Құбылыстың сапалы көрсеткіштерін жалпыластыру төмендегіден тұрады:
құбылысқа қатысты объектілердің типтер мөлшерін кеміту;
құбылысты анықтайтын қасиеттерінің мөлшерін азайту.
Мұндай жалпыластыру объектілердің қысқару есебінен жүргізеді, ол классификациялық белгілерді жалпыластыруымен байланысты. Жалпыластыру жеке құбылыстардан олардың топтарына, түрлерден түптерге және типтерге өту жолымен картаның легендасындағы таксономиялық бөлінуін біріктіруден басталады. Мысалы, шолу карталарда орманда ағаштардың негізгі түрлерін көрсетудің орнына тек ғана орманның шартты белгісі болады.
Тақырып: Жалпы географиялық шолу карталары. Географиялық атластар.
Лекция жоспары: 8.1 Жалпы географиялық шолу карталардың ерекшеліктері. 8.2 Жалпы географиялық шолу карталарда табиғат объектілерін бейнелеу ерекшеліктері. 8.3 Жалпы географиялық шолу карталарда әлеуметтік-экономикалық объектілерін бейнелеу ерекшеліктері. 8.4 Географиялық атластар.
1. Жалпы географиялық шолу карталардың ерекшеліктері. Жалпы негізгі ерекшеліктерінің бірі топографиялық карталарға салыстырғанда бейнеленген құбылыстар мен жер бетінің бейнелеуінің аса жоғары жалпыластыруы. Жалпы географиялық картаның масштабы ұсақ болғандықтан картада көрсетілген табиғи және әлеуметтік-экономикалық элементтердің саны аз болады. Ұсақ масштабты карталарды «жалпы географиялық» терминімен атау шартты түрде қолданылады.
Шолу жалпы географиялық картаның мазмұнына табиғи ландшафттың элементтерінен негізінен су объектілері мен жер бедері бейнеленеді. Ал, әлеуметтік-экономикалық элементтерден – елді мекендер, жолдар, әкімшілік бөлінуі. Кейбір жағдайда өсімдік жамылғысының жеке элементтерін көрсетеді, мысалы, ормандарды; әлеуметтік-экономикалық объектілерден – шаруашылықтың және мәдениеттің жеке объектілері.
Түрлі тарихи кезеңдердегі карталарды салыстырғанда бейнелеу әдістері күшті өзгергендігі байқалады, сондықтан карталардың сыртқы көрінісі әр түрлі болып келеді. Бірақ барлық карталарда мазмұнының элементтері аз өзгерген. Барлық уақытта карталарда суларды, жер беті сипатын, елді мекендер және жолдар көрсетілген. Жалпы географиялық карталар мазмұнының ұзақ уақыт бойы салыстырмалы түрде сақталуы мұндай типтегі карталар территорияны зерттеу үшін қажеттілігін көрсетеді.
Ұсақ масштабты шолу жалпы географиялық карта әр түрлі мәліметтерді көрсетеді. Мұндай карталарда бейнеленген территорияның географиялық орналасуы туралы түсінік береді. Территорияның табиғаты, экономикалық объектілері, жер бетінің игеру деңгейі туралы т.с.с. мәлімет келтіреді. Бұл карталардан жер бедері мен суларын салыстырып климат факторларына сипаттама беруге болады. Жалпы географиялық карталар басым Дүние жүзінің географиялық атластарында қолданылады, атластардың мұндай карталарын анықтама карталары болып табылады. Мысалы, атластарда мемлекеттердің аумағы жалпы географиялық карталарда бейнеленген.