Лекция №1 Тақырып: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде



бет1/11
Дата10.04.2023
өлшемі51,59 Kb.
#81269
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
1.2.3 лекц


Лекция №1
Тақырып: Саясаттану  ғылым және оқу пәні ретінде

1. Саяси ғылымның қалыптасуы мен дамуы.


2. Саясаттанудың пәні, объектісі мен негізгі категориялары.
3. Саясаттанудың әдістері мен функциялары.
4. Саясаттанудың негізгі парадигмалары.
(Видеолекцияға сілтеме https://www.youtube.com/playlist?list=PLppIBBEK6uADZx1i1SscW3_XcJwkgX_Xq)

  1. Саяси ғылымның қалыптасуы мен дамуы. 

Саясаттану сөзі гректің “саясат” және “ілім” деген сөздерінен шыққан, саясат туралы ғылым деген мағынаны білдіреді. Басқа қоғамдық ғылымдардың ішінде саясаттанудың орны ерекше. Себебі, адамзат тарихында саясат негізгі рөл атқарды. Оның дұрыс-бұрыстығы, сайып келгенде, адамдардың, халықтардың тағдырымен тығыз байланысты. Мысалы, мемлекет агрессиялық, яғни басқыншылық соғыс саясатын жүргізсе, оның салдары бірнеше жылдарға созылатын қайғы-қасіретке соқтыратыны даусыз. Керісінше, мемлекет ғылыми дәлелденген тиімді бейбіт саясат жүргізсе, еліне қолайлы, халқына жайлы болары да белгілі.
Адамзат саясаттың сиқырлы сырын, құбылмалы құбылысын өте ерте заманнан түсініп-білгісі келді. Ежелгі Шығыс, антикалық дәуірдің ойшылдары мемлекеттің, саяси биліктің мән-мағынасы неде және кімге қызмет етеді, қоғамдық құрылыстың қандай түрлері бар және олардың ең жақсысы, халыққа қолайлысы қайсысы деген сияқты сауалдарға жауап іздеген. Бірақ ол кездегі пайымдаулар негізінен діни-мифологиялық сарында болатын. Себебі, ертедегі адамдар жер бетіндегі өмірге құдайдың құдіретінен туған жалпы әлемдік космостық тәртіптің ажырамас бөлігі ретінде қарады. Мысалы, Мысырда (Египетте), Вавилонда (қазіргі Ирак), Үндістанда, сол кездегі мифтерге сүйенсек, басқарушының билік көзі құдайда және ол жер бетіндегі істерді реттеп, тындырып отырады. Көне Қытай мифі бойынша билік құдайдың құдіретімен жүргізіледі де, ал іске асырушы онымен байланысты император болып есептелген. Ежелгі гректер ең алғашқы билікті жүргізуші құдайлардың өздері деп пайымдаған. Кейінірек адамзаттың іс-тәжірбиесінің, ақыл-ойының, мәдениетінің дамуына байланысты саясаттың ұғымдары, түсініктері, тұжырымдамалары пайда бола бастады. Қоғамдық-әлеуметтік және саяси құрылымы мен қатынастарының одан әрі күрделіленуі, материалдық өндірістің, халық санының өсуі оның өміріне мемлекеттің тікелей араласуына әкеліп соқтырды. Мұндай жағдайда ұлы ойшылдар саясатты ғылыми тұрғыдан түсініп, оны орынды пайдаланудың, мемлекетті тиімді басқарудың жолдарын іздестіре бастады. Бұдан келіп саяси теориялар туды.
Б.з.б. 1 мыңжылдықтың ортасында саясатты діни-мифологиялық танудың орнына философиялық-этикалық түсіну түрі келеді. Мұнда аса зор еңбек еткендер-Конфуций, Платон, Аристотель сияқты ғұлама ғалымдар. Бұл ойшылдар саясатты теориялық тұрғыдан зерттеп, оны этикамен тығыз байланыста қарады. Олар саясатты адамдардың мақсат-мүддесіне сай келуге, адамгершілікке негізделуге тиіс деп ұқты.
Әдетте, саясаттанудың негізін қалаушы деп данышпан ғалым Аристотельді атайды. Өйткені ол өз заманында лицей ашып, сонда саяси ғылымды жеке пән ретінде оқытып, өзі жүргізді. “Саясат” деген еңбек жазып, онда ежелгі грек мемлекеттерінің (онда әрбір қала мемлекет боп есептелетін) саяси жүйесін зерттеді. Дегенмен, ұлы ғалым саясаттанудың пәнін қазіргі біздің түсінігіміздей басын ашып бере алмады. Ол саясаттың негізі адамның өзімшіл, хайуандық табиғатында жатыр деп ұқты. Жеке адам көзсіз құмарлыққа берілгіш келеді. Сондықтан оның соқыр сезімін тежеп, жалпыға ортақ игілікке, әділеттілікке жетуді жеңілдету, адамның адамгершілік қасиетін арттыру үшін саясат жүргізу керек деп түсінді. Сонымен қатар ол саясаттану мәселелерін этика, фәлсафа мәселелерімен бірге қарады.
Орта ғасырда саясаттың діни-этикалық түрі қалыптасады. Оның негізін салушы Фома Аквинский саяси билікті құдай орнатады, бірақ мемлекет басшылары құдайдың қалауына қарсы шықса, халықтың оларды құлатуына болады деген байлам айтты. Саясатты қазіргідей түсінуге мол үлес қосқан Италияның XVI ғасырда өмір сүрген ойшылы Николо Макиавели болды. Ол саясатты теологиялық (құдайшылдық) түсіндіруден арылтып, саяси ойды қоғамдағы табиғи өмірден туған мәселелерді шешуге бейімдеді. Саяси зерттеулердің өзегі етіп мемлекеттік билікті қойды және оны қалай қолға түсірудің, пайдаланудың неше түрлі әдіс-тәсілдерін көрсетті. Соның арқасында саясаттануды біздің қазіргідей түсінуімізге жол ашылды. Феодализм ыдырап, капиталистік қатынастардың қалыптасуы қоғамды демократияландырып, жалпыға бірдей сайлау құқығын кіргізуге, көпшілік саяси партиялар мен қазыналардың кеңінен қанат жаюына, ақпарат құралдарының өрістеуіне мүмкіндік берді. Халықаралық, мемлекетаралық қатынастардың ауқымы кеңейді, саясаттың қызметтері мен міндеттері күрделене түсті. Сондықтан саяси құбылыстар мен процестерді арнайы зерттеуге, саясаттану теорияларын жасауға тура келді. Бұл ретте Дж.Локк, Ш.Монтескье, Ж.Ж.Руссо, Т.Джефферсон, Т.Пейн, И.Кант, Гегель сынды көрнекті ғалымдар көп еңбек сіңірді.
Саясаттану XIX ғ. екінші жартысында өз алдына жеке пән ретінде қалыптасты. Оған бұл кезде бихевиористік, тәжірбиелік (эмпирикалық) әдістердің кеңінен пайдаланыла бастауы зор ықпалын тигізді. 1857 жылы АҚШ-тың Колумбия колледжінде (кейін Колумбия университетіне айналды) профессор Фрэнсис Либер “Тарих және саяси ғылым” деген кафедра ашты. Соның негізінде онда 1880 жылы саяси ғылымның жоғарғы мектебі құрылды. АҚШ-тағы сияқты 1872 жылы Францияда мемлекеттік аппаратқа арнайы қызметкерлер дайындайтын саяси ғылымдар мектебі жұмыс істей бастады. 1889 жылы Американың Саяси және әлеуметтік ғылымдар академиясы, 1903 жылы Америкалық саяси ғылымдар ассоциациясы құрылды.
XX ғ. басында саясаттану бөлек академиялық пән ретінде толық бөлініп шықты. Бұл ғылымның халықаралық мәртебе алып, толыққанды қалыптасуына ЮНЕСКО-ның басшылығымен 1949 жылы құрылған саяси ғылымдардың халықаралық ассоциациясы зор рөл атқарды. Ол саяси зерттеудің белсенділігін арттыру жолында қазірде жемісті еңбек етуде. Бүгінгі таңда АҚШ-тың, Шығыс елдерінің барлық жоғарғы оқу орындарында саясаттану жеке пән ретінде барлық факультеттерде міндетті түрде оқытылады, әлемнің ең ірі университтетері оған мамандар дайындайды. Мысалы, АҚШ-та саясаттанудың мамандандырылған 26 саласы бойынша білім береді. Шетелдерде, әсіресе, бұл ғылымның қолданбалы түрі кең өріс алған. Оны бітірген маман саясатшылар маңызды саяси шешімдердің жобаларын сараптауға, партиялар немесе басқа бірлестіктердің сайлау алдындағы бағдарламаларын талдауға, үкіметтік дағдарыстар мен халықаралық қатынастардағы шиеленіс жағдайларының себебін ашуға кеңінен пайдаланады. Бұрынғы Кеңес елінде бұл ғылымды партияға, халыққа қарсы, буржуазиялық ғылым деп айдар тағып, оқытпаған болатын. Себебі, Кеңес өкіметі, шын мәнінде, саяси сауатты адамдарды даярлауға мүдделі болмады. Ондай жағдайда тоталитарлық жүйе 70 жылдан артық дәуренін құра алмаған да болар еді.
Бірақ бұдан ол кезде саясат ғылымға еш көңіл бөлінбеген екен деген ой тумауға тиіс. Саясат мәселелері қаралып, зерттеліп жатты. Алайда, олар ғылыми коммунизм, тарихи материализм, Коммунистік партия тарихы сияқты коммунистік идеологияға негізделген пәндердің шеңберінен шықпайтын және ең алдымен қандай әлеуметтік-саяси процестер социализм мен коммунизмге әкелуі мүмкін, соның жолдарын іздейтін.
1990 жылы КСРО-ның ғылым және техника бойынша мемлекеттік комитеті “Саяси ғылымдар” деген атпен саяси ғылым қызметкерлерінің тізімін ресми түрде бекітті. 1989-1990 оқу жылында ТМД-ның басқа елдерінде саясаттану оқытыла бастады. Қазір Қазақстанның барлық жоғарғы оқу орындарында бұл ғылым жеке пән ретінде өтілуде. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік Ұлттық университеті және Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті және т.б жоғарғы оқу орындарында бұл салада арнаулы мамандар даярлайды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет