Лекция №1 Тақырыбы: Педагогика ғылым және оқу пәні ретінде. Лекция жоспары


Лекция № 11 Тақырыбы: «Тәрбие теориясы» бөлімін оқыту әдістемесі



бет46/72
Дата11.12.2023
өлшемі345,24 Kb.
#137472
түріЛекция
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   72
Байланысты:
педагогика оқыту әдіс лекциялар

Лекция № 11


Тақырыбы: «Тәрбие теориясы» бөлімін оқыту әдістемесі


Лекция жоспары:
1. «Тəрбие теориясы» бөлімін оқытудың теориялық, ғылыми-әдістемелік негіздері.
2. Заманауи тәрбие технологиялары.


Лекция мақсаты: Теориялық және педагогикалық тәжірибе негізінде мектепің тәрбие жұмысының қызметі мен міндеттерін талдау, түсіндіру, тәрбие берудің тиімді әдістерін тандап алуға дағдыландыру.


Лекция мазмұны: Педагогтың кәсіби даярлығының тиімділігі, көбінесе, теориялық-әдістемелік қалыптасуының жаңа мазмұнымен анықталады. Студенттердің болашақ педагогдік мамандығының басты бағыттарын анықтауына, соның ішінде олардың оң кәсіби ынтасының қалыптасуына педагогика пәнінің «Тәрбиелеу теориясы» бөлімі зор ықпал етеді.
Тәрбие теориясы қоғам талабымен және мүдделерімен өте тығыз байланысты. Педагогика ғылымында «тәрбие» терминіне әрқашан ерекше нақты мән беріліп келді. Тәрбиелеу теориясы – тарихи тұрғыда құрылып ХІХ ғасырда түбегейлі қалыптасқан педагогика ғылымының бөлімі. ХІХ ғасырдың басында неміс педагогы И.Ф.Гербарт (1776-1841жж.) тәрбиелеу теориясын оқыту теориясына пара-пар қылып педагогиканың құрамдас бөлігі ретінде бөліп қойды. Уақыт өте тәрбиелеу теориясының шешуге тиісті мәселелерінің шеңбері анықтала басталды.
Тәрбие теориясының жалпы сұрақтары студенттердің меңгеруі үшін күрделі болатынын тәжірибе көрсетіп отыр. Сондықтан да студенттерге оқылатын сұрақтар тізімін бірізділікпен айқын ажыратып алған дұрыс. Аталған бөлімнің тақырыптары мемлекеттік саясатпен және қоғамдық демократиялық идеялармен байланысты болғандықтан, жаңа сұрақтармен толықтырылып отырады.
тәрбие тарихи-қоғамдық, педагогикалық және әлеуметтік құбылыс ретінде; тәрбие мәні, қазіргі таңдағы тәрбиенің ерекшеліктері; тәрбие үдерісінің негізгі заңдылықтары мен принциптері; тәрбиенің құрылымдық компоненттері (Лекцияның мақсаты мен міндеттері, міндеттері, мазмұны, әдістері, тәсілдері, формалары, тәрбие нәтижесі); «балалықтың экологиясы» саласының ерекшелігі.
Тәрбиелеуші орта, «тәрбиелеуші кеңістік» және ортаны педагогтандыру туралы сұрақ маңызды орын алады. Студенттер бұл құбылыстардың тәрбиелеудің заманауи жағдайларында өзекті болып табылатынын білулері керек.
Осыдан келіп – тәрбиенің теориялық негіздері туралы білімдер жүйесін қалыптастыру туындайды.
Даулы мәселенің бірі ретінде жалпы принциптер, соның ішінде тәрбие принциптері туралы сұрақтар анықталған. Бүгінгі таңда мынандай сұрақтар нақты өз шешімін таппаған болып саналады: «Принцип» деген сөз нені білдіреді?», «Принциптің неше түрі бар?», «Принциптердің қандай типтері мен түрлері кездеседі?», «Принциптердің құрылымы мен мазмұны қандай?».
Студенттерге принциптердің саны, түрі, типтері ғылыми амалдардан (жүйелілік, іс-әрекеттік және т.б.), қолданылу аясынан (жоғары білім жүйесі, ғылыми және практикалық іс-әрекет саласы), принципті алу тәсілінен (контент-анализ, тәжірибені оқу, жинақтау және т.б.) туындайтынын түсіндіру керек. Барлық принциптер өзара тығыз байланысты. Принциптерден ережелер туындайды. Ережелер практикада принциптерді жүзеге асырудың алғы шарттары ретінде болады.
СӨЖ үшін тапсырманы жазбаша сұрақтар түрінде беру ұсынылады:
1) Тәрбие үдерісінің диалектілігі неден көрінеді? Тәрбие үдерісінің қозғаушы күштері нелер?
2) «Тәрбие принциптерінің байланыстылығы» деген сызба сызу. Олардың тәрбиені ұйымдастыру барысында сақтау (сақталмау) салдарын мысалдар арқылы көрсету.
3) «Балалықтың экологиясының» мәні неде?
Бұл тақырып «Тәрбие теориясы» бөлімінде маңызды болып саналады. Өйткені студенттердің тәрбие тиімділігі айқын мақсатты ұстанымдардан тұрады деген сенімдері оларға одан кейінгі кезеңде тәрбиенің әдістемелік негіздерін дұрыс түсінуге мүмкіндік береді.
Дәріс басталғанға дейін мақсат, идеал, міндеттер, мазмұн; амал, концепция, парадигма деген ұғымдардың философиялық түсінігін қарастырып алу керек, одан кейін барып дәріс барысында осы ұғымдардың педагогикалық мәнін ашып көрсеткен жөн. Түсініктілік аппаратымен осындай жұмыс жүргізу студенттерге ғылымаралық ұғымдарды жақсы түсініп, бірыңғай қабылдаулары үшін қажет.
Бұл тақырып студенттердің мына жайттарды түсінулеріне бағытталған: тәрбиенің жүйеқұраушы компоненті мақсат болып табылады; тәрбие2. Лекцияның 2. Лекцияның мақсаты мен міндеттері мен міндеттері болашақтың (адамның, топтың, ұжымның, қоғамның, адамзаттың, цивилизацияның) пір тұтар бейнесіндей қарастырылады; тәрбие2. Лекцияның 2. Лекцияның мақсаты мен міндеттері мен міндеттеріның әлеуметтік (қоғамдық) және тұлғалық (өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі жетілдіру) деп аталатын екі деңгейі бар.
Тәрбие тәрбиелеу үдерісінде тұлғаның жан-жақты дамуына жағдай жасау болып табылады. Жан-жақты даму адамды әр түрлі іс-әрекетті атқаруға икемдейді, мысалы: ақыл-ой-танымдық, еңбек, қоғамдық-пайдалы, көркем, спорттық, ойындық және т.б.

Мақсат пен міндеттер тәрбие мазмұнын айқындайды. Тәрбиенің қазіргі таңдағы мазмұны бірден қалыптасқан жоқ. Ол көне грек философтарының (Аристотель) еңбектерінен бастап қалыптасу мен дамудың ұзақ кезең бастан кешірді, қайта өрлеу дәуірінің (Ф. Рабле, М. Монтень) гуманистік идеяларымен, диалектикалық материализм өкілдерінің (К. Маркс, Ф. Энгельс) материалистік көзқарастарымен, коммунистік тәрбие идеяларымен (В.И. Ленин) толықтырылса, қайта құру кезінде тәрбиені демократияландыру белең алды. Студенттер тәрбие мазмұны ерікті әрі стихиялы түрде қалыптаспайтынын, керісінше, тұтасымен әрі толықтай тәрбие2. Лекцияның 2. Лекцияның мақсаты мен міндеттері мен міндеттері мен міндеттеріне, қоғам дамуының нақты кезеңдерінің мазмұнына тәуелді болатынын білуі керек.


