Лекция №1 Тақырыбы: Таңдаған спорт түрінің теориясы мен әдістемесі пәніне кіріспе



бет9/41
Дата05.03.2023
өлшемі1,17 Mb.
#71623
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   41
Жалпы дене дайындығы - бастауыш футболшының дене дайындық физикалық дамуымен жан-жақты дайындығының толыққанды дамуын қамтамасыз етеді. Ол негізгі физикалық сапалардың дамуына бағытталған және өмірде қажетті ептілік әрекеттерін ұсынады.
Жалпы дене дайындығының мақсаты - жаттығушының әрекет дайындығын жақсарту, арнайы дайындықтың фундаментін қалау. Дене дайындығы дамуының сапасы ретінде жалпы дене жаттығуларын жасау және спорттың басқа түрлерінің жаттығуларын жасау ұсынылады. Жаттығудың мүндай әртүрлілігі бастауыш футболшының қимыл-әрекетінің кеңеюіне бағытталған. Бұл жағдайды түрлі сапалар мен дағдылардың, әсерлердің заңдылықтарын ұғыну керек. Олар қалыпты, қалыпсыз немесе нейтралды болуы мүмкін. Мысалы: жаттығушының күшінің ұлғаюымен шыдамдығы ұлғаяды, қозғалыс кардиниясы, соққының дәлдігі жақсарады. Қалыпты тасымал негізгі ойындық дағдыларды қабылдау құрылымын бұлшықет жұмыстарының режимін қамтамасыз етеді.
Жалпы дене дайындығы өзінің мақсатына, жаттығушы тұрақты және үздіксіз жаттыққанда ғана жетеді. Ол футболшыларды дайындау кезеңінің барлық оқу-жаттығу сабақтарының міндетті құрылымды бөлігі ретінде қарастырылады. Әрине жалпы дене дайындығы бастапқы этаптарда көпжылдық дайындықты орын алады. Спорт шеберлігінің дәрежесі (ұлғаю) және жас ұлғаюмен оның үлесі азайып және керісінше арнайы дайындық үлесі ұлғаяды.
Арнайы дене дайындығы - бұл айналысушының дене сапаларын және функционалды мүмкіндіктерін дамыту мақсатында бағытталған футбол спецификацияларымен сәйкес келтіретін және жоғары спорт көрсеткішіне жетуді қамтамасыз ететін процес.
Арнайы дене дайындығы ойынның техникалық тәсілдерін игеруге, айналысушының тактикалық шеберлігін жоғарылатуға, оның спорттық форманы игеруіне, сонымен қатар психикалық дайындығын жетілдіруге мүмкіндік туғызады. Оның негізгі мақсаты - күшті, жылдамдықты, ептілікті, шыдандылықты, икемділікті өзара байланыстырып және біріктіріп барынша дамыту.
Бұл есептерді шешу үшін футбол ойындарына мінезделген күштену, үйлестік қозғалыс ырғағы мен шапшаңдығының арнайы дайындық жаттығуларын пайдалану ұсынылады. Бұл үшін бәрінен бұрын техника тактикалық жаттығулар, спорттық және қимылдың ойындар, футбол ойындары, спорттық басқа түрлерінің жаттығулар сай, дәл келеді. Арнайы дене дайындығы жалпы қозғалыс дайындығына жинақталады. Оның міндетін шешу үшін айналысушы жалпы дамытудың анықталған деңгейіне жеткенде ғана өту ұсынылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет