бар: әдетте, арнайы курстың оқылуы барысында пайдаланылатын зерттеу-семинары. Зерттеу-семинарының басында білім алушылар оқытушының ұсынысымен 7-9 адамнан тұратын шағын топтар құрайды. Шағын топтар сабақтың тақырыбы бойынша проблемалық сұрақтар тізімін жасалады. 5-15 минут ішінде білім алушылар пікір алмасады, сөз сөйлеуге даярланады. Топша баяндама білім алушыны белгілейді. Басқа білім алушылар оқытушы не басқа топтың білім алушылары қоятын сұрақтарға жауап береді. Сабақтың соңында оқытушы қорытынды жасап, білім алушылардың жұмысын бағалайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет