Мектептi басқару теориясының объектiсi –оның барлық құрамды элементтерiмен алынған процес болып табылады. Практиканың объектiсi – мектептiң әртүрлi құрылымдық топтары (ұжым, сынып, жеке субъект).
Практикалық басқару іс-әрекетiнiң құралдары – басқару әдiстерi. Басқарудағы ғылыми іс-әрекеттiң құралдары – ғылымның нақты бiр объектiсiн зерттеуде қолданылатын жолдар, тәсiлдер, амалдар: мектептердi басқару бойынша бiлiм беру мекемелерінің жұмыс тәжiрибесiн қортындылап талдау, ғылыми болжамдар жасау, оларды эксперименталды тексеру және т.б.
Мектепті педагогикалық басқарудың құрылымы Мектеп директоры оқу-тәрбие жұмысы мен сапасы үшiн арнайы жауапкершiлiк атқарады. Оның мiндеттерiне кіретіндер:
- кадрларды дұрыс таңдау мен орналастыру, мектептiң педагогикалық ұжымына басшылық ету, мұғалiмдердiң кәсiби, ғылыми-теориялық және психологиялық-педагогикалық деңгейiн көтеруге жағдай жасау, олардың педагогикалық шығармашылығына жол ашу және оқыту мен тәрбиенiң озат педагогикалық тәжiрибесiн енгiзу;
- оқу-тәрбие процесiнiң барысын, оқушылар бiлiмiнiң сапасы мен жеке тұлға ретiнде дамуын, сыныптан тыс жұмыстың мазмұны мен ұйымдастыруын бақылау;
- оқушылардың кәсiби бағыты бойынша тәрбиелiк жұмысты ұйымдастыру және оларға өмiрде өз жолын табуға кеңес беру;
- оқушылардың өзiн өзi басқару органдарына практикалық көмек көрсету және оның іс-әрекетiн белсендiру, мектептегi оқу-тәрбие жұмысын жетiлдiру бойынша мұғалiмдер мен оқушылардың қоғамдық ұйымдарымен iскерлiк ынтымақтастық қатынас жасау;
- Еңбек туралы Заңға, мектептiң iшкi тәртiп ережелерi мен жарғысына сәйкес мектеп қызметкерлерiнiң мiндеттерiн анықтау мен нақтыландыру;
- ата-аналар қоғамдастығы ұйымдарының жұмысын ұйымдастыру мен оларға басшылық жасау; Сонымен, педагогикалық басқаруды ұйымдастыру - ол мемлекеттiк және қоғамдық ұйымдар жүйесi, ұжымдар мен жеке адамдар, сондай-ақ жалпы бiлiм беретiн мектептер жүзеге асыратын педагогикалық жүйені басқару, өсiп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу, оқыту және дамыту.