Лекция №1 Тақырыбы: Педагогика ғылым және оқу пәні ретінде. Лекция жоспары



бет41/72
Дата11.12.2023
өлшемі345,24 Kb.
#137472
түріЛекция
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   72
Байланысты:
педагогика оқыту әдіс лекциялар

Бағалау саясаты
Бағалау саясаты келесі принциптерге негізделу керек: шынайлық, әділдік, айқындылық, икемділік, жоғары дифференциация.
Қорытынды бағалауға рейтингтік бақылау және емтихан кіреді.
Қорытынды бағалау мен рейтингті бақылау.
Семестрдің 7(8) аптасында (1-7 апта нәтижесі бойынша) және 15 аптада (8-15 апта нәтижесі бойынша) оқытушы 100 балдық шкала бойынша рейтингті бақылау нәтижелерін шығарады және оқытушы өткізген рейтингке қойылатын баға, ағымды, аралық бақылау балдарының сомасын көрсетеді.
Қорытынды баға мына формула бойынша есептеледі
U = [(P1 +P2) / 2] * 0,6 + E * 0,4
P1 - бірінші рейтингті бағалаудың цифрлік эквиваленті
P2 - екінші рейтингті бағалаудың цифрлік эквиваленті
Е – емтихандағы бағалаудың цифрлік эквиваленті
Яғни 30% (1 рейтинг) + 30% (2 рейтинг) + 40% (емтихан).
Семестр барысында екі аралық бақылау жүргізіледі 7(8) және 15 апталарда.
Аралық бақылаулар бойынша студенттің максималды үлгерім көрсеткіші 60% құрайды. Семестр аяғында оқу пәні бойынша қорытынды аттестациялау – емтихан өткізіледі (максималды көрсеткіші - 40%). Пән бойынша қорытынды емтихан бағасы аралық бақылаулар және қорытынды аттестациялаудың максималды көрсеткіштер сомасы ретінде анықталады. Қорытынды емтихан пәннің негізгі теориялық және практикалық материалдарын қамтитын нұсқауларға бөлінген тест тапсырмалары түрінде өтеді. Әріптік бағалау және оның балдардағы цифрлік эквиваленті дұрыс жауаптардың пайыздық көрсеткіші бойынша анықталады (кесте бойынша)

Студенттердің білімі келесі кесте бойынша бағаланады:





Бағалау

Бағаның әріптік баламасы

Бағаның сандық баламасы

Бағаның проценттік баламасы

Бағалаудың дәстүрлі жүйесі

A

4,0

95-100

өте жақсы

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

жақсы

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

қанағаттанарлық

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

қанағаттанарлықсыз

Кредиттік оқыту жүйесіндегі студенттердің білім деңгейін бағалаудағы бұл жүйенің тағы да бір жаңа ерекшелігі, ол білім жүйесін демократияландырудың көрсеткіші ретінде енгізілген апелляция өткізу ережесі. Ол мына ереже бойынша өткізіледі:


Апелляция – студент өтініші бойынша білімін бағалауда орын алған кемшіліктерді жою мақсатымен өткізілетін рәсім.
Апелляция төмендегідей жағдайларда өткізіледі:

  • емтихан билеті немесе тест сұрақтары дұрыс құрастырылмаған жағдайда;

  • тест сұрақтарының жауабы дұрыс болмаған жағдайда;

  • тест сұрақтарының бірнеше дұрыс жауабы болған жағдайда;

  • емтихан билеті немесе тест сұрақтары оқу бағдарламасынан тыс берілген жағдайда;

  • студент білімін бағалауда тьютор тарапынан әділетсіздік болған жағдайда;

  • апелляция емтихан өткізілген күннен соң келесі күні өткізіледі;

  • апелляция төмендегідей регламент бойынша жүзеге асырылады:

  • студент факультет деканының атына жазған өтінішінде апелляцияға беріп отырған пәнді және ондағы келіспейтін мәселелерін толық көрсетуі керек;

  • офис-регистратор студент өтінішін апелляция өткізу журналына тіркейді;

  • КТО мен тьютор берген жауап парағы қоса тіркеледі;

  • факультеттің офис-регистраторы студент өтінішін қарап, апелляцияға өткізу мерзімін белгілейді;

  • апелляциялық комиссия құрамына қызметтік лауазымы бойынша факультет деканы немесе офис-регистраторының кіруге құқығы бар;

  • апелляциялық комиссия мәжілісі хаттама арқылы рәсімделеді;

  • студенттің апелляция нәтижесінде алған бағасы апелляция қорытындысымен ведомостына енгізіледі;

  • студенттің рейтингісін анықтауда апелляция қорытындысы нәтижесінде баға есептелінеді.

Бұл ереженің тиімділігі мынада: біріншіден, студенттерге өз мүмкіндіктері мен сенімділігін көрсетуге жағдай жасайды; екіншіден, өз ойларын дәлелдеуге, өз пікірлерін ашық айтуларына мүмкіндік беріледі; үшіншіден, апелляцияға дайындалу студенттерден өздігінен үлкен шығармашылық дайындықты талап етеді; төртіншіден, апелляциядан өз пікірін дәлелдеп шыққан жағдайда, студенттің білім траекториясындағы өзіне деген сенімділігін арттыра түседі.
Оқу үрдісінде тестілеу негізінен білім сапасын анықтау мақсатында қолданылады. Тестілеудің екі түрі бар: ғылыми; күнделікті, практикалық (оқу процесінде қолданылатын).
1960 ж. дейін тестілеу оқушыларды қабілеттеріне орай саралау құралы болып саналса, 1960 ж. кейін критерийалдық саралауға бағыттала бастады. Тестілер гомогенді (бір пән бойынша) және гетерогенді (білім жиынтығы тексеріледі) болуы мүмкін. Тестілеу жүйелі түрде өтуі керек: студенттің ЖОО-на түскенінен бастап, ЖОО-нын аяқтаған уақытқа шейін. Бұл өзінің қаржыландыру және штат құрамы бар жүйе. Тестілеу бойынша мамандар өте аз. Ғылыми және әдістемелік әдебиеттердің барлығы ағылшын тілінде. Батыста тестілік бақылаудың даму деңгейі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым –ның рейтингісі жоғары болады. Нидерланды тестілеудің орталығы болып саналады. Содан кейін Жапония, Австралия, АҚШ тұр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет