Лекция №1 web дизайн және компьютерлік графика негіздері



бет5/8
Дата28.09.2022
өлшемі35,44 Kb.
#40661
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Лекция 1

3. Векторлық графика

Кескін салудың векторлық түрі де бар, мұнда кескін элементтері нүкте түрінде емес, әріпті-цифрлық (математикалық формулалар жиынтығы) ақпарат түрінде беріледі. Кейіннен бастапқы кескінді салу үшін бұл ақпарат арнайы программаларда өңделеді.


Векторлық кескіндер, бұл – сызық, доға, шеңбер және тікбұрыш сияқты геометриялық объектілер жинағынан тұратын кескіндер.
Мысалы, сызба. Компьютерге оларды сипаттаушы параметрлердің мәнін енгізуге болады:
- кесінді үшін оның екі нүктесінің координаттарын;
- шеңбер үшін центрінің координаттары мен радиусының ұзындығын;
- доға үшін доғаның басы мен соңының, центрінің және радиусының координаталарын;
- әрбір сызық үшін оның типі жіңішке, штрихталған, пунктирлі және т.с.с. көрсетіледі.
Содан кейін бұл ақпарат арнайы программамен өңделеді (яғни суреттің әрбір нүктесінің орны векторлық графикалық файлда жазылған формулалар бойынша есептеледі) де, сызба экранға шығарылады. Бұл элементтер дискретті болып табылады, олар өзара байланыспаған, сондықтан олардың өлшемін сурет сапасын жоғалтпай-ақ оңай өзгертуге болады.
Сонымен қатар бұл сызбаның параметрлерімен берілетін әріпті-цифрлық ақпараттың ақпараттық көлемі сызбаны компьютерге растрлық түрде енгізгенге қарағанда жүздеген, мыңдаған есе кіші болады. Векторлық әдістің тағы бір артықшылығы оған кескін сапасын жоғалтпай өзгеріс енгізуге, оңай кішірейтуге және үлкейтуге болатындығы.
Кейде сызық түсінігінің орнына контур түсінігі қолданылады. Бұл термин толығымен, жан-жақты сипаттайды, себебі контур кез-келген форманы қабылдай алады – түзудің, қисық сызықтың, сынық сызықтың, фигураның және т.б.
Әр контурдың екі немесе одан да көп тіреу нүктелері болады, сонымен қатар оларды түйіндер деп те атайды. Екі қатар тіреу нүктелерінің арасында орналасқан контур элементі, контур сегменті деп аталады. Контурдың формасын тіреу нүктелерін қозғалту, олардың қасиеттерін өзгерту, жаңа түйіндерді қосу немесе бар түйіндерді жою арқылы өзгертуге болады. Контур ашық немесе тұйықталған болуы мүмкін. Ашық және тұйықталған контурлардың қасиеттері әр түрлі.
Контур графикалық объект болып табылады. Контурлардан жаңа нысандар немесе олардың топтамалары құрылады. Нәтижесінде құрылады: нысандар ттоптамалары, құрама контур, жаңа контур. Топтау операциясынан кейін әрбір контур өз қасиеттерін және түйіндерін сақтайды. Комбинациялау операциясынан кейін құрама контурда жаңа қасиеттер пайда болады, бірақ түйіндер сол күйінде қалады. Біріктіру операциясынан кейін жаңа түйіндер пайда болып, бастапқы контурлардың қасиеттері өзгереді. Контурдың сыртқы сызығының параметрлері оның көрсетудегі түрін анықтайды. Оның параметрлері болып табылады:

  • сызықтың қалыңдығы;

  • сызықтың түсі;

  • сызықтың типі (тұтас, пунктирлі және т.б.);

  • соңының формасы (бағытталған, дөңгелектелген және т.б.).

Тұйықталған контурлар ерекше қасиеттерге ие – бояу, яғни алып жатқан аймақты параметрлермен толтыру. Бояу да нысан болып табылады және өз қасиеттері болады. Бірнеше бояу типтерін ажыратуға болады:

  • негізгі түспен бояу, яғни ішкі аймақты таңдаған түспен толтыру;

  • градиентті бояу – екі түспен бояу;

  • текстуралы бояу – бірқалыпты құрылымды өрнекпен толтыру;

  • карта бейнемен бояу – карта деп аталатын дайын растрлық бейнемен толтыру.

Векторлық кескіндер векторлық графикалық редакторларда жасалады. Олардың ішіндегі ең кең таралғаны, сонымен қатар Windows-та жұмыс істейтіні CorelDraw болып табылады. Жұмыс істегенде сегменттер мен аймақтардың барлық мүмкін математикалық сипаттамалары, бекітілген белгілері, бағыттаушы нүктелері және т.с.с. қолданылады.
Сызықтармен салынатын суреттерді және бірнеше объектілерден тұратын суреттерді векторлық графикалық редакторларды пайдаланып салған дұрыс.
Растрлық графикалық редактордың артықшылығы – векторлық графикалық редактордың кемшілігі болып табылады. Мысалы, векторлық кескінді оңай масштабтауға, яғни оның өлшемдерін бір немесе бірнеше бағытта созу немесе сығу арқылы өзгертуге болады. Векторлық кескіндермен жұмыс істеудің кемшілігі – оларды растрлық сияқты жай ғана өзгерте салуға болмайтындығы.
Векторлық графиканың қолданылу саласы өте кең:

  • біріншіден, ол компьютерлік полиграфияда өте үлкен рөл атқарады. Оңай масштабталатын және баспа өнімдері мен бейнематериалдарда қолданылатын жүздеген түрлі түсті сурет (адамдардың, заттардың бейнесінен бастап, оюлар мен әшекейлерге дейін) векторлық әдіспен түсіріледі;

  • екіншіден, векторлық әдіс конструкторлық және ғылыми жұмыстардағы компьютерлік сызу автоматтандырылған жобалау жүйелерінде, үшөлшемді графикада және т.с.с. таптырмайтын әдіс болып табылады.

Векторлық графиканы құруға және өңдеуге арналған программалық құралдарға графикалық редакторлар (мысалы Adobe Illustrator, Macromedia Freehand, Corel Draw) және векторизаторлар (трассирлеушілер – растрлық бейнелерді векторлыққа ауыстыратын программалық кешендер, мысалы Adobe StreamLine, CorelTrace) жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет