Тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар: 1. Сөреден шығу әдістері.
2. Жүгіру қашықтықтары.
3. Секіру түрлері.
4. Лақтыру
5. Жеңіл атлетика жетістіктері
ӘДЕБИЕТТЕР Негізгі: 1.
Қосымша:
Лекция №4 Тақырыбы: Баскетбол ойынының шығу тарихы және даму жолдары 1. Баскетбол ойыны туралы жалпы түсінік
2. Баскетболдан қазақстан құрамасының жетістіктері
Ойынның атауы ағылшынның «баскет» - себет және «бол» деген сөзінен шыққан. Баскетбол әлемнің көптеген елдерінде кең тараған. Ойынның маңызы оның бес адамдық екі командадан құрылып, қарсыластың бөгет жасауына қарамастан допты қолмен беріп, оны нысана - себетке неғұрлым көп салуға, яғни белгіленген уақыт ішінде осыған үлгеруге тырысуына құрылған. Ойын соңына қарай әрбір себетке салынған доппен есептелетін ұпай саны көп жинаған команда жеңімпаз болып табылады.
Баскетболға ұқсас ойындар көптеген-ақ пайда болған. Алайда, баскетболдың туған жылы ретінде ресми түрде 1891 жыл есептелінеді. Оны ойлап шығарған дене тәрбиесі мұғалімі Дж.Нейсмит болып табылады.
Ойын бастапқы да тоғыз адамдық, екі команда арасында футбол добымен жүргізілді, допты балконға бекітілген жеміс себетіне қолмен салады.
Ережелер бірте-бірте өзгертіліп, ойын көптеген елдерде тез таныла бастады. 1932 жылы баскетбол кең тараған елдер Женевада жиналып, баскетболдан Халықаралық әуесқойлар федерациясын құрды (ФИБА). 1935 жылдан бастап, ерлер арасында, ал 1938 жылдан бастап әйелдер арасында Еуропа біріншілігінен жарыстар өткізіле бастады. Ерлер арасындағы Әлем біріншілігі 1950 жылдан бастап, ал әйелдер арасында 1953 жылдан бастап өткізіліп келеді.
1947 жылы Кеңес Одағының баскетболшылары Халықаралық баскетбол федерациясына кіріп, ерлер құрамасы V Еуропа біріншілігіне қатысып, чемпиондық жүлдені жеңіп алды. Бұдан соң Ресейдің баскетболшы жігіттері мен қыздары барлық халықаралық жарыстарға қатыса бастады, яғни Еуропа мен әлем біріншіліктеріне, олимпиада ойындарына (1952 жылы) және басқа жарыстарға қатысты.
1952, 1956, 1960, 1964 ж.ж. олимпиада ойындарында КСРО ерлер құрамасы екінші орын; ал 1968-1976 және 1980 ж.ж. үшінші орын алды. Ал 1972 жылы Мюнхен қаласында өткен XX Олимпиада ойындарында КСРО құрама командасы АҚШ құрама командасын жеңіп, бірінші орын алды. АҚШ-тың баскетболдағы үстемдігі бұзылды. Ресейдің баскетболшыларының жоғары шеберлігі көптеген жарыс нәтижелері айғақтайды. 1974 жылы КСРО ерлер құрама командасы әлем біріншілігін жеңіп алды, ал 1975 жылы құрылық аралық кубокті жеңіп алды. Сондай-ақ Еуропа біріншілігін он жеті рет, әлем біріншілігінде алты рет бірінші орын алған әйелдер құрама командасының да жоғары дәрежелі шеберлер екенін көрсетеді.
Монреальда өткен (1976 жылы) XXI Олимпиада ойындарында КСРО баскетболшы қыздары бірінші рет жеңімпаз атанып, оны 1980 жылы Мәскеу олимпиадасында да сақтады.
Кеңес баскетболының табысы отандық мектеп құру нәтижесінде мүмкін болды, ал қазіргі таңда әлемде негізгі орын алады.
Кеңестік ойын стиліне белсенділік, ұжымшылдық жеңіске жетудегі табандылық құралдарды таңдаудағы үйлесімділік тән. Бұл баскетбол ойыншының көрінісін байытады, ол терең оймен және спорттық күреспен толыққан және миллиондаған адамдардың баскетболмен шұғылдануы кездейсоқ емес. Қазіргі кезде әрбір қалада, әрбір мектепте үнемі балалар да, ересектер де баскетбол ойнайды. Баскетбол адамдарға қуаныш пен денсаулық сыйлайды. Бұл ойын дене дайындығы мен белсенді демалыстың тамаша құралы болып табылады.
Баскетбол ұжымдық ойын. Ойын 28х15м көлемдегі алаңда, 5 адамдық командалар арасында 40 минут барысында 10 минуттық үзіліспен ойналады.
Ойын мақсаты – қарсылас шығыршығына көп мөлшерде доп салу.
Баскетбол ойынындағы соңғы нәтиже өте айрықша.
соңғы нәтижеде үлкен сандық көрсеткіш (орта есеппен бір ойында 80-85 ұпай);
аралық нәтижелердің өзгеру жиілігі (орта есеппен әрбір 30 сеундта есеп өзгеріп отырады);
тең нәтижесінің болмауы, яғни сайыстың тең шешілуі мүмкін емес.
Табысқа жету үшін барлық команда мүшелерінің әрекетінің үйлесімділігі, өз әрекеттерін ортақ мақсатқа жұмылдырулары қажет.
Командадағы әрбір ойыншының әрекеті олардың алатын орнына қарай нақты бағытта жүргізіледі:
орталық ойыншы – бойы ұзын, дене бітімі шымыр, төзімді және серпінді болуы тиіс;
шеткі шабуылшы – бұл ең алдымен ұзын бой, шапшаңдық, секіргіштік, уақыт пен кеңістікті сезінуінің жақсы дамуы, мергендік қабілет ойын барысын бағалай білу мен батыл және шешімтал шабуылдай білу;
қорғаушы өте шапшаң, қозғалғыш және төзімді, танығыш әрі мұқият зейінді болуы тиіс.
Ойыншыларды қызметі бойынша бөлу – ойын әрекетінің негізгі принциптерінің бірі. Ойыншыларды ойын амалдары мен алаңдағы орналасуына қарай ғана емес, сондай-ақ оларды психофизиологиялық ерекшеліктеріне қарай да ажыратады.
Әдістердің жіктелуі – бұл оның барлық әдіс-амалдарының белгілі бір сипаттарына қарай бөлімдер мен топтарға бағындырылып бөлінуі. Бұндай сипаттарға алдымен спорттық сайыстағы (торды қорғау немесе шабуылдау үшін) амалдарды белгілеу, қимыл мазмұны (доппен немесе допсыз), сондай-ақ оның қозғалыстық және өзгермелілік құрылымының ерекшеліктері жатады.
Баскетбол әдістерін үлкен екі бөлімге бөледі. Шабуыл әдісі және қорғаныс әдісі. Олардың әрқайсысын екі топқа бөледі. Шабуыл әдісінде – қозғалыс әдісі мен допты игеру әдісі, ал қорғаныс әдісінде – қозғалыс әдісі мен допты тартып алу және қарсы әрекет әдістері. Әрбір топта ішінара өз амалдары мен оларды орындау әдістері болады. Амалды орындаудың әрбір әдісінде бірнеше түрлері бар, олар қимыл құрылымының жекелеген бөліктерін ашады. Бұған қоса әдістің өзгермелі құрылымына орындау шарты әсер етеді, ол ойыншының қозғалыс спецификасын, бастапқы қалыпты, бағытын және арақашықтығын нақтылайды.
Келтірілген жіктеуде финтке жеке орын бөлінбейді, себебі финт-бұл ойыншылардың нақты амалды қарсыласын қателестіріп, соны пайдаланып, келесі амалды тиімді қолдану үшін қолайлы жағдай тудыру мақсатында (мысалы, доп беруде қолды сермеу, лақтыруда торды дәлдеу) тек жекелеген бөліктерін ғана орындау болып табылады.
Ойын әдістерін жіктеудің қағидалық схемасы мынадай болуы мүмкін:
әдіс бөлімі – шабуыл әдісі;
әдіс тобы – допты игеру әдісі;
амал әдісі – допты торға салу;
орындалуы – бір қолмен жоғарыдан;
түрі – тұлғаны артқа серпіп;
орындау шарты – орта қашықтықтан, тоқтаған соң, секіріп.
Баскетбол әдістерінің жіктелуі осы схема бойынша құрылған . Әдістік амалдарды орындаудың әрбір әдісін талдау жүйелік – құрылымдық негізге сүйенеді. Бұл жағдайда әдіс ойыншы денесі топтарының жиі қимылдауы, яғни негізгі жүйе элементтерінен тұратын қозғалыс жүйесі ретінде қарастырылады. Бұндай элементтерді уақытқа сәйкес орындау бүтіндей қимылды белгіленген тапсырманы іске асыратын элементтер жиынтығы ретінде зерттеуге мүмкіндік беретін кезеңдік талдау көмегімен қарастырады. Бұдан шығатын қорытынды баскетболда амалдардың дайындық кезеңі (амалды тиімді орындаудың алғы шарттары), негізгі немесе жұмысшы кезеңі (мақсатқа жету) және қорытынды, яғни амалды орындаған соң келесі қимылға дайындық жағдайына өту деп бөлінеді.
Тең мөлшерлі әдіс жаттығуды теңкөлемді ырғақта үздіксіз ұзақ орындауды ұсынады. Бұлшықет топтарының көп бөлігі қатысатын кросстар, шаңғымен жүгіру, жүзу, айналымдық сипаттағы жалпы дамытушы жаттығулар спортшы ағзасының қызметтік мүмкіндіктерін арттыру үшін қолайлы жағдай тудырады. Бұндай жаттығуларды орындағанда, жүрек жиырылуының жиілігі минутына 140-150 соққыға жетеді, ұзақтығы 60-90 минут болатын жұмыс әсіресе, дайындық кезеңінде жалпы төзімділікті дамытуға көмектеседі.
Жаттықтырудың ауыспалы әдісі түрлі қарқындағы жүктемелерді кезектестіруді қарастырады. Жүктемені бұлай кезектестіруге мысал ретінде баскетболшының жалпы және арнайы дене дайындығы сатысында кең қолданылатын фартлек жүгірісін (жылдамдыққа жүгіру) алуға болады. Негізгі факторы қимыл құрылымы болып табылатын түрлі, ойын жаттығуларын үздіксіз орындауда жаттықтырудың осы әдісіне жатады.
Қайталау әдісі жүктеменің мазмұнын, көлемі мен сипатын сақтап, жаттығуларды бірнеше дүркін орындауға құрылады. Мысалы, бірдей жылдамдықпен бүкіл баскетбол алаңын құрайтын ұзындықты бірнеше мәрте жүгіріп өту, қайталап салмақ көтеру, белгілі бір әдіспен бір нүктеден бірнеше дүркін доп салуды орындау; ЖЖЖ қайталау алдында 120-130 соқ/минуттан төмендемеуі тиіс. Бұл әдіс баскетболшыға бір жаттықтыру барысында үлкен көлемдегі жұмысты атқаруға, мүмкіндік беріп, қызмет мүмкіндіктерін жетілдіруге, қимыл дағдыларын нығайтып, қалыптастыруға көмектеседі. Қайталау әдісін күшті, шапшаңдықты, төзімділікті, иілгіштікті, ептілікті тәрбиелеуде және әдіс-тәсілдік дайындықта қолданады.
Баскетболшылардың күш қабілетін тәрбиелеуде «бас тартқанға дейін» жаттығуларын орындау әдісі қолданылады, оның негізін баскетбол элементтеріне ұқсас құрылымы бар тартылу (максимум 60-70%) жаттығуларын қайталап орындау құрайды.
Барынша күш салу әдісі баскетболшы екі-үш реттен артық көтере алмайтын ауыр салмақ көтеру жаттығуларын пайдалануды ұсынады. Жаттығулар арасындағы үзілістік қалпына келтіруді қамтамасыз ету үшін 5 минут шамасында аптасына бір сабақ болуы тиіс. Бұл әдіс күшті тәрбиелеуде өте тиімді.
Қайталау әдісінің тағы бір түрі қайталау - үзілісті жаттықтыру әдісі болып табылады, ол қайталау барысында жүктемені бірде ұлғайтып, бірде азайтып, жүктемені көтеруге ден қойып, өзгертумен сипатталады.
Интервалдық әдіс қайталау арасында жаттығу ұзақтығы мен демалыс үзілістерін қатаң қадағалап, қысқа мерзімдік жұмысты бірнеше дүркін қайталауды ұсынады. Жатты,у қарқыны ЖЖЖ бойынша шамамен 180 соқ/минут болып бақыланады. Айналымдық сипаттағы жаттығулардың ұзақтығы 1,5-2 минут баскетболшының арнайы жаттығуларының ұзақтығы - 2-3 мин. Тынығу үзілістері әлсіз немесе белсенді болуы мүмкін. Олардың ұзақтығы ЖЖЖ-ның қалпына келуімен бақыланады, ол 120-130 соқ/мин тең. Қайталау саны 10-20 рет. Бұл әдісті қолдану жүрек бұлшықетін дамытуға, жүрек көлемін ұлғайтуға және аэробты алмасу көрсеткіштерін жақсартуға көмектеседі.
Ойын әдісі жарыс жағдайын бөлшектей үлгілеуге көмектеседі. Оны ойын барысын белгілі оқиғамен және соңғы мақсатымен тұрақты және күтпеген өзгерістер сипаттайды. Ол қимыл әрекеттерін кешенді көрсетуді, дербестікті, бастамашылдықты және ойыншылар арасындағы өзара түсіністіктің болуын талап етеді. Ойын әдісін баскетболшының жеке қабілеттеріне таңдап әсер етуде және оның қимыл әрекеттерін кешенді жетілдіруде пайдалануға болады.
Жарыс әдісі - бұл арнайы ұйымдастырылған сайыс, бұнда жеке және командалық күрес үшін жағдай жасалған. Жарыс процесі қарсы қимыл факторы болатын жағдайда жоғары қызметтік ілгерілеу, ерекше көңіл-күй, психологиялық толқу қолайлы жағдай тудыруға көмектеседі. Бұл әдіс дайындықтың жеке міндеттерін шешуде, мысалы дене сапаларын тәрбиелеуде, әдістік амалдарды, тәсілдік өзара әрекетті жетілдіруде, оқушылардың қызығушылықтарына дем беріп, белсендіру үшін қолданылуы мүмкін.
Көмекші әсерлер әдісі дене сапалары мен қимыл дағдыларын дамытуда өзара байланысқа негізделген. Бұл үшін баскетболшының қимыл әрекетінің биомеханикалық және анатомо-физиологиялық ерекшеліктерінің өзгеруіне сәйкес жағдайда қажетті қимыл сапаларын дамытуға бағытталған арнайы жаттығулар пайдаланылады. Мұнда тек жұмыс істейтін бұлшықеттер құрамы ғана емес, сондай-ақ жұмсалатын күш көлемі, туындаған жағдайлар тәртібі мен осы күштердің қимылдың түрлі кезеңдерінде өзгеру сипаттары ескеріледі, ол жүйке-бұлшықет жүйесінің жұмысын жақсартып, қимыл әрекетінің жоғары әсерлілігін қамтамасыз етуге жәрдемдеседі.
Көмекші әсерлер әдісін баскетболшыларды дайындаудың арнайы және жарыс алдындағы кезеңдерінде, сондай-ақ дене дайындығына уақыт аз болған жағдайда дене әдістік және тәсілдік дайындықтар міндеттерін тығыз байланыстыру қажет болған жарыс кезінде пайдаланады.
Айналымдық жаттықтыру - бұл сабақты ұйымдастыру түрі, оның құрылуының негізгі әдістемелік принциптері мына ережелер:
«Бекетті» бірізді ауыстыру ретімен орындалатын дене жаттығулары кешенді жасақтауды айналымдық пайдалану.
Топтық сабақтарға есептелген, ол спорттың ойын түрлеріне ерекше лайықты.
Баскетболшының жан-жақты даму негізінде жұмыс қабілетін арттыру. Жаттығулар кешені спорттың әр түрінің қосымша жаттығуларынан, сондай-ақ баскетболшының арнайы жаттығуларынан құралады.
Кешенді жаттығулар жүктемесін қатаң бақылау. Ол жұмыс қабілетін дамытудың негізі құрамдас бөліктері - жаттығу ұзақтығына, қарқындылығына, қайталау санына, нақты белгіленген демалыс үзілістері мен жеке «бекеттер» және айналымдар арасындағы қатаң бірізділікпен мөлшерленген жүктемеге сүйенеді. Жаттығу ұзақтығы аэробтық және анаэробтық қабілеттерді дамыту мүмкіндігі есебінен таңдалады. Қарқындылығы жүрек жиырылу жиілігі бойынша мөлшерленеді.
5) Жарыс деңгейіне жететін немесе одан асатын қарқындылықты пайдалану (әрдайым баскетболдың арнайы құралдарымен жетуге мүмкін емес) жүрек жиырылу жиілігі жүктеменің әсерін бағалауға мүмкіндік беріп, спортшы ағзасын қуатпен қамтамасыз ету жүйесінің қызмет жағдайына арналған түрлі жаттығулардың әсерінің сипаты қызметін атқарады. Жаттығуларды олардың әсер ету қарқындылығы бойынша бөлу жүктемені дұрыс бағытта жоспарлап бақылауға, белгілі бір сапаны дамыту үшін арнайы жаттықтыру құруға мүмкіндік береді.
6) Жүктемені жеке мөлшерлеудің үлкен мүмкіндіктері (әрбір жаттығуды көп мөлшерде қайталап анықтауда пайдалану негізінде). Жүктеме мөлшері бүкіл оқушыларға бірдей және қатаң түрде жеке тұлғалық болып белгіленеді.