Білім берудегі диагностиканың міндеттері: • білім алушылардың даму барысына және нәтижелеріне талдау жасау (білім алуға әзірлігі, психикасының қызметі, дамуы);
• оқыту үрдісінің барысын және нәтижелерін талдау (білімнің көлемі және тереңдігі, білім, іскерлік, дағдыларды қолдана білуі, ой жұмысының негізгі тәсілдерінің болуы, шығармашылық іс-әрекет тәсілдерін білу);
• тәрбие барысын және оның нәтижелерін талдау (тәрбиелік деңгейін, адамгершілікке сенімін, адамгершілігін).
Диагностика нәтиже мен процесті бірге зерттейді. Білім алушының еңбегі Педагогтің еңбегімен бірге талданып, білім алушының мүмкіндігі, қабілеті және икемділігі зерттеледі. Педагогтің жұмысына ықпал еткен жағдайлар ескеріледі. Тексеру білім алушының «оқығым келмейді» деген пікірімен санаспайды. Ал диагностика онымен санасады, білім алушының оқуға ынтасын арттыру тәсілдерін табады.
Диагностика арқылы білім алушылардың білім, іскерліктері тексеріліп бағаланады, сандық мәліметтер талданады, бағыттар айқындалып, одан арғы жұмыстар болжанады. Диагностика үшін көптеген әдістер және әдістемелер қолданылады. Мысалы, дәстүрлі тексеру, бағалау әдістерімен қатар тест әдісі, білім алушылардың оқуға керекті психикалық сапаларын, атап айтсақ, есті, зейінді, ақыл-ойды, т.б. зерттеу, жеке білім алушылармен жұмысты жобілім алушыу әдісі қолданылады. Қазіргі мектепте қолданылатын диагностика педагогикалық қатынастар жүйесіндегі білім алушыны (сыныпты) жан-жақты зерттеуге мүмкіндік беретін әдістер мен әдістемелердің жиынтығы.
Жоғарғы оқу орнындағы бақылау жүйесін емтихандар, сынақтар, ауызша жауаптар (әңгімелесу), жазбаша бақылау, реферат, коллоквиум, семинарлар, курстық жұмыстар, лабораториялық бақылау жұмыстары, жобалар, күнделік жазбалары, бақылау журналдары құрайды.
Ауызша бақылау барысында тек білім тексеріліп қоймайды, сонымен қатар, ауышза сөйлеуге жаттығады, педагогикалық қарым-қатынас дамытылады. Жазбаша жұмыстар материалдың меңгерілу деңгейін құжат түрінде көрсетуге мүмкіндік береді, бірақ оны өткізуге көп уақыт жұмсалады.
Емтихан студенттердің психикасына қосымша әсер етеді. Курстық және дипломдық жұмыстар болашақ маманның шығармашылық тұлғасын қалыптастыруға жағдай жасайды. Бақылау түрлерін үйлесімді біріктіру – ЖОО-дағы оқу процесін ұйымдастырылу деңгейінің көрсеткіші және оқытушының педагогикалық біліктілігінің маңызды көрсеткіші.
Уақыты бойынша педагогикалық бақылау ағымдық, тақырыптық, аралық, қорытынды, соңғы болып бөлінеді. Ағымдық бақылау студенттерді үлгерімі төмен және үлгерімі жоғары деп ажыратуға мүмкіндік береді, оқу мотивациясын тудырады (сұрау, бақылау, тапсырмалар, өзін-өзі бақылау мәліметтерін тексеру). Тақырыптық бақылау – бағдарламаның нақты тақырыбын және тарауының нәтижелерін бағалау. Аралық бақылау – оқу материалының бір бөлігінен келесі сатысына өту үшін әрбір студенттің оқу жетістіктерін тексеру. Қорытынды бақылау – курс бойынша емтихан. Өтілген пәнді оқудың нәтижесі, бұнда студенттің әрі қарай оқуға қабілеті анықталады. Соңғы бақылау – мемлекеттік бақылау, дипломдық жұмысты немесе жобаны қорғау, Мемлекеттік емтихан комиссиясының біліктілік беруі.
Бағалау және баға өткізілген педагогикалық бақылаудың нәтижелері болып табылады. Бағалау – студенттердің білімі, іскерлігі, дағдысының оқытудың мақсаты мен міндеттеріне сәйкесітігін/сәйкессіздігін бекітетін тәсіл және нәтиже. Ол үлгермеушіліктің себептерін анықтау, оқу әрекетін ұйымдастыру мүмкіндіктерін береді. Оқытушы жауаптағы қателердің себептерін анықтайды, студентке қайта тапсыру, қайта қарау үшін не нәрсеге көңіл аударатынын көрсетеді.
Баға – бағалаудың сандық аналогы. Білімді бағалауда мына ұсыныстардан шығу керек:
«Өте жақсы» берілген көлемдегі материалды нақты және берік білген жағдайда қойылады. Жазбаша жұмыста қате болмауы тиіс. ауызша сұрау кезінде студенттің сөзі қисынды негізделген және грамматикалық қатесіз болуы тиіс.
«Жақсы» елеусіз қателіктер, дәлсіздіктер (екі-үштен артық емес) барында пәнді берік білгені үшін қойылады.
«Қанағаттанарлық» - елеулі қателіктері бар пәндік білім үшін қойылады, бірақ ол қателер әрі қарай оқуды жалғастыруға кедергі болмауы тиіс.
«Қанағаттанарлықсыз» - ауызша жауабында немесе жазба жұмысында көп қателер жіберетін болса, пәнді білмесе қойылады.
Бұнда шкаланың артықшылығы – оның қарапайымдылығы, сондықтан ол кең таралған. Кемшіліктері: 1) оқытушы студенттің үлгерімін жеке түсінеді. Бұнда оқытушының субъективтілігі, ағымдық үлгерімге реакциясы, студенттің сабаққа қатысуы, іс-әрекеті, сыртқы түрі, өзін-өзі ұстауы, киім киісі және сөйлеуі әсер етеді. Бірақ сабаққа келмей-ақ жаттап алуға, конспект жазбай-ақ өте жақсы жауап беруге болмайды ма?! 2) әлсіз саралау қабілеті. Бұл жүйе (бес баллдық жүйе деп аталғанмен, төрт бағалау категориялары қолданылады) тек төрт топқа жіктеуге мүмкіндік береді.
Білімді бағалау мәселесі өзектілікке ие. Көптеген оқытушылар бес баллдық жүйеге " + " немесе "-" белгісін қосып, нәтижесінде 10 баллдық жүйе алады. Мысалы:
1 – пәндік білімі жоқ,
2 - өте нашар білім,
3 (2-)– нашар білім,
4 (2+) – қанағаттанарлықсыз білім,
5 (3-) – аз қанағаттанарлық білім,
6 (3+) - қанағаттанарлық білім,
7 (4-) – жеткіліксіз деңгейдегі жақсы білім,
8 (4+) - жақсы білім,
9 (5-) - өте жақсы білім,
10 (5+) - өте, өте жақсы білім
Кредиттік білім беру жағдайында, білімді бағалау 100 балдық жүйеде жүріп, бағалау саясатына байланысты мәліметтер силлабустың арнайы бөлімінде көрсетіледі.
Әдетте силлабуста келесі мәліметтер көрсетіледі:
барлық жұмыс түрлерін бағалау ережесі (максималды балл, айыптық және көтермелеу балдары);
қорытынды (емтихан) бағасын қою критериялары және аппеляция ережесі;