ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТТЕР ТІЗІМІ: 1. Юцявичене П. Теория и практика модульного обучения.–Каунас, 1989.
2. Чошаков М.А. Гибкая технология проблемно-модульного обучения, методическое пособие, М. Народное образование, 1996.
Лекция №15 Тақырыбы: Бағдарлы емес пән ретіндегі жаратылыстану пәндерінің мазмұнын талдау Жаратылыстану ғылымдарымен байланыспаған оқыту бағдарын таңдап алған оқушыларды бұл ғылымдардың дамуына қоғамдық қажеттілікті түсінуін қалыптастыру өте күрделі.
Бағдарлы емес сыныптарда жаратылыстану пәндерінің мазмұнын құруда оқытудың жалпы және арнайы мақсаттарының, оқушылардың қабiлеттiлiктерiнiң ерекшелiктерi және оқу-танымдық iс-әрекеттерiнiң сипаты ескерiлуi тиiс екендiгiн басшылыққа алдық. Бағдарлы емес сыныптарға, негізінен, гуманитарлық бағдардағы сыныптарды жатқызамыз және де бұл бағдардағы курстардың бiрқатар ерекшелiктерi болуы тиiс. Бұл сыныптарда жаратылыстану пәндерін оқыту әдістерінің жасалынбағандығы, базистiк оқу жоспарында бұл пәндерге арналған сағат санының (аптасына 1сағат) аздығы бұл бағдардағы пәндерге елеулi көңіл бөлінуі талап етіледі.
Сонымен жаратылыстану пәндері бағдарлы болып табылмайтын сыныптарға арналған пән мазмұны өзара байланысты үш мiндеттi шешуге бағытталуы тиіс:
− жаратылыстану пәндерінің жалпы және маңызды заңдары туралы логикалық жүйелi бiлiм беру;
− табиғат құбылыстарын түсiнуге қолданылатын ұғымдық аппаратты жетiлдiру, қоршаған дүниеде саналы бағдарлана алуды қалыптастыру;
− осы игерілген бiлiм негiзiнде ғылыми дүниетанымды қалыптастыру, танып-бiлуге қабiлеттiлiктi және жалпы алғанда ойлау мәдениетiн дамыту.
Әдiстемелiк идеясы сүйенетiн негiзгi қағидалар мыналар болып табылады:
− негiзгi мектептегi жаратылыстану пәндерінің мазмұнымен сабақтастықты ескеру және олардың мазмұнын ұғынықтылықты ескере отырып, мысалы, оқушыларға әр түрлi құбылыстар жайлы түсiнiк беру; оларды заңдар мен теориялар негiзiнде түсiндiру, жаратылыстану ғылымдары заңдарының түрлiше қолданыстарын көрсету;
− жаратылыстану пәндерінің мазмұнына сәйкес келетiн материалды инвариантты өзектi (iргелi теориялар, заңдар, идеялар, ұғымдар) және олардың ғылымда, техникада, өндiрiсте, спортта және т.б. салада қолдануларымен байланысты, яғни оқушылардың гуманитарлық мүдделерiмен байланысты мәселелердi қамтитын вариативтi қауашақты ескере отырып таңдап алу;
− енгiзiлген материал қоршаған ортадағы, техникадағы, өндiрiстегi құбылыстарды түсiндiру үшiн мәндiлiгiмен және пәнаралық байланысты жүзеге асыра алу мүмкiндiгiмен анықталуы, әрi мазмұнға енгiзiлу мақсатымен де, өзiнiң берiлуiмен де мүмкiндiгiнше түсiнiктi болуы керек;
− гуманитарлық бағыттағы оқушылардың көрнекі-бейнелiк ойлау ерекшелiктерiмен байланысты оқытуда эксперимент, сондай-ақ курстың тақырыптары мен бөлiмдерiмен байланысты кiрiспе және қорытынды сабақтар үлкен рөл атқарады.