Тәрбие мазмұны дене бітімдік, ақыл-ой танымдық, еңбек, адамгершілік, эстетикалық, азаматтық-құқықтық, экологиялық, экономикалық бағыттарда көрініс беруі шарт. Әрбір бағыттың өзінің нақтылы міндеттері мен жүзеге асу механизмі бар. Басқаша айтқанда, тәрбие біреу, ал тәрбие міндеттері көп; тәрбиенің мазмұнын айқындайды, және осы қисындық байланысты келесі сызбадан көруге болады:Арнайы қарастыруды қажет ететін маңызды сұрақтардың бірі тәрбиенің заманауи концепциялары мен парадигмалары. Студенттерді тәрбиенің заманауи концепцияларының негізгі идеяларымен таныстыру қажет.
Әр бағыт өкілдері қалыптастырған тәрбиенің әр түрлі концепциялары мен парадигмалары түрлі амалдарға сүйенетінін және бұл демократиялау мен плюрализация жағдайында өзекті болып саналатынын студенттерге түсіндіру абзал.
Бұл тақырыпты оқыту үшін дәрістің ақпараттық-проблемалық дәріс, визуалдау-дәрісі типтерін пайдаланған жөн, семинар сабақтарын семинар-пікірталас, жоспар негізіндегі әңгіме және т.б. формасында өткізуге болады.
СӨЖ үшін топтық тапсырмалар беруге болады. Студенттердің 1-тобы тәрбие туралы педагогикалық дәйек сөздерді іріктейді, кейін оны семинар сабағында талдайды. Студенттердің 2-тобы тарихи-педагогикалық әдебиеттермен танысып, жан-жақты дамуының идеясын салыстырмалы талдамасын жасау нәтижесінде мультимедиялық презентация әзірлейді. Студенттердің 3-тобы «Әрбір сыныптағы тәрбие мазмұны қалай анықталады? Педагог тәрбие мазмұнын таңдауда қаншалықты ерікті?» деген сұрақтарымен мұғалімдермен, сынып жетекшілерімен өткен бейнеинтервьюдің жазбасын жүргізеді.
Тақырыпты оқу барысында студенттер философиялық және педагогикалық аспектілері бар әдіс, тәсіл, құрал, жүйе деген ұғымдармен танысады. Тәрбие әдісінің мәндік сипаты, оның басты ерекшелігі педагог пен тәрбиеленушінің өзара әрекеттестігінде жатыр деген ой басты болып табылады.
Осы тақырып аясында қаралатын сұрақтар: тәрбие әдістерінің жіктелуі, олардың мазмұндық сипаты; тәрбие тәсілдері мен құралдары; тәрбие әдістерін, тәсілдерін, құралдарын таңдау критерийлері.
Бұл тақырыпты өту барысында бинарлы (интеграцияланған) дәріс типін таңдап алуға болады, дәріскерлердің бірі болып сынып жетекшісі, арнайы шақырылған мұғалім болуы мүмкін. Олардың міндеті – оқытушының дәріс материалының мазмұны бойынша өз жұмысының тәжірибесін нақтылы мысалдар көрсету арқылы толықтырып отыру.
Осы тақырып бойынша семинар сабағы семинар-пікірталас, жоспар негізіндегі әңгіме, проблемалық семинар формаларында өткізуге болады. Сабақты «Мұғалімнің педагогикалық тактісі» тақырыбындағы педагогикалық техниканы жетілдіруге байланысты тренинг элементтерімен де толықтыруға мүмкіндік бар.
СӨЖ тапсырмалары студенттер оқу қызығушылықтарымен байланысты дифференциалды болуы дурыс:
1) «Тәрбие әдістерінің жүйесі» деген сызбасын құру.
2) «Тәрбиенің әдістері, тәсілдері, құралдары» атты сөзжұмбақ құрастыру.
3) «Тәрбие әдістері» тақырыбында аңдатпалық әдебиет тізімін құру (ең азы 5-7 дереккөздер болуы шарт).
Тақырып тәрбие жұмысының формалары ұғымының мәні, тәрбиелік іс-шара, тәрбиелік іс; тәрбие үдерісі формаларының көптүрлілігі; тәрбиені ұйымдастыру формаларының критерийлері деген сұрақтарды қарастырады. Бұл тақырып студенттердің қабылдауына еш қиындық туғызбайтынын айта кеткен жөн, сол себепті тәрбие жұмысының кез келген түрін жоспарлау және ұйымдастыру алгоритмі, сынып сағаты тәрбие үдерісінің негізгі формасы ретінде, тәрбие жұмысының картотекасы деген кейбір жекелеген сұрақтарды студенттердің өз бетімен қарауларына беріп кейін семинар сабағында бірлесіп талдауға болады.
Оқытушы ақпарат-дәрісті визуалдау элементтерімен қолдана алады. Семинар сабағын мұғалім-практикті шақыруымен тақырыптық семинар түрінде өткізуге болады.
СӨЖ ұйымдастыру үшін үздіксіз педагогикалық іс-тәжірибе мүмкіндіктерін пайдаланған жөн. Студенттерге мынандай топтық тапсырма беріледі: бір тәрбиелік іс-шараға қатысып, талдау жасап, талқылауға ұсыну керек, сонымен қатар студенттер тәрбие жұмыстарының бірнеше формаларын көрсете алулары керек, мысалы, ауызша журнал, «Не?» «Қайда?» «Қашан?» викторинасы, байқаулар, тақырыптық сынып сағаттары, «Көңілді старттар» атты спорттық жарыстары және т.б.
Дәріс барысында ұғым аппаратымен жұмыс жүргізу керек: тәрбиелеуші орта, тәрбие кеңістігі, әлеуметтік орта, әлеуметтік кеңістік; әлеуметтік бейімделу және персонизациялау, ортаны педагогтандыру.
Одан кейін отбасы тұлғаны дамыту мен тәрбиелеу факторы ретінде, қазіргі отбасылардың ерекшелігі, отбасының тәрбиелік әлеуеті; оқушылар ұжымы тұлғаны тәрбиелеу факторы ретінде, ұжым белгілері, оның құрылуы мен дамуы, оқушы ұжымындағы тұлға төзімділігін тәрбиелеу; балалар мен жасөспірімдер қозғалысы, бірлестіктер мен ұйымдар балалар мен жасөспірімдік жастағы дамудың факторы ретінде, олардың мәртебесі мен қызметі, балалар мен жасөспірімдер бірлестіктері мен ұйымдары қызметінің мазмұны мен ұйымдастырушылық-әдістемелік негіздері деген сұрақтар жинақталып қарастырылады. Оқу материалын осылайша беру семинар сабағында қаралатын негізгі сұрақтар қатарын арттырады.
Бұл тақырыпты оқу барысында ақпарат-дәріс, белсенді үлестірмелі материалдарды қолданған жинақтаушы-қорытындылау дәрісі типтерін қолдануға болады.
Семинар сабағын пікірталас немесе «Ата-ана мәртебесінің түрлері», «Ата-аналар мен балалардың өзара қарым-қатынасының стилі» және т.б. тақырып бойынша рөлдік ойын элементтері бар «дөңгелек үстел» формасында өткізілуі тиіс.
СӨЖ тапсырмалары ретінде мыналарды ұсынуға болады:
1) Үздіксіз педагогикалық іс-тәжірибе кезінде бөлініп берілген оқушылар ұжымының жағдайы туралы хабарлама әзірлеу.
2) Ата-аналар жиналысының жоспарын дайындау.
3) Сабақ үлгерімі мен тәртібі нашар оқушының ата-анасымен жеке әңгіме жүргізудің жоспарын құру.
4) Бекітіліп берілген сынып оқушыларымен «Өз-өздеріңді игере аласыңдар ма?» деген тест өткізу, оның қорытындысын талдап, диаграмма жасау.
Семинар сабағында тәрбие жұмысын жоспарлау мен ұйымдастыру әдістемесін практикум элементтерімен толық қарастыру керек.
Осы тақырыпты меңгерту барысында ақпарат-дәріс, визуалдау-дәрісін қолданған орынды. Семинар сабақтарын практикум элементтерімен байланыстыру орынды, себебі қарастырылатын сұрақтардың көп бөлігі сынып жетекшісінің практикалық іс-әрекетімен тығыз байланысты, ал ол үшін оқушылардың түрлі іс-әрекеттерін ұйымдастыру, тәрбие жұмыстарын жоспарлау іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру қажет.
СӨЖ мынандай тапсырмалардан тұрады:
1) Тәрбие жұмыстарының құрылымдық моделін құрастыру.
2) Сыныптың тәрбие жұмысының перспективті-күнтізбелік жоспарын құру (сыныпты студент өзі таңдап алады).
3) Ұжымдық шығармашылық қызметті қолдана отырып, бір тәрбиелік іс-шараны өткізу конспектісін әзірлеу.
Педагогикалық диагностика педагогикалық үдеріс кезеңдерінде белгілі бір бағдарлама бойынша жүйелі жүргізіледі және осы үдерістің қатысушылары, шарттары, мазмұны мен нәтижесі туралы нақты ақпарат алуды көздейді.
Тақырыпты меңгеру педагогикалық мониторинг, педагогикалық диагностика, педагогикалық болжалдау, педагогикалық мониторинг әдістемесі, педагогикалық диагностика әдістемесі, білім алушылардың білімі мен тәрбиесі педагогикалық үдерістің нәтижелі көрсеткіштері ретінде деген жаңа ұғымдарды қараудан басталады.
Дәріс сабағының аясында педагогикалық мониторинг, педагогикалық диагностика, олардың міндеттері, қызметтері, нысандары мен әдістері туралы ақпарат беріледі. Дәріс кезінде педагогикалық мониторинг әдістемесінің әрбір әдісі мен жекелеген кезеңдеріне тоқталу мүмкін емес болғандықтан, бұл сұрақтарды семинар-практикум аясында қарастырған жөн.
Бұл тақырыпты меңгеру барысында белсенді үлестірмелі материалдарды қолданумен өткен ақпарат-дәрісті пайдалануға болады. Семинар мен практикум сабақтарын бір сабақ аясында үйлесімді етіп өткізу педагогикалық мониторинг әдістемесін оқыту кезінде орынды болып табылады. Сабақтың осындай ерекшелігі нақтылы бір әдістің мәні, құрылымы, мазмұнын меңгеруде, курс жұмысын жазу барысында мониторинг нәтижелерін қолданудан тұрады.
СӨЖ үшін үздіксіз педагогикалық іс-тәжірибе кезінде бекітіліп берілген сынып оқушыларына айқын бір әдістемені қолдана отырып диагностика жүргізу туралы жеке немесе топтық тапсырмалар беріледі.
Топтық тапсырма түрлері:
1) Сынып оқушыларының іс-әрекеті мен мінез-құлқына тікелей бақылау жүргізу, бақылау нәтижелерін тіркеп, мәліметтер бойынша қорытындылар жасау.
2) Сынып оқушыларымен диагностикалық әңгіме ұйымдастырып, өткізу, оның нәтижесін талдау, қорытынды жасау.
3) Сынып оқушыларының жеке істерімен танысу, сынып журналы, оқушылардың «өнімдерімен» (реферат, шығарма, эссе, модель, сурет және т.б.) танысу, алынған мәліметтерді жүйелеу, қорытындыларын шығару.
4) Сынып жетекшісінің педагогикалық іс-әрекетіне тікелей бақылау жүргізіп, оқушылар тұлғасының дамуына педагогикалық ықпал етудің тиімділігін зерттеу, алынған қорытындылар бойынша жүйелі талдаулар жасау.
Осылайша, біз «Тәрбие теориясы» бөлімінің тақырыптарын қарастырып шықтық. Педагогика бойынша сабақты ұйымдастыру мен өткізуге байланысты берілген ұсыныстар нұсқаулық сипатқа ие, сондықтан әр оқытушы «Тәрбие теориясы» бөлімінің тақырыптарын өзінің әдістемелік ерекшелігімен жандандырып өткізуіне болады.
4. Ұжым жайындағы тақырып тәрбие әдістерінен кейін оқытылады. Себебі, ұжым педагогикада тәрбиенің мақсаты әрі маңызды құралы ретінде қарастырылады.
Тәрбие үрдісінің мазмұны жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлғаның рухани, адамгершілік, эстетикалық, еңбектік, әлеуметтік қасиеттерден құрылады. Тәжірибе жүзінде бұл мазмұн өзіне барынша сәйкес келген ұжымға өтеді. Егер бұл сәйкестік бұзылса, онда тәрбие қиын және шешілмес дағдарыстарға тап болады.
Ұжым қандайда бір әлеуметтік-экономикалық формацияның туындысы емес, ол адамдар индивидтерінің нормалық жиынтығының құбылысы болып саналады, іскерлік пен жолдастықтың өзара әрекетінің, әртүрлі мәселелерді нәтижелі шешудің жалпыға бірдей формасы ретінде адамзат өркениетінің құнды әлеуметтік жетістігі болып табылады. Б.Т.Лихачевтің пікірінше, ұжым адамзаттың бірлесіп өмір сүруінің объективті формасы мен қоғамдық құбылысы ретінде өркениеттік мәнге ие, жалпы және мәңгі категория.
Педагогика тарихы тәрбие үрдісін ұйымдастырудың әртүрлі формаларын басынан кешірді. Олардың әрқайсысы өзгермелі жағдайлардағы белгілі-бір мазмұнды ашу үшін жасалынады. Біріншіден, тәрбиеленушілер саны өзгерді: ежелгі оқу орнындағы бір немесе оншақты білім алушыдан бүгінгі барлық білім алушылардың міндетті оқу орыны тәрбиесіне өтуі. Сондықтан, тәрбие формасын талдаудың алғашқы бағамы сандық өлшеммен беріледі.
Тәрбие үрдісінің пәрменділігі оны ұйымдастырудың формасына байланысты. Тәрбиеленушілер саны тәрбие жұмысының мазмұнына және оны басқаруға әсерін тигізеді. Тәрбие үрдісінде қамтылған адам санына қарай тәрбие формалары жеке, шағын топтық, топтық (ұжымдық) және бұқаралық болып бөлінеді. Топтан (ұжымдағы) тәрбиеленушілер саны 5-7-ден 25-40 дейін болса, бұқаралық формада оның шегі болмайды. Тәрбиеленушілер саны көбейген сайын тәрбие сапасы нашарлайды. Тәрбиелеу үрдісінде жеке және шағын топтық формалар тиімді. Бұл тәрбие жұмысын ұйымдастыру формаларын өте жылдам және мақсатты бағдарлауға, жағдайдың өзгеруіне қарай педагогикалық амалдарды өзгертуге ыңғайлы. Бірақ жеке және шағын тәрбиенің үлкен экономикалық шығындарды керек етуі – оның кең тарауындағы елеулі кедергісі болып табылады. Қазіргі жүйелердің көпшілігі тәрбиенің топтық (ұжымдық) формасын пайдалануға көшті. Ол өзінің жеткілікті тиімділігімен, сонымен бірге өкініштісі, педагогикалық қызметтің салыстырмалы түрде төмен бағалануымен ерекшеленеді. Соңғысы – біздің елімізде тәрбие формасын таңдаудағы шешуші себеп болып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет