Лекция №1. Тақырып: Кіріспе. Картография пәнінің мақсаты мен міндеті. Географиялық карта туралы жалпы түсінік. Кіріспе



бет12/34
Дата19.03.2023
өлшемі1,28 Mb.
#75467
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   34
Байланысты:
Лекция қосындысы

4.2 Цилиндрлік проекциялар.
Цилиндрлік проекция жасауда глобустың шар тәріздес бетіндегі градустық торды цилиндрдің бетіне түсіреді. Цилиндр мен шардың диаметрлері бірдей және осьтері бір-біріне сәйкес келеді (сурет 4.5). Көмекші бет ретінде жанама цилиндрді пайдаланғанда экватордың торапты нүктелері әрі шар бетінде, әрі цилиндр бетінде орналасқандығын есепке ала отырып, басқа торапты нүктелерді цилиндр бетіне проекциялау жолымен түсіреді.



Сурет 4.5 Цилиндрлік проекция.
Цилиндрдің бетін жазықтыққа жайған жағдайда меридиандар мен параллельдер тік сызықтар болып шығады. Мұндай картада меридиандар мен параллельдер бір-біріне перпендикулярлы сызықтар түрінде, ал олардың арасындағы қашықтар бірдей болып келеді. Мұндай проекцияда жасалынған картада экватор нөлдік бұрмалану сызығы болып табылады, яғни картада экватор бойынша масштаб толық сақталады. Изоколалар, яғни бұрмылану көрсеткіші өзгермейтін сызықтар экваторға параллель болып келетін сызықтар болады. Экватордан қашықтаған сайын бұрмалану көрсеткіші жоғарлайды.
Цилиндрдің бағытына байланысты картографиялық проекцияларды қалыпты (нормальный), қисық және көлденең деп бөлінеді (сурет 4.6). Қалыпты проекцияларда глобус пен цилиндрдің осьтері бір-біріне сәйкес болады, қисық проекцияларда осьтер сәйкес келмейді, ал көлденең проекцияларда осьтер перпендикуляр болып табылады. Мұндай проекцияларда бұрмалану сызығы біреу болады, яғни глобустың бетімен цилиндрдің беті жанасқан жері, осы сызықтардан алыстаған сайын масштаб өзгереді.



Сурет 4.6 Цилиндрлік проекциялардың варианттары: А – қалыпты жанама цилиндрде; Б – қалыпты қима цилиндрде; В – қисық қима цилиндрде; Г – көлденең жанама цилиндрде; Р – цилиндр бетіне проектілеуде глобус бетінің созылу облысы (область растяжения поверхности глобуса при проектировании на цилиндр); СЖ – қысылу облысы (область сжатия); ЛНИ – нөлдік бұрмалану сызығы (линия нулевых искажений).

Картографиялық проекцияларда жанама және қима түрлері қолданылады. Жанама проекцияларда глобус пен цилиндрдің диаметрлері бірдей, ал қима проекцияда цилиндрдің диаметрі глобустың диаметрінен үлкен болады, яғни мұндай карталарда екі нөлдік бұрмалану сызығы болады, денелердің беттері жанасқан учаскелері. Екі нөлдік бұрмалану сызықтары арасында шардың беті қысылады, оны қысылу облысы деп атайды, ал осы нөльдік бұрмалану сызықтардан сыртқа қарай созылу облысы деп атайды.


Кез келген картографиялық проекция картаның масштабына, мақсатына, бейнеленетін территорияның көлеміне т.с.с. тәуелді.
Тура жанама цилиндрдегі цилиндрдік квадраттық проекциясы. Бұл проекцияның негізгі шарты: m = const = 1, яғни меридиандар бойынша ұзындықтардың масштабы бас масштабына сәйкес болу керек. Бұл шарт, торды өзара перпендикулярлы болып келетін тік сызықтарымен жасалынғанда орындалады. Картографиялық торда мұндай жағдайда дүрыс және мөлшері бойынша бірдей шаршылар пайда болады (сурет 4.7).

Сурет 4.7 Цилиндрлік квадраттық проекциядағы N = P = K изоколаларымен картографиялық торы.

Көршілес параллельдер арасындағы меридиандар кесінділері мына формуланың көмегімен анықталады:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет