Векторлық редактор Adobe Illustrator осы тектес программалардың ішіндегі ең танымалы. Оның ең басты ерекшелігі Adobe компаниясының басқа өнімдерімен жақсы қарым-қатынасында, оның ішінде ең алдымен Photoshop және PageMarker кешендерімен. Бұл программалар бір стильде орындалып, бір кешенді құрайды.
Векторлық редактор Macromedia Freehand қарапайым интерфейсімен жаңадан үйренушілерге қолайлы құрал болып табылады. Программа аз мөлшерімен және жақсы жылдамдығымен ерекшеленеді. Аппараттық ресурстарға қоятын талабы аз болғандықтан орташа деңгейдегі компьютерлерде жұмыс істей береді. Программа құралдары күрделі құжаттармен жұмыс істеуге жеткілікті, тек кейбір элементтерде ғана Adobe Illustrator және Corel Draw сияқты қуатты құралдарға жол береді.
Векторлық редактор Corel DrawWindows платформасында жұмыс істейтін негізгі векторлық графиканы құру және өңдеу кешені болып саналады. Оның ерекшеліктеріне дамыған басқару жүйесі және кеңейтілген құралдар жатады. Ең күрделі көркем композицияларды құру мүмкіндіктеріне қарай Corel Draw бәсекелестерінен әлдеқайда алда тұр. Алайда программаның интерфейсі игеруге күрделі.
Трассирлеуші Adobe StreamLineөзі тектес программалардың ішінде заңды түрде алдыңғы қатарда тұр. Сызбаларды өңдеуге арналған басқа да қуатты кешендер бар болғанымен олардың аппараттық құралдарға қоятын талабы күшті, әрі бағалары да қымбаттырақ. Adobe StreamLine растрлық графикадан векторлық графикаға ауыстырғанда өлшемдерді өте дәл қоюға мүмкіндік береді. Векторизациялау ең алдымен сызбалар, ақ-қара суреттер және басқа қарапайым графика үшін қолайлы. Күрделі және түрлі-түсті бейнелерді нашарлау өңдейді, және нәтижесі түпнұсқаға ұқсау үшін біраз жұмыс жасауды қажет етеді.
Компьютерлік графика растрлық пен векторлық болып қана қоймай, фракталдық болып та бөлінеді.
Фракталдық графика. Фракталдық графика векторлық графика сияқты, математикалық есептеулерге негізделген. Егер растрлық графикада негізгі элемент растр (пиксель), ал векторлық графикада – сызық болса, фракталды графикада негізгі элемент – математикалық формула, яғни компьютер жадында ешқандай объектілер сақталмайды, бейнелер тек теңдеулер көмегімен ғана салынады.