3. Ортағасырлардағы мұсылман мәдениеті. Ортағасырлық Араб – мұсылман Шығысының мәдениеті (VII – XVIғғ.) – исламдану барысында қалыптасқан әлемдегі ең ірі мұсылмандық суперэтностың құрамына енген көптеген елдер мен халықтардың көпұлтты мәдениеті ( Иран, Сирия, Палестина, Египет, Магриб, Үндістан, Испандық Кордова, Кавказ, Орта Азия ). Араб – мұсылман мәдениеті әлемдік өркениетке баға жетпес мол мұра қалдырған. Араб – мұсылман мәдениетінің рухни қайнар бұлағы, оның гүлденуіне ықпал еткен – VIIғ. Арабия жерінде пайда болған ислам діні. 632ж. Мұсылмандық теократиялық мемлекет
( Араб халифаты ) құрылады. Хғ. жеке бөліктерге – эмираттарға ыдырады.
Ең ірі мұсылмандық мемлекеттер:
Еуропада Испания жеріндегі Кордова халифаты;
Орта Азия – түрік мемлекеттері ( тимуридтер);
Византия террит. Түрік – Осман империясы;
Парсы империясы;
Үндістандағы Ұлы Моғолдар империясы
Араб-мұсылман өркениетінің айрықша белгілері:
- араб мәдениеті мен арабтар жаулап алған және исламданған халықтар мәдениетінің тұтасуы негізінде көпұлтты мәдениеттің қалыптасуы;
- батыс және шығыс мәдниетінің синтезделуі (араб философтары Аристотель, Платон еңбектерін аударып, жаңа исламдық философия - мұсылман перепатетикасын
қалады; Испандық Кордовадан шыққан мұсылман ғұламалары; архитектурадағы араб-мұсылман архитектурасы арабтық, ирандық және гректік көркем
дәстүрлерінің өңделген үлгілерінен құрылды; Византия ғылымы т.б.);
- уникалдылығы - (бұған дейінгі өзге халықтарды жаулап алған Рим империясынан, А.Македонский, т.б. империялардан айырмашылығы) бір ғана ортақ дінге және ортақ тілге негізделген мұсылман империясының (мұсылман суперэтносы) пайда болуы. Ислам діні мызғымас біріктіруші күш ретінде орнықты. Біртұтас араб-мұсылман өркениетінің қалыптасуы;
- Ірі ғылым орталықтары: Куфа, Басра, Каир, Бағдат, Кордова, Дамаск, Стамбул. Ең ірі ғылыми мектептер: басрилік және куфалық.
Мұсылман ғылымына ықпал еткен грек (философия, грамматика, риторика, филология), Таяу Шығыс (астрономия, алхимия) жэне үнді ғылымы (математика).
Араб-Мұсылман Шығысы мәдениетінің әлемдік жетістіктері.
Араб-мұсылман мәдениетінің гүлдену кезеңі: ІХ-ХІҮғғ.
Ғылым
• мұсылман әлемінде ғылым мен білім орталықтары: Бағдад, Каир, Дамаск, Кордова; Мешіттер - ғылым орталықтары / университеттер. Дамаск - Омейядтар мешіті, Каир - әл Азхар мешіті.
Басты мәдениет және ғылым орталығы Бағдат - IX ғ. «Ғылымдар үйі» (академия, обсерватория, кітапхана, аударма мектебі) - басқарған Алъ-Хорезми;
• философия: аль Фараби, ибн Рушд, аль Ғазали т.б.
• математика: алгебра, тригонометрия; арабтық санау жүйесі (аль Хорезми);
• физика, соның ішінде оптика; теңіз ғылымының негізін салды.
• астрономия және астрология, әйгілі обсерваториялар /Ұлықбек/;
VII в. Ай күнтізбесі - 16 июля 622 ж.
химия /Куфадан шыққан ибн Хайян/: экспериментальды зерттеулер, болатты қорыту, матаны бояу, шыны өңдеу; қышқылдар; дистилляция мен кристализация туралы (араб алхимиясы);
медицина дәрігер-энциклопедист Ибн Сина «Дәрігерлікнегіздері»;
әйгілі хирург аз-Захрави: хирургиялық жинақтар, 200-ге жуык хирургиялық кұралдар; Ибн Зухр (Авензоар): өкпенің қабынуы мен асқазан рагын суреттеп берген; ар-Рази - алғашқы клиникалық дәрігер. Араб-мұсылман медицинасы диетаның, гигиенаның, формацептиканың, су терапиясының, психотерапияның қасиетін білді; ауруларды бөліп жеке жаткызып емдеу тәсңлі.
Поэзия
- Синтез: араб, түрік, парсы. Араб поэзиясы - кассыда;
газельдер; рубаи.
Араб әдебиетінің әйгілі туындысы - «Мың бір түн». Әдеби тілдер: араб, парсы, түрік.
Өкілдері: Фирдауси «Шах-нама» /патшалар кітабы/; Омар Хайям - рубаи; Низами, Навои, Сағди, Хафиз т.б.
- Сопылық поэзия: Аллаға деген махаббат.
Бейнелеу және сәулет өнері
Бейнелеу өнері мен мүсін өнерінің дамымағандығы (ІХ-Х ғ. қатан тыйым).
Ерекшелігі - суретсіз өнерді дамыту.
абстракциялы геометриялық араб оюлары -
арабеска;
көркем каллиграфия;
- миниатюралар /кітаптық/.
Ортағасырлық араб мұсылман өркениетіннің артықшылығы -қалалық мәдениетте. Араб-мұсылман қалалык архитектура әртүрлілігімен ерекшеленеді. Классикалық мұсылман қаласында мешіт, медресе, кесенелер ең көрнекті құрылыстар болды. Әмбебаптық сипатта орталық жерлер, кешенді құрылыстар - моншалар, госпитальдар, фонтандар, керуен сарайлар, базарлар, жеке үйлер мен шеберханалар салынды.
Мұсылман архитектурасының керемет туындыларына жататыны - мешіттер. Мешіт (арабша «масджид» - «құлшылық орын») негізгі діни орталық және мұсылман діни өмірінің басты символы. Мешіт архитектурасында тарихи және географиялық элементтер көптеп кездеседі.