¥сынылған әдебиеттер 1.Мастюкова Е.М., Московкина А.Г. Семейное воспитание детей с отклонениями в развитии. -М., 2003.
2. Не говори ребенку - ты плохой. О воспитании ребенка для педагогов и родителей / Авт. сост. Э.А. Корсунская. -М, 2003.
3. Яни. П.А. Воспитание и обучение глухого ребенка: Сурдопедагогика как наука/Пер. с нем. -М., 2003.
4. Дошкольное воспитание аномальных детей / Под ред. Л.П. Носковой, -М, 1993.
Бақылау сұрақтары 1. Интернаттағы тәрбие жұмысы қандай міндеттерді шешеді?
2. Есту қабілеті зақымдалған балалар мектебінде өз бетімен дайындықты ұйымдастыру және өткізудің негізгі талаптары қандай?
3. Үй жұмысын орындаудың негізгі міндеттері қай кезде бекітіледі?
4. Еңбек әрекетінің маңызы қандай?
5. Интернаттағы ойындардың түрлері және ерекшеліктерін атаңыз.
Тақырып бойынша тапсырмалар 1. «Тәрбие», «білім беру» және «оқыту ұғымдарын анықтаңыз.
2.Қазіргі кезде арнайы мектепте қолданылатын, тәрбиенің түрлерін сипаттаңыз.
3. Арнайы мектептегі тәрбие жұмысының мазмұны.
4. Тәрбие әдістерінің классификациясын атаңыз.
5. Тәрбиенің қандай түрін сіз өте маңызды деп санайсыз?
Баяндама тақырыптары 1. Соңғы жылдары дамуында ауытқушылықтары бар балалардың ақыл-ой тәрбиесіне жаңа өзгерістердің енгізілуі.
2.Қазіргі кезенде естімейтін және нашар еститін балалардың акыл-ой тәрбиесінің ерекшеліктерінің сипатталуы.
3. Қ.Р есту қабілеті зақымдалған балаларды тәрбиелеудің қазіргі мәселелері.
4. Интернаттағы педагогтың тәрбие жұмысының мазмұны.
5. Есту қабілеті зақымдалған балаларды тәрбиелеуде экскурсияның алатын рөлі.
Лекция №8 Тақырыбы: Тәрбие заңдылықтары мақсаты, міндеттері, принциптері. Жоспар: 1.Есту қабілеті зақымдалған балаларды тәрбиелеудің қазіргі мәселелері 2.Тәрбие заңдылықтары, мақсаттары, міндеттері, принциптері 1.Естуінде кемшіліктері бар балалар көп жағдайда мектеп интернатта оқиды. Мектеп-интернат есту қабілетін жоғалтқан балаларды жан-жақты дамыта отырып, түзете-тәрбиелеу әрекетімен қамтамасыз етеді.
Интернаттағы тәрби жұмысы келесі міндеттерді шешеді: *Тұлғаның жағымды жақтары, танымдық, қоғамдық, еңбекке деген белсенділігін дамыту, ақыл-ой, дене, адамгершілік, еңбек, эстетикалық тәрбие бойынша мектеп жұмысын кеңейту және естімейтін оқушыларды жан-жақты дамыту;
*Санада азаматтылық патриотизмділікті, интернационализмдікті тәрбиелеу;
*Еңбекке деген жағымды қатынастарын тәрбиелеу;
*Естімейтін және нашар еститін оқушылардың жағымды морольдық адамгершілік этикалық сапаларын қалыптастыру, мектеп ұжымын қалыптастыру, мінез-құлық сезімін, мәдениетін тәрбиелеу;
*Қалдықты есту қабілетін пайдалана отырып, ауызша сөйлеу тілін дамыту;
*Естімейтіндер ортасында, еститіндер ұжымында жұмыс жасау, өмір сүре білуге тәрбиелеу, әлеуметтік байланысты кеңейтуге тырысу.
Интернаттағы тәрбие процесімен педагогикалық жетекшілік ету, тәрбиеленушінің өз бетімен әрекет жасауы дамыту ұсынады. Тәрбие жұмысының нәтижелігі тәрбиешінің әрбір оқушының жас және жеке ерекшеліктеріне байланысты. Ең маңыздысы тәрбие нәтижесіне жетуге тырысу.
Интернаттағы педагог жұмыстарының мазмұны есту қабілеті зақымдалған балаларды тәрбиелеудің мақсаттары және міндеттерімен анықталады, балалардың түрлі әрекетінде орындалады – оқу – танымдылық, еңбек, ойындық коммуникативті.
Интернаттағы оқу-танымдық әрекет мектептегі оқу-тәрбие процесін жалғастыру болып табылады. Есту қабілеті зақымдалған балаларды оқу-танымдылық әрекет түрлі ғылыми көзқарас арқылы қалыптасады, қоршаған табиғат және әлеуметтік орта туралы білім кеңейеді, тұлғалық бақыттар қалыптасады.
Интернаттағы оқу – танамдылық әрекет өз бетімен дайындықты ұйымдастыру кезінде орындалады. Бұл дыбыс күшейткіш аппараттары (ДКА) бар сынып бөлмесінде өткізіледі.
Есту қабілеті зақымдалған балаларға арналған мектептегі өз бетімен дайындықты ұйымдастыру және өткізудің негізгі талаптары болып табылады:
*Тәрбиеші әр сабаққа тынғылықты дайын болуы керек;
*Оқушылардың есту қабілетін және ауызша сөйлеу тілін дамытудағы есту – сөйлеу тәртібін және жұмысын сақтау;
*Оқушыларадың өз бетімен дайындығына жетекшілік ету және тәрбиеші жақтан жеке көмек көрсетілуі керек;
Аталған дайындықтың түрлері күн тәртібімен сәйкес, түскі астан кейінгі қосымша демалыстан кейін жүргізілуі қажет. Осы жаста өз бетімен дайындық уақытында білім беру, тәрбие, түзету міндеттері шешіледі. Естімейтіндердің үй жұмысын орындауға формальдық қарым-қатынас белгіленеді. Үй жұмысын орындаудың негізгі міндеттері балаларды өз бетімен жұмыс тәсілдерін үйреткенде ғана бекітіледі. Қажетті лекциканы үйрету арқылы тәрбиеші жаңа білімді бекітеді. Үй жұмысын орындау кезіңде соған жақын жағдай жасау керек. Тапсырманың белгілі бір бөлігін орындағаннан кейін, баламен пікір алмастырылады. Үй жұмысын орындаудың негізгі міндеттері балаларды оз бетімен жұмыс тәсілдерін үйреткенде ғана бекітіледі. Қажетті лексиканы үйрету арқылы тәрбиеші жаңа білімді бекітеді. Үй жұмысын орындау кезінде соған жақын жағдай жасау керек. Тапсырманың белгілі бір бөлігін орындағаннан кейін, баламен пікір алмасытырады. Үй жұмысын орындау уақытында тәрбиеші ауызша және жазбаша жұмыстарды өзара тексеріп, үлгерімі төмен оқушыларға көмек көресту керек. Үй жұмысын орындаудың қорытындысы жайында тәрбиеші сурдопедагогқа хабарлауы керек.
Экскурсия жаңа білімді тереңдету, кеңейту, бекіту мақсатымен өткізіледі. Экскурсия тақырыбы оқу пәнімен байланысты болу керек. Кез келген экскурсияны ұйымдастыру арнайы дайындықты талап етеді: білімділік, тәрбиелік, түзетушілік міндеттерін қою, оның мазмұнын сөздерін анықтау, жеке оқушылар үшін тапсырмалар, көрнекі құралдар дайындау. Экскурсия уақытында тәрбиеші балаларды бақылауларына жетекшілік етеді, жеке тапсырмаларды қалай орындайтындарына мән береді, қиналған кездерінде көмек береді. Экскурсиядан алған білімдерін, әсерлерін мақсатты түрде альбом, қабырға газеті, суреттер арқылы бекіту керек. Есту қабілеті зақымдалған балаларға арналған мектеп-интернаттағы үйірмелік жұмыстар оқушылардың ой-өрістерін дамытуға шығармашылық қабілеттерін, ойлауын, ауызша сөйлеу тілін, қалдық есту қабілетін дамытуға бағытталған.
Үйірмелік жұмысқа қатысу белгілі білім сферасындағы тұрақтылықты, әрекет түрлерін тұрақтандырып, қоғамдық белсенділіктерді қалыптастырады, сөйлек дағдыларын жүзеге асыруға тәрбиелейді.
Есту қабілеті зақамдалған балаларға арналған мектеп-интернатта пәндік үйірмелер ұйымдастырылады (математика, физика, әдебиет, сөйлеу тілін дамыту, еріннен оқу, ЗТО т.б.). Пәндік оқу – оқу пәндері бойынша білімді кеңейтеді және тереңдетеді. Оқушылардың ой-өрісі дамып, ойлау қабілеті, сөйлеу тілі дамиды. Техникалық үйірмелер балалардың модельдеу құру дағдылары мен біліктіліктерін дамытады. Еңбек операциясын жоспарлау дағдыларын бекітеді. Мұндай жұмыстың түрі қазіргі замандағы техникаға жету туралы білімді кеңейту, техникалық кеңістіктің ойлау қабілетін дамытады.
Сурет үйірмелері естімейтін және нашар еститін балалардың қабілеттерін дамытады. Сурет үйірмелері жұмысында коррекциялық бағытты ұстанады. Сыыныптан тыс оқу әдебиеттер бойынша сыныптан тыс жұмыстың құрамды бөлігі болып табылады. Ол баланың кітапқа деген қызығушылығын қалыптастыруға бағытталған. Сыныптан тыс оқу үшін арнайы уақыт бөлінеді. Баланың жас ерекшелігіне қарай және оның оқу дағдыларына қарай сыныптан тыс оқу түрлі формада өткізіледі.
Бастауыш сыныптан бастап, ол тәрбиеші әңгімесімен байланыстырады. Осы кезеңде ойыншықтар мен аппликациялар т.б. оқу мазмұның драматизациясы қолданылады. Мәтінмен жұмыс жасау біліктілігін меңгеру деңгейі бойыншы өз бетімен оқу жүргізіледі. Тәрбиеші мұғаліммен бірге отырып әдеби кітаптарды таңдайды.
Мұғалім мен тәрбиеші тек қана сыныптан тыс оқуды ұйымдастырып қоймайды, сонымен қатар кездескен түрлі қиындыыққа да көмектеседі. Оқуға қызығушылықты дамыту бойынша тұрақты жұмыстын орындалуына үлкен мән беріледі. Сондықтан тәрбиеші мұғаліммен бірге отырып, жазушылар туралы айтып, диафильмдер көрсетіледі, бір жазушының өмірі туралы кинофильм көрсетіледі.
Сыныпта немесе топтық бөлмеде сыныптан тыс оқу бұрышы безендіріледі. Интернатта клубтық жұмыс жүргізіледі, мысалы, кітап құмарлар клубы, жас математик және т.б. Клуб жұмысын ұйымдастыру және жетекшілік ету құрамына жоғары сыныптар, мұғалімдер, тәрбиешілер кірген кеңес болады. Клуб күндері таңдалады, сыныптан тыс сабақтар тақырыпқа сай ойындар, кештер т.б. өткізіледі.
Клуб жұмысының жоспарымен сәйкес түрлі курстар, фестивальдар өткізіледі. Клубтық форма тек мектеп пәндерінен ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік өмір сфераларын да қамтиды. Клубтың ұзақ уақыттың жұмысы тәрбиешінің жағымды әдістерін қалыптастырады. Үлкен тәрбиелік мүмкіндіктер тәрбиеленушілердің теледидар бағдарламаларын көрумен бекітіледі. Тәрбиешінің міндеті – бала жасына сай, апта бойғы телебағдарламаларды талдау. Сонымен қатар баланы сол телебағдарламаларды қабылдауға тәрбиелеу керек. Естімейтін және нашар еститін оқушыларды инернатта еңбекке баулудың арнайы міндеті, еңбек ірекеті процесінде ауызша сөйлеу тілмен қатынас жасай білуді жүзеге асыру еңбек дамыту керек.
Интернаттағы тәрбиеленушілердің еңбек әрекеті өз-өзіне қызмет ету бойынша өз киімін күту, мектеп ауласын тазалау т.б. еңбек формалары арқылы орындалады. Еңбек әрекетінің маңызды, құрамды бөлігі қоғамға пайдалы еңбек болып табылады. Баланың жалпы және сөйлеу тілін дамытудағы нәтижелі құрал, бұл ойын: қозғалмалы-дидактикалық, сюжеттік-рөлдік.
Тәрбиешінің алдына қойылатын арнайы міндеті баланың ойын әрекетін дамыту болып табылады. Интернаттағы ойынды ұйымдастыра отырып, тәрбиешіні естімейтін балалардың ойын әрекеттерінің ерекшеліктерін есепке алады.
Ойынның түрлілігі сөздіктің түрлі көлемін талап етеді. Ойынды өткізудің және ұйымдастырудың жағымды маңызды жағдайы болып табылатындар:
• ойынды өткізуге тәрбиешінің тыңғылықты дайындалуы;
• ойыншықтардың, ойындардың, костюмдердің болуы, балаларды осы заттарды қолдануға үйрету;
• ойын барысында сөйлеу тіл ортасын құру;
• балалардың ойынға деген қызығушылығын арттыру.
Ауызша сөйлеу тіл дағдысын және танымдық қабілетін дамытуға дидактикалық ойынның маңызы зор. Көрнекілік материалға негізделген дидактикалық ойын, сыныпты материалды бекіту және қайталауға, сөздерді талдап қорытуға, естіп-қабылдауын дамытуға әсер етеді,
Спорттық ойындар баланың денсаулығын жақсартуға, дене дамуына әсер етіп, моторлық бұзылуын түзетудің бір құрамы болып табылады. Олар ұжымдық қатынас дағдысы мен әдісін береді.
Интернаттағы ойындар арасында сюжеттік-рөлдік ойындар белгілі орынды алады. Сюжеттік-ролдік ойындар есту қабілеті закымдалған балалардың әлеуметтік мінез-құлқын ересектермен түрлі қарым-қатынастарын дамытады.
Эмоционалдық - ерік сферасын түзету үшін мінез-құлқында ауытқуы бар балаларды тәрбиелеуде қазіргі уақытта арттерапевтикалық әдіс қолданылады.
Естімейтін бала сөйлесу арқылы өзінің әлеуметтік мінез-құлқын дамытады.Түрлі адамдармен, ересектермен, құрдастарымен, кішкентай тәрбиеленушілермен, естімейтін әр турлі жас кезеңіндегі балалармен сөйлесу, қарым-қатынас процесінде бала біртіндеп өзін қоршаған заттар, ойлар туралы мағлұматтар алып білімін кеңейтеді.
Естімейтін балаларға арналған интернатта қарым-қатынас екі негізгі түрде жүзеге асырылады: тұлға аралык және рөл аралық
Тәрбиеленушілердің рөлдік қарым-қатынастарында, ойындық, оқу, танымдық еңбек әрекеттерінің маңызы зор.
Интернат жағдайында балалардың қарым-қатынас ұйымдастыра отырып, тәрбиеші оның мынадай ерекшеліктерін ескеруі керек: сөздік қорының жетіспеушілігі және сөйлеу тілінің дамыуының толық сезінбеуі. Тәрбиенің қазіргі жүйесі: • Білім беру жүйесінде Қазақстандық қоғамда әлеуметтік институт сияқты тәрбие статусын жоғарлату.
• Тәрбиенің регионалды, муниципальдық жергілікті тәрбие жүйесін қалыптастыру.
• Білім беру мекемелеріндегі тәрбие қызметін дамыту және бекіту. Тәрбие субъектісі құрамын кеңейту, білім беру мекемелері мен жанұяның өзара әрекетін дамыту.
• Тәрбие аясындағы қазіргі әдістер мен отандық дәстүрлерді интеграциялау.
Патриоттыққа, азаматтыққа, адамгершілікке тәрбиелеудің механизмдері мен мазмұнын гумманистикалық принциптерді дамыту.
• Балаларға медициналық, әлеуметтік және техникалық, педагогикалық көмек көрсетуде реабилитациялық жүйені құру.
Білім беру жүйесін басқарудың кәсіби деңгейін көтеру, барлық әлеуметтік институттардың өзара әрекетін қаматамасыз ету.
2.Тәрбие адамдардың түрлі өмір әрекет сферасында өзара әрекет жасау процесінде, соның ішінде басты рөлдегі мектепте жүзеге асады.
Тәрбие қоғамдық дамудың осы кезеңінде жаңа көріністер тапты. Адам тәрбие жүйесінің орталығында өмірдің жоғары, бағалы құндылығы болып табылады. Оқыту және білім беру тәрбиенің құрамы болып табылады. Адам тұлғасының қалыптасуында таңдалған еркіндік тәрбие мәселесінің негізгі әдістемелік шешімі болып табылады.
Тәрбие просесінің негізгі бір сипаттамасы - оның мақсатты бағытталуы. Тәрбиенің мақсаты - бала тұлғасын жан-жақты дамытуға көп образды әрекет түрлері жатады (интеллектуалды, қоғамдық, еңбек, спорттық, ойындық, коммуникативті).