Лекция №1 Тақырып: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде


Қоғамның саяси жүйесінің түрлері және жіктелуі



бет11/11
Дата10.04.2023
өлшемі51,59 Kb.
#81269
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
1.2.3 лекц

3. Қоғамның саяси жүйесінің түрлері және жіктелуі.
Саяси жүйенің жіктелуі жөнінде ғалымдар арасында ортақ пікір жоқ. Олар бұл мәселеге әр жақтан қарайды, әр түрлі өлшемді (критерийді) пайдаланады. Мысалы, марксизм формациялық көзқарасты басшылыққа алып (өндіріс тәсілінің және қоғамның таптық құрылымының өзгешеліктеріне қарай) оны құлдық, феодалдық, капиталистік және коммунистік саяси жүйе деп бөледі.
Ал, У.Ростоу және т.б. «экономикалық өсу сатысы» деген тұжырымдаманы алға тартады. Олардың ойынша, адамзаттың даму тарихы мынадай бес сатыдан тұрады: 
1) дәстүрлі қоғам;
2) өтпелі қоғам;
3) алға басу қоғамы;
4) индустриялдық және 
5) индустрияланғаннан кейінгі ( постиндустриялдық) қоғам. 
Бірінші сатыға алғашқы қауымдық, рулық және феодалдық қоғамның бір бөлігін, екінші сатыға өндірістік революцияны, үшіншісіне 70-80 жылдардағы капитализмді жатқызады. Бұлайша сатыға бөлудің өлшемі ретінде техникалық даму деңгейін алады. Марксизмнің басшылыққа алатын өндірістік қатынастарымен олар санаспайды.
Саяси жүйені оның саяси тәртібіне (режиміне) қарай тоталитарлық, авторитарлық, демократиялық деп бөледі. Мұнда топтастырудың негізіне билік, тұлға және қоғам арасындағы өзара іс-әрекеттің сипаты мен тәсілі негізге алынады. Тоталитарлық саяси жүйеде жеке адам мен қоғам толығымен билікке бағынады. Мемлекет қоғамдық өмірдің барлық саласын өзінің бақылауына алады. Авторитарлық саяси жүйеде билік басындағы жеке адамдар немесе адамдар тобы шексіз билікке ие болады. Парламент, оппозициялық партиялар болғанымен олардың ықпалы шамалы келеді. Мемлекеттің сайланбалы органдары, азаматтардың құқықтары мен еркіндіктері шектеледі. Демократиялық тәртіпте тұлға құқығы биік тұрады, билік жұмысын қоғам бақылауға алады. Онда биліктің өкілдік органдарын жалпыға бірдей сайлау арқылы халық сайлайды, азаматтарға саяси құқықтар мен еркіндіктер беріледі, елде заңдылық билейді.
Француз саясаттанушысы Ж. Блондель саяси жүйені басқарудың мазмұны мен түрлеріне сай оны 5 түрге бөледі: 
1) либералдық демократия. Ол саяси, мемлекеттік шешімдерді қабылдағанда меншікке иелік етуі, жекешілдік, еркіндік сияқты құндылықтарды басшылыққа алады; 
2) коммунистік жүйе. Ол әлеуметтік игілікті тең бөлуге бағдар ұстайды; 
3) дәстүрлі саяси жүйе. Ол ат тебеліндей ақсүйектердің саяси және экономикалық үстемдігіне негізделеді; 
4) дамып келе жатқан елдерде қалыптаса бастаған саяси жүйе. Онда авторитарлық басқару белең алады; 
5) авторитарлық-консервативтік жүйе. Онда әлеуметтік және экономикалық теңсіздік сақталады, халықтың саяси билікке қатысуына шек қойылады.
Батыс саясаттанушыларының арасында саяси мәдениеттің жағдайына қарай, құндылықтар жүйесінің негізінде саяси жүйені жіктеудің төмендегідей 4 түрі кең тараған: ағылшын-америкалық, құрылықтық-еуропалық, индустрияланбаған немесе жарым-жартылай индустрияланған, тоталитарлық.
Саяси жүйенің ағылшын-америкалық түрі ондағы саяси мәдениеттің бірыңғайлығымен, біртектілігімен сипатталады. Бұл елдерде мемлекеттің алдына қойған саяси мақсат-мұратын және оған жетудің жолдары мен әдіс-тәсілдерін халықтың бәрі қолдайды. Ол мәдениет еркіндік, қауіпсіздік, тиімді есепқорлық, пысықтық, ұқыптылық сияқты либералдық құндылықтарға негізделеді. Билік тармақталған, ол толығымен жүзеге асады. Мұндай жүйе тұрақты және тиімді қызмет атқарады. Оған АҚШ-ты, Англия, Австралия, Канаданы жатқызуға болады.
Құрылықтық (континенталдық)-еуропалық саяси жүйенің саяси мәдениеті, ұстанатын құндылықтары әр түрлі келеді. Онда ескі мәдениеттің жұрнақтары мен жаңа мәдениет астарласып жатады. Алайда оның бәрінің либералдық құндылықтарға, заңдылыққа сүйенген ортақ негізі бар. Сондықтан олар өзара келісім тауып, жымдасып жатады.
Индустрияланбаған немесе жарым-жартылай индустрияланған саяси жүйеге аралас мәдениет тән. Онда батыстың құндылықтары, этникалық салт-дәстүрлер, діни әдет-ғұрыптар шоғырланған. Құрылықтық-еуропалық саяси жүйемен салыстырғанда онда ортақ негіз жоқ. Заң шығарушы, атқарушы, сот биліктері жете тармақталмаған. Олар бірінің ісіне бірі араласа береді. Бұл елдерде авторитарлық тәртіп, күшке сүйену бой алған.
Тоталитарлық жүйеде саяси мәдениеттің таптық сипаты бар. Сырттай қарағанда ол біртектес сияқты. Оның құндылықтарын қоғамның барлық мүшелері мойындайды. Бірақ оны еріксіз жасайды. Билеуші партия саяси жүйенің барлық элементтерінің іс-әрекетіне бақылау жасайды.
Саяси жүйені жіктеудің тағы басқа да түрлері бар. Ол мәселенің көпқырлығын көрсетеді. Сондықтан саяси жүйені топтастырғанда әр түрлі өлшемді, белгілерді, тәсілдерді басшылыққа ала отырып қарастырған жөн. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет