Объектілердің мөлшерлі көрсеткіштерін жалпыластыру. Бұл жалпыластыру бейнеленетін құбылыстың мөлшерлі сатыларының үлкеюінде байқалады, яғни көрсеткіштердің үздіксіз шкаласынан сатылы шкалаға өту, кейін шкаланың интервалдарын (сатыларын) үлкейту немесе тең (равномерной) шкаладан тең емес шкалаға өту. Мысалы, топографиялық карталарды жалпыластыруда жер бедерінің қима биіктігін ірілету немесе тұрғындар саны бойынша елді мекендердің топтарын ірілету (укрупнение). Кейбір жағдайда объектілердің мөлшерлі көрсеткіштерін бейнелемейді.
Іріктеу (іріктеп алу). Объектілерді іріктеп алудың қажеттілігі нақтыдағы объектілердің саны мен оларды карта бетіне түсіру мүмкіндгі арасындағы қарамақайшылқтан шығады. Іріктеу барысында карта бетінде картаға түсіретін территорияның ерекшелігі, картаның мақсаты мен масштабы көз қарасынан қажетті және маңызды объектілерді қалдырады. Ол сапалы және мөлшерлі жалпыластыруымен тығыз байланыста болады. Іріктеу өзгерген легендаға сәйкес жүреді. Іріктеуде екі мөлшерлі көрсеткішті пайдаланады – ценз жәненорма.
Іріктеудің цензі – жалпыластыруда карта бетінде сақталатын объектілердің мөлшерін және маңыздылығын көрсетеді. Мысалы, ауданы 10 км2 жоғары жерді қамтитын ормандарды карта бетінде көрсету, масштабы 1:1 млн картасында осы картаның 25 мм2 ауданын алатын батпақтарды көрсету немесе барлық аудан орталықтарын бейнелеу.
Іріктеу нормасы – объектілерді жалпыластыруда орта мәні сақталатын іріктеумен қабылданған дәрежесін сипаттайтын көрсеткіш. Іріктеу нормасы картаның нагрузкасын реттйді, яғни картаның аудан бірлігіне келетін объектілер саны. Мысалы, масштабы 1:200 000 топографиялық картадан масштабы 1:500 000 картаға өткенде тұрғындар тығыз орналасқан аудандар үшін елді мекендерді бейнелеу нагрузкасының нормасы 1/3 құрайды. Ол деген, жасалынатын картада елді мекендердің 1/3 бөлігі ғана сақталады. Объектілер картаға көлемі және маңыздылығына қарай реттеліп түсіріледі. Алдымен ең маңызды және ірі объектілер бейнеленеді, кейін екінші дәрежелі, орнатылған (установленной) оптимальдық нагрузкаға дейін.
Іріктеу нормасы жергілікті жердің географиялық ерекшеліктеріне тәуелді барлық уақыт әртүрлі болып келеді. Мысалы, жоғарыда келтірілген мысалда, түрғындар саны тығыз емес территорияда іріктеу нормасы елді мекендердің ½ құрайды, ал қалық сирек орналасқан территорияда карта бетінде барлық елді мекендер көрсетіледі.
Картографиялық жалпыластыруда мөлшерлі таңдауға төмендегілер жатады.
Картаға түсірілетін аумақта таралған табиғи және әлеуметтік-географиялық құбылыстар.
Таңдалған және картада бейнеленген құбылыстар карта мазмұнының элементтері болып табылады. Мұндай жалпыластыру тақырыптық және жалпы географиялық карталар үшін қолданылады.
Карта мазмұнының элементіне қатысты объектілер, мысалы, көлдерден бейнелеуге қажетті көлді таңдайды.
Бір текті объектілер арасында таңдағанда алдымен аса маңызды, ірі, қажетті т.с.с. ажыратады, мысалы, қалалардан бірінші болып астаналар, байланыс жолдарынан – магистралдық жолдарды, өзендерден – кеме жүретін өзендерді т.с.с.
Карталарда территорияға тән қосымша объектілер де бейнеленеді. Көп объектілерден біреуін немесе бірнеше объекттерді таңдау үшін картаның масштабына және мақсатына сәйкес бейнеленетін объектілердің минималдық размерін (ценз) орнатылады. Мұндай жағдайда бұл мәселені шешу үшін нормативтік тәсіл қолданылады, яғни эмпирикалық жолымен карта ауданының бірлігіне келетін объектілер саны анықталады. Кейбір жағдайда объектілерді таңдаудың арнайы шарттары болады, мысалы, елді мекендерден тек ғана қала типтегі елді мекендер көрсетілу қажет, жолдардан тек ғана магистралдық жолдар т.с.с.
3. Карталастырылатын объектілердің ерекшеліктері. Картографияның теориясында мұны объектілер суретін жалпыластыру деп атайды. Географиялық объекттің суретіндегі детальдарын қысқарту барлық карталарда қолданылады. Мысалы, ұсақ масштабты сонымен бірге шолу топографиялық карталарда өзендердің, көл мен теңіздер жаға бойы сызықтарының барлық бұрылыстары толық көрсетілмейді, егістікке қатысты жерлер шекараларының сызықтары да дүрыс көрсетілмейді. Бірақ объектілердің сипатты белгілері мен оның жалпы конфигурациясы толық бейнеленеді.
Кейбір жағдайда бірдей бірнеше объекттілердің орнына бір объекті көрсетеді, мысалы бірнеше көлдің орнына бір көл, өзендердің орнына бір өзен т.с.с.
Құбылыстың мөлшерлі көрсеткіштерін жалпыластыру деген картада жеке бір объекттің мөлшерлі көрсеткішінің шамасын көрсете алмайтын интервалдарды қолдану. Жалпыластырудың мұндай бағытында объекттің жеке ерекшеліктері картада бейнелеуге мүмкіндік жоқ. Картаның масштабы ұсақ болған сайын картаның дәльдігіне талап азаяды. Мысалы, мұғалімдерге арналған Дүние жүзінің атласындағы масштабы 1:1 млн-нан 1: 10 млн дейін карталарда тұрғындар саны 100 мыңнан астам қалалар үш топқа бөлінген (кесте № 1)