Лекция №1 Тақырыбы: Педагогика ғылым және оқу пәні ретінде. Лекция жоспары



бет10/72
Дата11.12.2023
өлшемі345,24 Kb.
#137472
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   72
Байланысты:
педагогика оқыту әдіс лекциялар

Өнегелі педагог тұлғасы (Авторы И.П.Подласый)





МАМАН ҚЫЗМЕТКЕР АДАМ
педагогикалық мақсат қоя білуі; қоғамдық өмірге
теорияны меңгеруі; уақытты жұмсау белсене араласуы;
психологияны білуі; шеберлігі; өмірге деген
оқыту мен тәрбиенің мамандығын жүйелі көзқарасы;
жаңа технологияларын түрде дамыту; өнегелілік;
меңгеруі; еңбек өнімділігін патриотизм;
еңбекті тиімді арттыруға мемлекет
ұйымдастыра білуі; бағытталуы; заңдарын
өз жұмысына шығармашылық құрметтеуі;
деген сүйіспеншілігі; қабілеттілігі; мықты денсаулық;
педагогикалық жан-жақты салауатты өмір
қабілеттері; білімділігі; салтын ұстануы;
жалпы эрудициясы; саналы оптимизм; адамгершілік
шыдамдылық; орташа скептицизм; қасиеттері;
тапқырлық; ұжыммен жұмыс рухани байлығы;
ұстамдылық; жасау шеберлігі; дінге сену, сенбеуі
жылдамдық; табандылық; өзінің іс-әрекетіне
жомарттық; тапқырлық; сыни көзқарасы.
эмоциональды тәртіптілік;
тұрақтылық; жауапкершілік;
балаларды белсенділік;
түсіне білуі; ситуацияларда тез
балалармен шешім қабылдауы.
жұмыс жасауға
ықыласы;
ойдың тазалығы;
талап қоя білуі;
өзін-өзі ұстай білуі;
шыншылдық;
ұйымдастыру қабілеттері;


Педагогикалық қызмет – бұл тәрбиешінің тәрбиеленушіге жасайтын тәрбиелік және оқыту ықпалы. Бұл оның тұлғалық, интеллектуалды және дене дамуына бағытталады. Педагогикалық қызмет әлеуметтік қызметтің ерекше түрі болып табылады. Ол адамзаттың мәдениеті мен тәжірибесін жас ұрпаққа беруге, олардың тұлғалық бағытын белгілеуге және қоғамдық өмірде өз орнын анықтауға бағытталған.
Педагогикалық қызметтің компоненттеріне сипаттама
Төмендегі сөйлемдерді аяқтаңыз:.
Педагогикалық қызметтің құрылымдық компоненттері:

  • қызметтің мақсат.

  • қызметтің субъектісі (мұғалім)…

  • қызметтің объектісі және субъектісі (оқушы)…

  • қызметтің мазмұны…

  • қызметтің әдістері…

  • қызметтің нәтижесі…

Педагогикалық қызметтің мақсаты – тұлғаны жан-жақты және үйлесімді тәрбиелеу.
Педагогикалық қызметтің мазмұны – оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастыру үрдісі.
Педагогикалық қызметтің құралдары – ғылыми білім, оқулықтар мен оқу бағдарламалары, әдістемелік құралдар, компьютерлік, графикалық және техникалық құралдар.
Педагогикалық қызметтің әдістері – сөздік, көрнекілік, тәжірибелік әдістер тобы.
Педагогикалық қызметтің нәтижесі – оқушы тұлғасының интеллектуалдық, дене дамуы және оның қоғамда бағалануы.
Лектордың сөзі:
Н.В.Кузьмина, В.А.Сластенин, А.Н.Щербаков мұғалім қызметінің төмендегідей функцияларын белгілейді (Слайд 2):

  1. Диагностикалық – оқушылардың мінез-құлық ерекшеліктерін, даму деңгейін, тәрбиелік дәрежесін зерттеу.

  2. Болжаушы – тәрбиелік іс-әрекеттің мақсаты, міндеттері, бағыты, нәтижесі және жоспарының белгіленуі.

  3. Құрылымдық-жобалау – жоспардың мазмұныны, мүмкін болатын нәтижесін жоболау, құру.

  4. Ұйымдастыру – оқушыларды оқу-тәрбие жұмысына енгізу, олардың белсенділігн арттыру және ынталандыру.

  5. Ақпаратты-түсіндірмелі – оқу материалдарын түрлі жолдармен ұсыну, оқушылардың дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыру.

  6. Коммуникативті- ынталандыру – мұғалімнің жеке бас ерекшеліктері, адамгершілік мәдениеті, рухани байлығы және қарым-қатынас орната білуі.

  7. Талдау-бағалау – оқу-тәрбие үрдісінің барысын талдау, нәтижесіне баға беру, кемшіліктері мен ауытқушылықтарын анықтау, түзету, жою.

  8. Зерттеу-шығармашылық – оқу-тәрбие үрдісінде түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана білуі, белгілі педагогикалық мәселені зерттеумен айналасуы, оның шығармашылық қасиеттерінің дамытылуы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет