Лекция №1 Тақырып: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде


Биліктің функциялары, түрлері мен бөлінуі



бет7/11
Дата10.04.2023
өлшемі51,59 Kb.
#81269
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
1.2.3 лекц

3. Биліктің функциялары, түрлері мен бөлінуі.
Саяси биліктің өзіндік қызметтері болады. Оған жататындар: қоғамның саяси жүйесін қалыптастыру; Оның саяси өмірін ұйымдастыру (ол мемлекет пен қоғам, таптар мен топтар, ассоциациялар, саяси институттар, мемлекеттік басқару органдары мен аппараттары, партиялар, азаматтар және т.б. арасындағы қатынастарды қамтиды); әртүрлі деңгейдегі қоғам мен мемлекеттің істерін басқару; өкімет органдары, саяси емес процестерге басшылық жасау; саяси және басқа қатынастарды бақылау және түптеп келгенде, белгілі бір қоғамға сәйкес басқарудың түрін, саяси тәртіпті және мемлекеттік құрылысты (монархиялық, республикалық), ашық не жабық (басқа мемлекеттерден оқшауланып, қоршауланып алған, автаркиялық) қоғамды құру, қоғамдық тәртіп пен тұрақтылықты қолдау; дау-дамай, шиеленістерді ашып, оларға шек қою және дер кезінде шешу; қоғамдық келісімге, мәмілеге келу және т.б.
Демократиялық саяси жүйе ойдағыдай өз ісін атқаруы үшін, әдетте, мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы, сот билігі етіп үш тармаққа бөледі. Оның негізін салушы ағылшын ойшылы Д. Локк (1632-1704) пен француз ғалымы Ш.Л.Монтескье (1689-1753) болды.
Заң шығарушы билік (парламент) заң шығарумен, оны бекіту, өзгерту немесе жоюмен айналысады. Ол заң қабылдайды, салық салуды анықтайды, үкіметті тағайындайды, бюджетті бекітеді, соғыс ашып және армияны қамтамасыз етеді, сауданы реттейді, сотты ұйымдастырады, халықаралық келісімшарттарды қабылдайды, саясаттың маңызды ішкі және сыртқы бағытын айқындайды. Оның жұмысына конституция атынан ерекше органдар (конституциялық қадағалау, конституциялық сот) бақылау жасайды.
Атқарушы билікке үкімет пен әкімшілік жатады. Оларды заң шығарушы өкілдік органдар қалыптастырады. Атқарушы билік заң шығарушы биліктің бақылауында болып, олардың алдында есеп береді. Оның жұмысы заңға негізделіп, заң шеңберінде іс істеуі керек. Сырттай қарағанда ол заң шығарушы билікке тәуелді. Бірақ іс жүзінде ол саяси жүйенің маңызды бөлігіне айналған және қоғамдық өмірде зор рөл атқарады. Үкімет саяси шешімдер қабылдайды (бірақ олар конституция шеңберінде болуы және заңға негізделуі керек). Ал әкімшілік ол шешімдерді жүзеге асырады.
Соттық билік адамдардың құқығын қорғайды, заңды бұрмалаушылықтан сақтайды, парламент не президент қабылдаған заңдардың, конституциялық жарғылардың сәйкестігін анықтайды. Оны халық немесе өкілетті мекемелер қалыптастырады. Ол заң шығарушы немесе атқарушы билікке тәуелсіз. Өз жұмысында тек заңды ғана басшылыққа алады. Егер жоғарғы сот мемлекеттік органның немесе қызмет адамының шешімін конституцияға қарсы десе, ол шешім толығымен күшін жояды. Соттың маңызды принциптеріне жариялылық, айыпкердің өзін қорғауға және сот үкімін бұздыру туралы шағым арыз беруге құқығы жатады.
Билік санын көбейткісі келгендер төртінші билік деп ақпарат құралдарын атайды. Олардың қазіргі кезде, өмірдің демократияланып жатқан дәуірінде алар орны зор. Әсіресе, сөз, баспасөз бостандығы шын мәнінде беріліп, радио мен теледидарды пайдалану мүмкіндігі қамтамасыз етілген елдерде азаматтардың өзіндік санасының өсуіне, қоғамның ісіне белсенді араласуын, адамдардың басшылығы мен жауапкершілігін тәрбиелеуде ақпарат құралдарының мүмкіншілігі ерекше. Ел басқарушы шенеуніктердің қылмысты істерін қалт жібермей әшкерелеп отырса (сондықтан олардан қаймықса), халықтың мұңын мұңдаса, шынында да, төртінші билік еемей немене?
Бесінші деп сайлаушылар билігін айтады. Мұнда сайлаушылардың еркі, талап-тіліктерімен қатар кейбір елдерде сайлаушылар соты да бар.
Алтыншыға бақылау билігін жатқызады. Қайсыбір елдерде қарамағында аппараты бар Бас бақылаушы да болады.
Жетінші саяси билік дейді. Мұнда билікті жүргізіп отырған басқарушы партия туралы сөз болып отыр.
Кейбіреулер биліктің ерекше түрі деп әскери билікті атап жүр. Сонымен қатар мемлекеттік билік санын қысқартқысы келетіндер де бар. Мысалы, француздың белгілі саясаткерлері Р.Арон, Ж.Бюрдо және тағы басқалар мемлекетте екі-ақ билік, атап айтқанда, заң шығарушы және оған бағынышты әкімшілік билік болады дейді. Сот билігін жоққа шығармайды, бірақ оны әкімшілік билікке қосады.
Дегенмен, дүние жүзінің алдыңғы қатарлы елдерінде үш тармақты билік қалыптасқан. Мемлекетті басқару ыңғайлы болу үшін ол биліктер орталық (жоғары) және жергілікті билік болып бөлінеді.
Саяси билік пен мемлекеттік билік. Билік саяси және мемлекеттік болып екіге бөлінеді. Бұл мәселенің үлкен астары бар. Себебі, бұрынғы кеңестік дәуірде бұл ұғымдарды теңестіріп, бірыңғайлау саяси жүйенің барлық құрылымын мемлекеттендіруінің тәсілдемелік негізі болды. Саяси билік таптық, топтық жеке адамның саясатта тұжырымдалған өз еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді. Ал мемлекеттік билікке барлық адамдарға міндетті заңдарды шығаруға жеке-дара құқығы бар заңдар мен ұйымдарды сақтау үшін ерекше күштеу аппаратына сүйенетін саяси биліктің түрі жатады. Бұдан біз саяси биліктің мағынасының мемлекеттік биліктен кең екендігін байқаймыз. Себебі, біріншіден, саяси билік адамзат тарихының барлық кезеңдерінде болған. Мысалы, алғашқы адамдық қауым кезінде ақсақалдар кеңесінің, веченің (Ежелгі Русьтегі азаматтар жиналысының түрі), вече соттарының және т.б. билігі болды. Екіншіден, саяси билік тек мемлекеттік аппарат арқылы ғана емес, сонымен бірге партиялар, кәсіподақтар, халықаралық ұйымдар (БҰҰ, НАТО және т.б.) сияқты саяси жүйенің басқа элементтері арқылы да билігін жүргізеді. Үшіншіден, мемлекеттік билік, жоғарыда көрсетілгендей, ерекше күштеу аппаратына сүйенеді және оның билігіне қоғамның барлық мүшелері тегіс бағынады. Мемлекеттік билік саяси биліктің ең жоғары, ең толық, ең дамыған түрі, оның өзегі болып табылады. 
Биліктің түрлері. Биліктің жүзеге асырылу тәсіліне және құрылысына қарай басқару түрі және мемлекеттік құрылысы болып бөлінеді. Басқару түрі жоғарғы өкімет билігі кімнің қолында екендігін көрсетеді. Соған байланысты мемлекет монархиялық және республикалық болып екіге бөлінеді.
Монархия деп мемлекеттің жоғарғы өкімет билігі жеке-дара бір билеушінің қолында болып, ол әкеден балаға мұра ретінде қалатын түрін айтады. Оны хан, патша, император, король деп атауы мүмкін (Монарх мемлекет басшысы болған кезде оған сол елдің король, император, ұлы герцог сияқты құрметті атағы бірге беріледі). Монархия өз кезегінде абсолюттік (шексіз) және конституциялық болып екіге бөлінеді. Абсолюттік монархия деп жоғарғы өкімет билігі бүтіндей, тұтас, формальды түрде де шектелместен бір адамның (монархтың) қолында тұрған қоғамдық құрылысты айтады.
Республика деп мемлекеттік биліктің барлық жоғары органдары белгілі бір уақытқа сайланатын немесе өкілдік мекемелер (Парламент) арқылы қалыптасатын мемлекеттік басқарулың түрін айтады. Республика президенттік, перламенттік, аралас (жартылай президенттік) болып үшке бөлінеді. Президенттік басқаруда, әдетте, мемлекеттің де, үкіметтің де басшысы президент болып саналады. Оны парламент немесе халық сайлауы мүмкін. Егер президентті парламент немесе оның негізгі құрылған коллегиясы сайласа, оны «парламенттік президент» дейді. Ол – салтанатты өкілдігі бар символдық қайраткер. Конституция бойынша оған белгілі бір құқықтар беріледі. Бірақ ол құқықтарды жүзеге асыру үшін тиісті құжатқа премьер-министр немесе министрлердің біреуінің қойылған қолы керек. Онсыз күші болмайды. Басқа сөзбен айтқанда, ондай президенттің билігі шамалы болады. Мысалы, Үндістанда, Италияда солай.
Парламенттік тәртіпте елдің жоғарғы басшысы парламентке бағынады. Онда заң шығарушы билік те атқарушы билік те парламентке тәуелді. Ол салықты белгілейді, бюджетті бекітеді, соттарды құрады, сауданы реттейді, халықаралық келісімшарттарды қабылдайды, соғыс аша алады, әскерді қамтамасыз етеді және т.б.
Көп елдерде белгілі бір дәрежедегі адамдарды парламентке сайламау заң жүзінде ескерілмеген. Әдетте, бұл ереже мемлекеттік, қарулы күштер, сот қызметкерлеріне қолданылады. Парламент бірпартиялық және екіпартиялық болуы мүмкін. Бір партиялық парламент, әдетте, кішкентай елдерде кездеседі. Мысалы, Финляндияда солай, ірі және дамыған елдерде екі партиялық парламент болып келеді. Мысалы, АҚШ-та, Англияда, Германияда, Францияда және т.б. елдердегі сияқты.
Әр елде Парламентті әртүрлі атайды. Мысалы, АҚШ, Филлиппинде және Латын Америкасының көптеген елдерінде оны Конгресс, Польша мен Финляндияда – Сейм, Иран мен Турцияда – Мәжіліс, Израильде – Кнессет, Швецияда – Риксдаг, Францияда – Ұлттық жиналыс дейді.
Республиканың үшінші түріне аралас (жартылай президенттік немесе президенттік-парламенттік деп атайды) республика жатады. Мұнда президенттік те, Парламенттіктің де белгілері кездеседі. Үкіметке екі жақты (Президенттің алдында да және парламенттің алдында да) жауапкершілік жүктеледі. Республиканың классикалық ондай түріне Франция жатады. Сонымен қатар оған Австрия, Ирландия, Португалия, Польша, Финляндия және т.б. мемлекеттерді жатқызуға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет