Лекция №1 Тақырыбы: Педагогика ғылым және оқу пәні ретінде. Лекция жоспары



бет43/72
Дата11.12.2023
өлшемі345,24 Kb.
#137472
түріЛекция
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   72
Байланысты:
педагогика оқыту әдіс лекциялар

Жеке тұлғалық (индивидуальность) – 1) жеке адамның қайталанбас, өзіндік ерекшелігі, тек соған тән ерекшеліктердің жиынтығы; 2) басқа адамдардан өзінің әлеуметтік мәнді ерекшеліктері тарапынан сипатталатын адам; индивидтің психикасы мен тұлғасының өзіндік ерекшелігі, оның қайталанбастығы. Жеке тұлғалық темперамент, мінез белгілерінде, мүдделер сипатында, перцептивтік процестер мен зият санасында, қажеттіліктері мен қабілеттерінде көрінеді.
Тәрбиенің негізгі мақсаты – қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, оның жан-жақты үйлесімді дамуы. Жеке тұлғаның даму мен қалыптасу мәселесінің көп ғасырлық тарихы бар. Ертедегі грек ғалымдарыжеке тұлғаның дамуына биологиялық факторлармен қоса әлеуметтік факторлар да әсер етеді деп есептеген.
Адам – өзіне тән биологиялық құрылысы бар тіршілік иесі, сондықтан да табиғат заңдары оның дамуына әсер етеді. Адам табиғатының өзгеруі адам өмірінің әлеуметтік жағдайларының әсерінен болады, адамның тектілігі тек биологиялық жағынан емес, сонымен қатар, тарихи даму нәтижесінде де пайда болады. Адамның жалпы дамуында, осылайша, негізгі екі бағыт байқалады: биологиялық және әлеуметтік. Адам биологиялық тіршілік иесі болып туады, алайда өз дамуы барысында ол әлеуметтік тіршілік иесіне айналады.
Адамның жеке қасиеттері өмір жолында дамып, қалыптасатын болғандықтан, жеке тұлғаның «дамуы» мен «қалыптасуы» ұғымдары қолданылады. Даму табиғатқа, қоғамға, жеке тұлғаға тән жалпы қасиет болып табылады. Даму төменнен жоғарыға, қарапайымнан күрделіге қарай қозғалыс. Даму кезінде барлық философиялық заңдар жүзеге асады: өзгеру, санның сапаға ауысуы, Бұл қозғалыс, өзгеріс жеке тұлға дамуының қозғалыс күші болып келетін қарама-қайшылықтар күресі арқылы жүхеге асады.
Жеке тұлғаның дамуы – оның қасиеттері мен сапасындағы сандық және сапалық өзгерістер процесі (адамның анатомиялық-физиологиялық жетілуі, оның жүйке жүйесі мен психикасының дамуы, танымдық және шығармашылық іс-әрекетіндегі, оның дүниетанымы, өнегелілігі, қоғамдық-саяси көзқарастары мен сенімдерінің кеңеюі).
Қалыптасу бір нәрсеге пішін мен тұрақтылық беру; толықтық пен нақты бір түр беру; жеке тұлғаның дамуының нәтижесі және оның пайда болып, тұтастыққа, бірқалыпты қасиеттер мен сапаларға ие болуы. Бұл арада тұқымқуалаушылықтың мәні өте зор. Тұқымқуалаушылықбаланың ата-анасынан немесе ата-бабаларынан қалған биологиялық ерекшеліктердің жиынтығы. Ол екі түрге бөлінеді: жалпы адамзаттық (тік жүру, сана, ақыл, сезім мүшелерінің даму бейімділігі, шартсыз рефлекстер, нәсілдік және ұлттық белгілер) және даралық (жүйке жүйесінің түрі, анатомиялық-физиологиялық бейімділіктер).
Жеке тұлғаның қалыптасуына қоршаған орта да әсер етеді, яғни адам және қоғам өміріндегі әлеуметтік-экономикалық, тарихи қалыптасқан жағдайлар. Оның екі түрі бар: макро және микро. Макроорта – адамға әлеуметтік-экономикалық ықпалдардың мол жиынтығы (өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар деңгейі, өмірдің қаржы жағдайлары, мәдениеттің даму деңгейі, бұқаралық ақпарат құралдары). Микроорта – адамның ең жақын қарым-қатынас ортасы.
Жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін факторлардың арасында тәрбие ең маңызды орын алады. Тәрбие - өсіп келе жатқан ұрпаққа жалпы адамзаттық құндылықтарды игерту үшін мұғалім мен оқушылар, балалар мен ата-аналар арасындағы бірлескен іс-әрекеттердің педагогикалық процесін ұйымдастыру.
Тұқымқуалаушылық пен қоршаған ортамен қатар тәрбие тұлға қалыптасуының үшінші факторы болып саналады. Тәрбиеде тұқымқуалаушылық, бейімділік пен қоршаған ортаның өзгерістері жөнге келтіріледі. Барлық балалар тәрбие-білім беру мекемелерінен өтеді, ол мекемелер педагогикалық процесті сауатты құрастырып, оқушылардың жан-жақты қызмет әрекетін жемісті ұйымдастырады. Тек тәрбие ғана жеке тұлға дамуының әлеуметтік бағдарламасын жүзеге асырады, оның бейімділігі мен қабілеттілігін күшейтеді.
Оқыту мен дамудың байланысын анықтау практикалық мәнді мәселе болып табылады. оны шешуден білім берудің мазмұнын, оқыту формалары мен әдістерін таңдау жүзеге асырылады.
Оқыту – білім, білік, әрекет дағдыларын үйрету мен меңгерту процесі, өмір мен еңбекке бейімді етіп дайындаудың негізгі құралы. Оқыту процесінде білім мен тәрбие мақсаттары жүхеге асырылады. Нәтижесінде адамзат тәжірибесі меңгерілетін оқушының ішкі және сыртқы белсенділігін басқару процесі. Оқытуға сәйкес даму екіжақты түсіндіріледі: 1) мидың, оның анатомиялық-биологиялық құрылымының биологиялық-органикалық пісіп-жетілуі; 2) психикалық (ақыл-ойдың) дамуы.
Психологиялық-педагогикалық ғылымда оқыту мен дамудың өзара қатынасы үш тұрғыдан түсіндіріледі:
1. Оқыту мен даму жеке-жеке, бір-біріне бағынышты емес процестер (В.Штерн, Ж.Пиаже).
2. Оқыту мен даму – біртұтас процесс (Джеймс, Торндайк).
3. Оқыту мен даму бірге, оқыту дамудан кейін және оқыту дамудан бұрын жүретін процесс (Коффка және т.б.).
Осылайша, оқыту мен даму бір-бірімен өте тығыз байланыста: олар – біртұтас процесс. Оқытудан тыс даму жүрмейді.
Оқыту процесінде дамудың сипаты алынатын білім және оның ұйымдастырылуымен анықталады.
Адамның қоғаммен байланысы «әлеуметтену» ұғымымен белгіленеді. Әлеуметтену – бұл тұлғаның әлеуметтік жүйеге бейімделуі. Ол «бейімделу» ұғымымен байланысты. Бейімделу («адаптация» лат. «adaptatio» – бейімделу) – биологиялық термин, тірі ағзаның қоршаған ортаға бейімделуі. Осылайша, әлеуметтік және психологиялық бейімделу терминдері пайда болады. Оның нәтижесі – тұлғаның түрлі әлеуметтік ситуацияларға, микро- және макротоптарға бейімділігі. Бейімделу ұғымы көмегімен әлеуметтену былай түсіндіріледі: адамның әлеуметтік ортаға ену және оның мәдени, психологиялық және әлеуметтік факторларға бейімделу процесі.
Қоғам әлеуметтік құрылымдарын сақтап қалу мақсатында әлеуметтік стереотиптер мен стандарттарды (топтық, таптық, этникалық, кәсіби және т.б.), рольдік мінез-құлық үлгілерін қалыптастырады. Қоғамнан бөлектенбес үшін тұлға әлеуметтік ортаға, әлеуметтік байланыстар жүйесіне ену арқылы осы әлеуметтік тәжірибені меңгереді. Әлеуметтену бұнда әлеуметтік тәжірибені, құндылықтарды, нормаларды, ұстанымдарды меңгеру арқылы адамның қоғамға бейімделу және интеграциялану процесі.
Бірақ тұлға өзінің дербестігіне, автономиясына, жеке көзқарасының қалыптасуына, қайталанбас даралығына ие. Осыған сәйкес, әлеуметтену – бұл әлеуметтік байланыстар мен тәжірибені меңгерумен қатар жаңа, жеке дара тәжірибе туындайтын тұлғаның өзін-өзі дамыту және өзін-өзі іске асыру процесі.
Әлеуметтенудің мәні адаптация, интеграция, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі іске асыру процестерінде көрінеді.
Әлеуметтену – үздіксіз процесс. Ол өмір бойы жалғасады. Ол бірнеше кезеңдерге бөлінеді. Ғылымда әлеуметтену кезеңдерін ажыратуда еңбектену іс-әрекетіне сүйенеді.
1. Еңбекке дейінгі кезең, дүниеге келгеннен еңбектену қызметіне дейінгі уақытты қамтиды. Бұның өзі екі кезеңнен тұрады: ерте әлеуметтену – дүниеге келгеннен мектепке барғанға дейін; жастық шақтағы әлеуметтену – мектепте, техникумда, жоғары оқу орнында және т.б. білім алуы.
2. Еңбектену кезеңі, адамның жетілуін қамтиды. Оның уақыты нақты белгіленбеген, себебі бұнда адамның бүкіл еңбектену жолы енеді.
3. Еңбектенуден кейінгі кезең, егде шақта еңбек әрекеті тоқтаған кезде жүреді.
Әлеуметтену процесі барысында тұлға түрлі рольдерді орындайды. Оларды әлеуметтік рольдер деп атайды. Рольдердің көмегімен тұлға өзін көрсетуге, ашылуға мүмкіндігі бар.
Әлеуметтену факторлары - әлеуметтену процесі өтуіне қажет жағдайларды туғызатын шарттар. А.В.Мудрик әлеуметтенудің негігі факторларын үш топқа біріктіреді:
макрофакторлар (ғарыш, планета, әлем, ел, қоғам, мемлекет), олар планетаның барлық тұрғындарының немесе белгілі бір елде өмір сүретін адамдардың үлкен тобының әлеуметтенуіне әсер етеді;
мезофакторлар (мезо – орташа, аралық) – ұлттық сипаты (этнос - әлеуметтену факторы), олар өмір сүретін жердің орны мен типі (аймақ, қала, ауыл); бұқаралық ақпарат құралдары және коммуникацияның аудиториясына байланысты анықталатын адамдардың үлкен тобының әлеуметтену жағдайлары;
микрофакторларнақты адамдарға тікелей әсер етушілер – жанұя, жостары, микроортасы, әлеуметтік тәрбие жүргізілетін ұйымдар – оқу, кәсіби, қоғамдық және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет