Лекция №1 Тақырыбы: Педагогика ғылым және оқу пәні ретінде. Лекция жоспары


Лекция № 12 Тақырыбы: «Білім беру жүйелерін басқару» бөлімін оқыту әдістемесі



бет49/72
Дата11.12.2023
өлшемі345,24 Kb.
#137472
түріЛекция
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   72
Байланысты:
педагогика оқыту әдіс лекциялар

Лекция № 12


Тақырыбы: «Білім беру жүйелерін басқару» бөлімін оқыту әдістемесі
Лекция жоспары:
1 «Білім беру жүйелерін басқару» бөлімін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері
2 Мектеп педагогикалық жүйе және ғылыми басқару нысаны ретінде.
3 Мектеп басшысының басқарушылық мәдениеті.


Лекция мақсаты: Білім беру жүйелерін басқару ретіндегі оқыту үдерісін басқарудың міндеттерін мен мақсаттарын айқындау, талдау білім беру мазмұнын меңгерту.


Лекция мазмұны:
Білім беру мекемелерінде оқу үдерісін ұйымдастыру жоғары оқу орындарының іс-әрекетін ұйымдастырудың Типтік ережелері мен мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына негізделіп жасалады және мамандықтың оқу жоспарымен, сабақ кестесімен реттеледі.
Педагогика ғылымында мектепті басқару – бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Ол жайлы ғалым-педагог Н.Д.Хмель өзінің зерттеулерінде: «педагогикалық процесті басқару дегеніміз әлеуметтік жүйені басқару» -деп көрсеткен.
Қазiргi заман мектебi – күрделi де кіріктірілген жүйе, ол оқушылардың, оларды оқытып, тәрбиелейтiн мұғалiмдердiң, мектеп әкiмшiлiгiнiң (директоры, оның оқу және тәрбие жұмысы бойынша орынбасарлары), оқу-тәрбиелiк және қызмет көрсететiн адамдардың іс-әрекетiнен, мектеп алдында тұрған жалпы мiндеттердi шешуге белгiлi бiр жағдай жасайтын материалдық базадан тұрады. Сонымен қатар, мектеп дегенiмiз –мұғалiмдер мен онда қызмет ететiн адамдар ұжымы, олар бiлiм беру жүйесiн мемлекеттiк тұрғыдан басқарудың объектiлерi болып табылады.
Қазiргi мектептi өзара байланысы бар, iшкi құрылымы және социуммен белгiленетін тұтас әлуметтiк-педагогикалық жүйе ретiнде қарастыру керек. Ол өзара тығыз байланысты екi жүйеден тұрады: басқарушы және басқарылушы. Бұл қазiргi кез-келген оқу-бiлiм беру мекемесiнiң алдына өмiрдiң өзi қойып отырған мiндеттердi жүзеге асыру бойынша барлық жұмыстың басты ұйымдастырушысы ретiндегi мектеп директорының тiкелей басқару іс-әрекетiнде көрiну керек. Мектеп басшылығы мен мұғалiмдерден тұратын басқару жүйесi жетекшi болып келедi. Басқарылушы кiшi жүйеге оқушылар мен олардың ұйымдары жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет