Лекция №1 Тақырыбы: Педагогика ғылым және оқу пәні ретінде. Лекция жоспары


Лекция № 2 Тақырыбы: Арнайы орта оқу орындары оқытушысының кәсіби қызметінің негізгі түрлері



бет7/72
Дата11.12.2023
өлшемі345,24 Kb.
#137472
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   72
Байланысты:
педагогика оқыту әдіс лекциялар

Лекция № 2


Тақырыбы: Арнайы орта оқу орындары оқытушысының кәсіби қызметінің негізгі түрлері


Лекция жоспары:
1.Заманауи педагогикаға қойылатын талаптар.
2.Педагогика мәдениеті, педагогтың кәсіби құзыреттілігі.
3.Оқытушының маңызды кәсіби қызметтері.


Лекция мақсаты: Арнайы орта оқу орындары оқытушысының кәсіби қызметінің негізгі түрлерін талдау, студентерді кәсіби қызметке баулу.


Лекция мазмұны: 1.Педагогикалық шеберлік – тек қана мұғалімнің жалпы, жан – жақты және әдістемелік сауаттылығы ғана емес, ол – әр сөзді оқушылырға жеткізе білу, олардың толық қабыл алуы. Ұстаздық шеберлік: 1) мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымды, моральды бойына сіңірген адам екендігі; 2) пәнді жетік білген, ойын толық жеткізетін және оқушылардың бойында әдеп, әдет, дағды сияқты моральдық нормаларды сіңіре білгендігі; 3) оқыту мен тәрбиелеудің әдіс–тәсілдерін меңгерген, білгенін қызықты да, тартымды өткізе алатын, педагогикалық әдеп пен талантын ұштастырған адам ғана шеберлікке ие болады. Педагогикалық шеберлікте педагогикалық техника деп аталатын мәселеге мән беріледі. Мұғалім әр сөзін дұрыс сөйлеп, нық айтуы тиіс, оның жүріс – тұрысы, қозғалысы, отырып – тұруы оқушыларға ерсі болмайтындай дәрежеде болуы керек. Педагогикалық шеберліктің негізі – балалардың өз еркімен дамуына жол ашу, оқу–тәрбие процесінде оқушылармен педагогикалық ынтымақтастықтар жұмыс атқарудың формаларын, әдістерін дамыту, шәкіртке деген қамқорлық пен сүйіспеншілікті арттыру педагогикалық шеберліктерінің басты сипаты болып табылады.Болашақ ұстаздың педагогикалық мамандыққа өзін-өзі бағыттап, жұмысты ұйымдастыруы педагогикалық шеберлік негіздерін білумен шарттас. Бұл саланы зерттеуші ғалымдардың пікірінше педагогикалық шеберлік мынадай жүйелерге бөлінеді: педагогикалық іс–әрекеттегі гуманистік бағыттылығы;педагогикалық кәсіби білгірлігі;педагогикалық іс-әрекеттеке бейімділігі; педагогикалық техникасы.Бұл аталған педагогикалық шеберлік жүйелері бір-бірімен тығыз байланыста жүзеге асады.Зерттеу жүргізген ғалымдардың пікірінше, педагогикалық шеберлік жөніндегі ғылыми–зерттеу пайымдаулар мыналар:пеадагогикалық мақсаттылық, бағыттылық;тәрбие мен білім беру ісінің нәтижелілігі;әдістерді, құралдарды қолдана білудегі үйлесімділік; іс–әрекет мазмұнының шығармашылық сипат алуы.Сонымен қатар әлеуметтік – қоғамдық өмірдің жаңаруына байланысты кәсіптік педагогикалық шеберлік деңгейіде дамуы тиіс. Педагогикалық кәсіптік шеберлікті дамыту міндеттер: 1.Педагогикалық білім бірлігі; 2. Педагогикалық кәсіпке бейімділігі; 3. Ситуацияларды меңгеру; 4. Балалардың психологиялық жағдайын меңгеру.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының «Педагог қызметкердің мәртебесі» атты 7-тарауында 51-бапта педагог қызметкердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершіліктері көрсетілген:
1. Тиісті бейіні бойынша арнайы педагогтік немесе кәсіптік білімі бар адамдар педагогтық қызметпен айналысуға жіберіледі.
2. Педагог қызметкердің:

  • кәсіби қызметіне арналған жағдаймен қамтамасыз етіле отырып, педагогтық қызметпен айналысуға;

  • ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-эксперименттік жұмыспен айналысуға, педагогикалық практикаға жаңа әдістемелер мен технологияларды енгізуге;

  • жеке педагогикалық қызметке;

  • тиісті білім беру деңгейіндегі мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт талаптары сақталған кезде педагогтік қызметті ұйымдастырудың әдістері мен нысандарын еркін таңдауға;

  • білім беру ұйымдарын басқарудың алқалы органдарының жұмысына қатысуға;

  • ұзақтығы төрт айдан аспайтын, бес жылда кем дегенде бір рет біліктілігін арттыруға;

  • санатын арттыру мақсатында мерзімінен бұрын аттестатталуға;

  • педагогикалық қызметтегі табыстары үшін мемлекеттік наградалар, құрметті атақтармен, сыйлықтар мен атаулы стипендиялар түріндегі моральдық және материалдық көтермеленуге;

  • өзінің кәсіптік ар-намысы мен қадір-қасиетінің қорғалуына;

  • әскери қызметке шақырылу мерзімінің кейінге қалдырылуына;

  • ғылыми қызметпен айналысуы үшін педагогтық стажы сақтала отырып, шығармашылық демалыс алуға;

  • білім беру ұйымы әкімшілігінің бұйрықтары мен өкілдеріне шағымдануға құқығы бар.

3. Педагог қызметкер:

  • өзінің кәсіптік құзіреті саласында тиісті теориялық және тәжірибелік білімді және оқыту дағдыларын меңгеруге;

  • мемлеукеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз етуге;

  • білім алушыларды жоғары имандылық, ата-аналарына, этномәдени құндылықтарға құрмет көрсету рухында, қоршаған дүниеге ұқыпты қарауға тәрбиелеуге;

  • білім алушылардың өмірлік дағдыларын, біліктіліктерін, өздігінен жұмыс істеуін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға;

  • өзінің кәсіптік шеберлігін, зияткерлік, шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейін ұдайы жетілдіріп отыруға;

  • бес жылда кемінде бір рет аттастаудан өтуге;

  • педагогтік әдеп нормаларын сақтауға;

  • оқушылардың, тәрбиеленушілердің және олардың ата-аналарының абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.

Міндеттері мен педагогтік әдеп нормаларын бұзғаны үшін педагог қызметкер Қазақстан Республикасының заңдарында және еңбек шартында көзделген жауаптылыққа тартылуы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет