Лекция 11 Планиметрияның негізгі ұғымдары мен аксиомалары. Үшбұрыш және оның теңдік



Pdf көрінісі
бет2/12
Дата14.09.2023
өлшемі0,92 Mb.
#107267
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Лекция-11 Ушбурыштар 2

 
Кесінді. 
Түзудің екі нүктемен шектелген бөлігін кесінді деп атайды. 5-суретте «АВ кесіндісі»
берілген, ал А және В нүктелері кесіндінің ұштары болады. 
5-сурет 
Нүктелердің түзу бойында орналасуының негізгі қасиеті: 
Түзу бойындағы үш нүктенің біреуі және тек біреуі ғана қалған екеуінің арасында 
жатады. 
Екі нүктенің ара қашықтығы деп осы нүктелерді қосатын кесіндінің ұзындығын 
айтады. Ұзындықтары бірдей кесінділер тең кесінділер деп аталады. Кесіндіні тең екі 
кесіндіге бөлетін нүкте, яғни кеіндіні қақ бөлетін нүкте кесіндінің ортасы деп аталады. 
Кесіндіні өлшеудің негізгі қасиеттері: 
Әрбір кесіндінің нөлден үлкен ұзындығы болады. Кесіндінің ұзындығы оның 
бөліктерінің ұзындықтарының қосындысына тең. 
Жарты жазықтық. Сәуле. 
Кез келген түзу жазықты екі бөлікке бөледі. Сонда пайда болған бөліктердің 
әрқайсысы 
жарты жазықтық
деп аталады. 
Жазықтықтағы нүктелердің түзуге қатысты орналасуының негізгі қасиеті: 
Түзу жазықтықты екі жарты жазықтыққа бөледі. 
Түзудің бойынан кез келген нүкте белгілейік. Нүкте түзуді екі бөлікке бөледі. Әр 
бөлікті 
жарты түзу
немесе 
сәуле
деп атайды. Бір жағынан нүктемен шектелген түзудің 
бөлігін 
сәуле
деп атайды. 
Нүктені сәуленің бас нүктесі деп атайды. Бір түзудің бойында жатқан бас нүктесі 
ортақ екі сәуле бірін-бірі толықтауыш сәулелер деп аталады. 
6-суретте а) ОС – сәулесі көрсетілген, О – бас нүкте, С – сәуленің кез келген 
нүктесі; ә) ВА және ВС – толықтауыш сәулелер. 
Кесіндіні өлшеп салудың негізгі қасиеті: 


Кез келген сәуленің бойына, оның бас нүктесінен бастап, ұзындығы берілген 
кесіндіні өлшеп салуға болады, ол кесінді жалғыз ғана болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет