Лекция №1 Тақырыбы: Таңдаған спорт түрінің теориясы мен әдістемесі пәніне кіріспе


Тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар



бет10/41
Дата05.03.2023
өлшемі1,17 Mb.
#71623
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   41
Тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Футболдың шығу тарихы.
2. Әлем чемпионаттары.
3. Жалпы дене дайындығы.
4. Арнайы дене дайындығы.


Лекция №6
Тақырыбы: Волейбол ойынының шығу тарихы және оның дамуы
1. Волейбол ойыны туралы жалпы түсінік
2. Қазақстанның волейбол спортындағы жетістіктері
АҚШ-тағы аталған ойынды Массачусетс штаты Гелиок қаласының колледжіндегі
дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы Вильям Морган ойлап тапты. Ол аса дайындықты және жабдықтарға көп шығынды қажет етпейтін, қарапайым ойын ойлап тапқысы келген. 1895 ж. Морган жаңа ойынның ережесін жасады және ол «волейбол» деп аталды, ағылшын тілінен аударғанда «ұшатын доп» дегенді білдіреді. Волейбол алғаш рет 1896 жылы шілдеде Спрингфилдте көпшілікке таныстырылды.
1897 жылы АҚШ-та жарияланған бірінші ережеде он параграф бар.
§ 1. Алаңды белгілеу.
§ 2. Ойын құралдары.
§ 3. Алаң көлемі – 25 х 50 фут (7,6 м х15,1 м).
§ 4. Тордың көлемі – 2 х 27 фут (0,61 м х 8,2 м). Тордың биіктігі – 6,5 фут (198 см).
§ 5. Доп – тері немесе мата қаптағы резеңке камера. Доптың көлемі – 25-27 дюйм (63,5-68,5 см), салмағы – 340 г.
§ 6. Доп тастау. Доп тастайтын ойыншы сызықта бір аяғымен тұрып, допты ашық алақанмен ұруы тиіс. Егер бірінші доп тастауда қателессе, онда доп тастау қайталанады.
§ 7. Есеп. Қарсыласынан ұшып келіп, қабылданбаған доп 1 ұпайға саналады. Тек өзі доп тастағанда ғана ұпай саналады. Егер тасталғаннан кейін доп тастаушылар жағында болса және олар қате жіберсе, онда доп тастаушы ойыншы ауыстырылады.
§ 8. Егер доп ойын барысында (доп тасталғанда емес) торға тисе, бұл қате саналады.
§ 9. Егер доп сызыққа түссе, бұл қате саналады.
§ 10. Ойыншылар саны шектеусіз.
Ойын бірте-бірте түрлі елдерге таныла бастады. Әсіресе Еуропа құрылығында волейбол кең таралды (Чехословакия, Франция, КСРО). Елдердің алғашқы біріншіліктері өткізіле бастады (Чехословакия, Польша). 1928 жылы Мәскеуде Бүкілодақтық Спартакиада өтіп, оның бағдарламасына волейбол ендірілді.
Волейбол кең таралып, ойын ережесі де өзгертіліп, жетілдірілді:
1900 ж. – екі команданың бірі 21 ұпай жинағанда партия аяқталады; тордың биіктігі – 7,5 фут (213 см); сызық алаңның бөлігі болып табылады.
1912 ж. – алаң көлемі – 35 х 60 фут (10,6 х 18,2 м), тордың ені – 3 фут (91 см). Доп тастауда қателессе, ойыншылар ауысады.
1917 ж. – тордың биіктігі – 8 фут (243 см); партия 15 ұпайға дейін жалғасады.
1918 ж. – команда құрамы алты ойыншыға дейін шегерілді.
1921 ж. – ортаңғы сызық ендірілді.
1922 ж. - әрбір команданың ойыншысына тек допты үш рет ұруға рұқсат етілді.
1923 ж. – алаң көлемі - 30 х 60 фут (9,1 х 18,2 м). 14:14 есебінде 2 ұпайды бірінші жинаған команда жеңімпаз саналады.
Көріп отырғанымыздай 1917-1925 ж.ж. аралығында волейболды ойын ретінде сипаттайтын ережелердің негізгі тармақтары қалыптасты.
Ережемен қатар волейболдың әдістері мен тәсілдері де өзгерді. Алғашқыда волейбол жай ойын ретінде қабылданды. «Ұшатын доп» атауы ойын мазмұнына толық сәйкес келді. Доп ауада ұзақ болатын. Алаңда ойыншылардың көп болуы (8-9 адам және одан көп) ойыншылардың әдіс-тәсілдерінің әлсіздігіне қарамастан қарсылас алаңының бос жеріне доп ұру қиындық тудыратын. Алайда бірте-бірте қарсыласының іс-қимылын қиындататын, допты тордан асыра ұру амалы пайда болды.
Сондай-ақ қарсылас жағына бірінші соққыдан доп ұру әрдайым дұрыс бола бермейтіні белгілі болды. Егер доп алаңның алдыңғы бөлігінен тор арқылы берілсе, ұпай үшін жақсы жағдай туындайтыны көрінді. Ойыншылар допқа бірнеше рет қол тигізу әдісін қолдана бастады және ұжымдық іс-қимыл сипаты пайда болды. Қол тигізу санын шегеру ережесінің тармақтарын ендіру әдіс-амалдарды дамытуға септігін тигізді. Үшінші соққы шабуыл соққысы болды. Ойын тәсілі алғашқы кезде ойыншыларды алаңға тең орналастыру мен қарсылас жағына доп ұруға құрылды.
1921-1928 ж.ж. ойын ережесі нақтыланып, әдіс-амалдар қалыптасты (доп тастау, доп беру, шабуыл соққы, тосқауыл). Негізгі ойын тәсілдері пайда болды. Бірнеше ойыншы қимылдарын ұйымдастырып, олардың жекелеген әдіс-амалдарын қолдануы бірінші кезекте тұрды.
Осы сатыда бұрын допты ойынға қосу әдісі ретінде қолданылып келген доп тастауды дамыту оны шабуыл құралы ретінде пайдалануға мүмкіндік берді. Жоғары бүйірден доп беру пайда болды. әдістік-амалдар қарқынды шабуыл сипатында болды. Ойын тәсілі жинақталып, ойыншыларды мамандандыру қажеттілігі туындады.
1929-1939 ж.ж. әдістер мен тәсілдер даму кезеңін бастан өткерді. Қарсыласының шабуыл соққыларына қарсы жиі қолданылатын топтық тосқауыл пайда болды. Бұл өз кезегінде шабуылшы соққылардың әдістерін дамытуға көмектеседі. Ойыншылар күш және жалған соққыларды пайдалана бастайды. Тосқауылшыларды қауіпсіздендіру қажеттігі туындады. Бұл амалды 6-аймақ ойыншысына тапсырды. Бүйірден шабуылдау соққысы пайда болды.
Волейбол ұжымдық ойын болды. Бұл ойыншыларды алаңда команданың шабуыл және қорғаныс іс-қимылдарын ұйымдастыруға орай орналастыруда көрінеді.
1934 ж. Стокгольмде спорт федерациялары өкілдерінің халықаралық мәжілісінде волейболдан әдіс-тәсілдік комиссия құру ұсынылды. Бұл ұсыныс 1936 ж. Берлинде өткен ХІ Олимпида ойындарында қабылданды. Польша федерациясының төрағасы Равич-Масловски комиссияның төрағасы болды. Комиссияға 13 еуропа елдері, 5 Америка құрылығының елдері, 4 Азия елдері енді. Америкалық ережеге төмендегідей өзгерістер ендіріліп, басшылыққа алынды:
- метрмен өлшеу мөлшеріне енді,
- белге дейінгі дене бөлігімен допты ұруға рұқсат етілді;
- тосқауылда допқа қол тигізген ойыншыға келесі ойыншы допқа қол тигізбейінше допты ұруға рұқсат етілмеді;
- әйелдер үшін тордың биіктігі 224 см;
- доп тастау орыны шектелді.
Сонымен қатар комиссия волейболды 1940 ж. Олимпиада ойындары бағдарламасына ендіру туралы келіссөз жүргізді.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Франция, Чехословакия және Польшаның бастамасымен жаңа әдістік комиссия құрылды, оның шешімімен 1947 жылдың сәуірінде Парижде волейболдан бірінші конгресс болды. Оған 14 ел қатысты. Конгресс Халықаралық волейбол федерациясын (ФИВБ) құру туралы шешім қабылдады.
Халықаралық федерация құру волейболды спорт түрі ретінде тануға көмектеседі. Оның халықаралық маңызы артты.
1948 жылы Римде ФИВБ волейбол тарихында бірінші рет ерлер командасы арасында Еуропа біріншілігі өтті, оған 6 команда қатысты. Чехословакия командасы бірінші орын алды.

Бұдан кейінгі жылдарда барлық мемлекеттерде волейбол қарқынды дамыды (1948-1968 ж.ж.). халықаралық федерацияның басшылығымен Еуропа, Әлем біріншіліктері мен Әлем Кубоктері тұрақты өткізілді.


Ойын ережелері де жетілдірілді: 1949 ж. әр партияда үш үзіліс ендіріліп, топтық тосқауылға рұқсат етілді; 1951 ж. шабуыл сызығы ендіріліп, доп тастағаннан кейін алаңдағы ойыншылардың орындарын ауыстыруға рұқсат етілді, 1952 жылдан бастап үшінші үзіліске тиым салынды.
1952 ж. ойында көптеген үзілістердің кездесуінен өзін қызықтырудан қалды, сол себепті ауысу саны азайып (12-ден 14-ке дейін), ауысу мен үзіліске жұмсалатын уақыт қысқартылды (1 минуттан 30 секундқа дейін); доп тастағандағы қалқанды орындауға тиым салынды. Сонымен қатар төрт жылда бір рет қана ережеге өзгеріс ендіру жөнінде шешім қабылдады. 1961 ж. ойын барысындағы ауысуларды 6 ретке дейін көтеріп, ал ауысуға жұмсалатын уақытты азайтты. 1965 жылдан бастап күшіне енген ережедегі өзгерістер волейболға көпшіліктің қызығушылығын арттыруға бағытталды. Тосқауыл барысында қолды қарсылас жағына қарай ауыстыруға рұқсат етіліп, тосқауылға қатысқан ойыншыға допқа қайтара қол тигізуге рұқсат етілді. Нәтижесінде қорғаныс алдындағы шабуылдың маңызы азайды, сонымен қатар тосқауылдағы қателерді тіркеу кезіндегі төрешіліктің жалпылама бағалауы жойылды.
Ережелерді жетілдірумен қатар волейболдың әдістері мен тәсілдері де дамыды. Тордың шетінен ұру мен тосқауылдың жоғары жағынан ұру пайда болды. Шабуылда бірінші доп беру мен алға шыққан ойыншының екінші доп беру әдісі дамыды. Олар өз кезегінде «крест», «тізбек», шегініп барып ұру тәрізді қызықты айла-шарғылардың туындауына серпін берді.
Әлемнің көптеген үздік командалары біртіндеп тиімді ойынға ауыса бастады. Бұған доп тастаудың қарқынының өсуі (әсіресе Жапония командасының халықаралық аренаға шығуына) мен шабуылдың қорғанысқа қарағанда басымдылығы осыған мәжбүр етті. Команданың көптеген ойыншылары берілген допты екі қолмен төменнен қабылдауға көшті. Бұл допты қабылдау кезінде кездесетін қателерді азайтуға көмектесті.
Допты екі қолмен төменнен қабылдауға өту тиімді болып, бірінші доп беруден шабуылдау ойын тәсілін сирек қолданды. Тосқауыл қою ережесін өзгерткеннен кейін (1965 ж.) тосқауыл белсенді қорғаныс құралы болды. Тосқауыл қоюшыға қарсылас жағына қарай қолын ауыстыруға рұқсат берілгеннен кейін, шабуылшылар өте қиын жағдайда қалды. Жаңа әдіс-амалдар мен түрлі іс-қимылдар табу қажеттігі туындады. Соңғы кездерде шабуылдағы ойындарда алдыңғы ойыншылармен қатар артқы сызықтағы ойыншылар да қатысады, доп беру биіктігі төмендеп, олардың жылдамдығы азаяды.
1949 ж. қыркүйекте Прага қаласында ерлер командасы арасында әлем біріншілігі мен әйелдер командасы арасында Еуропа біріншілігі өтті. Еуропа мен әлемнің алғашқы жеңімпаздары Кеңес одағының спортшылары болды.
1952 ж. (Мәскеу) екінші рет ерлер арасында екінші рет, әйелдер арасында бірінші рет әлем чемпионаты өткізілді. Бұл жерде де КСРО командалары жеңімпаз атанды. Бірінші рет Азия құрылығының өкілдері әлем чемпионатына қатысты (Үндістан).
**1956 ж. әлем біріншілігінде (Париж) Азия құрылығында Үндістан ҚХР КХДР тәрізді үш команда қатысты. Бірінші рет Америка құрылығының волейболшылары келді, (АҚШ, Бразилия, Куба). Бұл әлем біріншілігі қатысушы командалар саны бойынша рекорттық көрсеткішке ие болды, яғни 17 әйелдер, 24 ерлер командасы қатысты.
1960 ж. әлем Чемпионаты Бразилияда өтті. Бұл Чемпионатта КСРО әйелдер құрама командасы үшінші рет әлем Чемпионы атағын жеңіп алды. Күміс медальді Жапонияның әйелдері командасы жеңіп алды. КСРО ерлер командасы тағы да Әлем Чемпионы Атанды Олимпиада алдындағы әлем Чемпионаты 1962 ж. КСРО – да өтті. Әйелдер арасында әлем Чемпионы атағын Жапония спортшылары, ал ерлер арасындағы Кеңес Одағының волейболшылары жеңіп алды.
Бұдан кейінгі жылдары көптеген командалардың әдістері едәуір жетілді. Доп тастау қарқынды, ал шабу тәсілі өте тиімді болды.
1963 ж. көптеген халықаралық жарыстар 1964ж. Токиода Олимпиада ойындарына дайындық ретінде өтті. Көптеген командалар негізгі құрамды 5-1 принципі бойынша топтастырды. Әйелдер арасында бірінші әлем Чемпионы Жапон спортшылары, ерлер арасында КСРО командасы атанды. Бұрын жүлделі орындарға екі-үш команда Таласса, енді бес- алты команда бәсекеге түсетін болды. Олимпиада күндері Токиода төрешілер комиссиясының мәжілісі өтті, онда жарыс ережелеріне өрістер ендірілді. Бұл ережелер 1965ж. күшіне енді.
1965ж. ерлер командалары арасында алғаш рет әлем Кубогі өтті. Ол көптеген командалар құрамына жастарды қабылдау ұранымен өтті. КСРО құрама командасы біріншілігі орынды жеңіп алды. Бұл жаңа ереже бойынша өткен тұңғыш ресми жарыс болатын. Олар тосқауылдың қаншалықты маңызды екенін көрсетті.
1966 ж. шілдеде Венгрияда (20 жасқа дейін) жасөспірімдер арасында тұңғыш рет Еуропа біріншілігі өтті. Оған 12 әйелдер және 16 ерлер командасы қатысты. КСРО жасөспірімдердің ерлер және әйелдер командасы Еуропа чемпионы атанды. 1966 ж. әлем біріншілігі көптеген командалардың ойыншылар тобы өскенін көрсетті. Енді жүлделі орындарға бес-алты командадан бәсекеге түсетін болды. Турнирге қатысқан командалардың барлығы да жеңілістен құтыла алмады. Чехословакия, Румыния, КСРО сияқты әлемнің күшті командаларының қатарына ГДР, Жапония командалары да қосылды. ҚХР, АҚШ, Куба, Бразилия құрама командаларының шеберлігі өсті. Шабуылдағы ойын тәсілінің құрамы толықты.
1965 ж. бастап волейболдан ірі халықаралық турнирлердің өту жүйесі құрылды: әлем кубогі, келесі жылы әлем біріншілігі, сосын Еуропа біріншілігі және Олимпиада ойындары.сонымен жыл сайын қандай да бір ресми жарыстар өткізіліп тұрды. 1975 жылдан бастап Еуропа біріншілігі екі жылда бір рет өткізілетін болды.
Команданың табысты ойын көрсетуі негізінен нақты ойластырылған дайындық жоспары мен оны барлық бөлімдер бойынша орындауға байланысты екені белгілі. Ал бұл жаттықтырушының команданың жеңісін қамтамасыз ететін ойындар барысында ойыншылардың өзара қарым-қатынасын басқару өнеріне байланысты.
Жарыс кезіндегі басқаруды стратегиялық және жедел деп бөледі.
Стратегиялық басқару команданы маусымның басты жарысы алдындағы бүкіл дайындық барысында (жылдық айналым) дайындық және бақылау сайыстары топтамасына басшылық жасау мен нақты жарыстарда команданы басқаруды қарастырады.
Команданы жедел басқару деп команданың кезекті күнтізбелік ойындарға дайындығы мен оған қатысуын басқаруды түсінеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет