Лекция №1. Тақырып: Кіріспе. Картография пәнінің мақсаты мен міндеті. Географиялық карта туралы жалпы түсінік. Кіріспе


Тақырып: Ұсақ масштабты географиялық карталарды пайдалану



бет29/34
Дата19.03.2023
өлшемі1,28 Mb.
#75467
түріЛекция
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
Байланысты:
Лекция қосындысы

Тақырып: Ұсақ масштабты географиялық карталарды пайдалану.
Лекция жоспары:
12.1 Географиялық картаға баға беру және талдау.
12.2 Карта бойынша құбылыстардың динамикасы мен өзара байланыстарын талдау.


12.1 Географиялық картаға баға беру және талдау.
Географиялық карта қоршаған нақтылықты таным құралы ретінде маңызды құралы болып келеді. Географиялық карталар ұлттық шаруашылықтың барлық салаларында кеңінен қолданылады. Соңғы жылдары тақырыптық карталар зерттеу құралы ретінде аса маңызды роль атқаратын болды. К.А. Салищевтің пікірі бойынша: «Картографиялық әдістің мәні – географиялық картаны зерттеу құбылыстарының моделі ретінде зерттеу үдерісінің аралық буыны түрінде енгізу. Мұнда карта екі роль атқарады, әрі зерттеу құралы болып табылады, әрі тікелей зерттеуге мүмкінідігі жоқ нақты құбылыстардың моделі ретінде қарастырылады. А.В. Гедымин географиялық картаны тарихи кезеңдерде пайдаланудың негізгі бағыттарын кесте түрінде көрсетті (кесте 12.1):
Кесте № 12.1 Тарихи кезеңдердегі географиялық картаны пайдалану бағыттары.

Географиялық карта бойынша шешілетін мәселелер

Алғашқы қауым кезеңі

Антикалық Грекия мен Ежелгі Рим

Орта ғасырлар

Жаңа заман

Қазіргі (Новейшее) заман

Ерте орта ғасырлар

XIII – XVII ғ.ғ.

XIX ғ. дейін

XIX ғ. және XX ғ. басы

1

2

3

4

5

6

7

8

Географиялық объектілер мен құбылыстардың орналсуы






















Карта бойынша қашықтықтарды, бағыттарды, пішіндерді, аудандарды бағалау






















Жергілікті жерде бағыт алу






















Карта бойынша өлшеу жұмыстарын жүргізу






















Әртүрлі мәліметтерді картаға түсіру






















Карта бойынша жер бедерімен байланысты мәселелерді шешу






















Ғылыми жалпыластыру және болжау






















Құбылыстардың динамикасын және өзара байланыстардың құрылымын карта арқылы зерттеу






















Қоршаған ортаны зерттеуде, қорғауда және мониторинг жүргізуде картаны пайдалану






















А. Берлянт бойынша картографиялық зерттеу әдістері деп карта бетінде бейнеленген құбылыстар мен үдерістерді тану үшін картаны қолдану. Картографиялық әдіспен нақты дүниенінің құбылыстарын тануды төмендегідей схема түрінде көрсетуге болады:



  1. Қоршаған нақтылықты немесе оның элементтерін бақылау және және картографиялау үшін қажетті ақпарат алу.

  2. Өңделген ақпарат негізінде карта жасау.

  3. Жаңа қосымша ақпарат алу мақсатында картографиялық әдіске тән приемдар жүйесімен картаны немесе карталар сериясын үйрену.

  4. Зерттеудің картографиялық әдістерін қолдану нәтижесінде алған жаңа ақпарат негізінде қажетті жағдайда туынды карталарды тағы басқа да картографиялық бейнелерді (профиль, график, блок-диаграмма, т.с.с.) жасап шығару.

Нақты объектілер, құбылыстар және үдерістер туралы жаңа білім алу мақсатында олардың моделі ретінде қарастырылатын картографиялық шығармаларды жасау, талдау және өзгерту жүйесін картографиялық модельдестіру деп түсінеді.
Географиялық картаға баға беру және талдау. Картаның сипатты ерекшеліктерін анықтау белгілі бір мәселені шешу үшін картаның жарамдылығын бағалауға мүмкіндік береді. Осы мақсатта картаны алдын ала талдайды және баға береді.
Картаны белгілі бір мақсатта (ғылыми-зерттеу, білім беру, қолданбалы т.б.) пайдалануға жарамдылық дәрежесін анықтау мақсатында оның қасиеттері мен элементтерін жан-жақты қарастыру процесін – картаны талдау деп атайды.
Картаның сапасын талдауының негізгі бағыттары және бағалаудың белгілері төмендегідей: (современность) заманауи, ғылыми негізденуі, толықтылығы (полнота), детальдығы және мазмұнының дұрыстылығы (яғни нақтылыққа сәйкестілік дәрежесі), математикалық негізінің элементтерін және картографиялық бейнелеу мен жабдықтау тәсілдерін таңдаудың картаның мақсатына лайықтылығы, жалпыластыру дұрыстылығы, нүктелердің, сызықтардың, контурлардың геометриялық дәльдігі.
Жалпы географиялық картаның талдауы төмендегідей мәліметтерді қамтиды:
І. Картографиялық басылымның қайдан және қашан шыққаны жөніндегі мәлімет:
1. Картографиялық шығарманың аты.
2. Мазмұны, мақсаты, авторлары т.б.
3. Басалымның шыққаны туралы мәліметтер (шыққан жері, баспаның аты және шыққан уақыты).
4. Картографиялық шығарма кімнің атынан шықты, мекеменің аты.
5. Безендіру ерекшеліктері.
ІІ. Математикалық негіз:
6. Талдайтын картаның бас масшатабы.
7. Картографиялық проекция – бұрмалану сипаты және құрасытру тәсілі бойынша оның қасиеттері; нөлдік бұрмаланудың нүктелері немесе сызықтарының орналасуы, бұрмаланудың шамасы, бағыты және бөлістірілуі, олардың экстремалдық көрсеткіштері. Проекция таңдаудың географиялық мақсатқа лайықтылығы.
ІІІ. Географиялық мазмұны:
8. Су объектілері: су объектілердің негізгі түрлері, шаруашылықтағы маңыздылығы, судың құрамы, режимі бойынша жіктелуі, гидрографиялық желісінің сипатты белгілері, картаның ерекшеліктерін, сипатын және жалпыластыру дәрежесін көрсететін шартты белгілері.
9. Жер бедері: бейнелеу тәсілдері, олардың сипатты ерекшеліктері (гипсометриялық болған жағдайда, биіктіктер мен тереңдіктер шкаласының сатыларын таңдаудың мақсатқа ылайықтылығын анықтау).
10. Өсімдіктер мен грунттар: оларды бейнелейтін әдістер мен тәсілдері, шартты белгілер жүйесі және қабылданған классификация, жалпыластырудың деңгейі және сипаты.
11. Әлеуметтік-экономикалық объектілер: а) елді мекендер: саяси-әкімшілік маңыздылығы және адам саны бойынша жіктелуі; тұрғындар орналасуының сипатты белгілері; жер бедері, өзендерге жергілікті жердің басқада эелменттеріне қатысты орналасуы; б) саяси-әкімшілік бөлінуі: шекаралар, орталықтар басқ да әкімшілік мәліметтер, оларды таңдау мен бейнелеудің сипатты ерекшеліктері; в) экономика және мәдениет: объектілер типтері, оларды картографиялық бейнелеу тәсілдері, орналасу ерекшелігі, аймақтың экономикалық потенциалының жағдайы мен дамуының көрсетілуі; г) көлік географиясы: жолдардың түрлері, оларды картографиялық бейнелеу тәсілдері.
12. Жазулар: объектілердің қандай категориялары географиялық жазумен, сапалы және мөлшерлі көрсеткіштерін түсіндірме жазулармен белгіленген, картографиялық шартты белгі сипатында шрифтің көлемі, түсі және сипаты қалай қолданылады.
IV. Өрнектеу (оснащение, или жабдықтау) элементтері:
13. Карта өрнектеуінің оның мақсатына сәйкестілігін зерттеу: картаның легендасы, масштабтың, картографиялық торының, рамкасының, рамкадан тыс безендірудің нұсқаулары.
V. Территорияны қосымша сипаттайтын элементтері: мәтіндік мәлімет, қосымша (врезные) карталар, профильдер.
VI. Картаны үйлестіру тәсілі (компоновка карты):
14. Картографияланатын территорияның, оның шекараларын, картада орналасқандығын талдау, картаның рамкасына қатысты орта мериданның орны, олардың оптимальдық вариантқа сәйкестілігі.
Картаны талдау оны пайдалану туралы қорытындымен аяқталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет