Лекция №11. Тақырып: Ортағасырлар және Қайта өрлеу мәдениеті



бет4/4
Дата26.11.2023
өлшемі45,58 Kb.
#128426
түріЛекция
1   2   3   4
Байланысты:
11 апта лекция. Мәдениеттану

4. Қайта өрлеу мәдениеті.
Ренессанс /Қайта Өрлеу/ деп аталған тарихи-мәдени даму процесінің феномені ХІҮ ғасырда Италияда басталып, кейін Батыс Европаның көптеген елдерін кеңінен қамтыған. Батыс Европа өркениеті тарихындағы Қайта Өрлеу дәуірі бұрын соңды болмаған ең жоғарғы шырқаумен және мәдени құбылыстардың ауқымдылығымен ерекше айрықшаланады.
Батыс Европалық Ренессанс үлкен 2 кезеңді алып жатыр:
1-кезең: Италиялық Ренессанс - ХІҮ ғ.ортасы - ХҮІғ. 2-кезең: СолтүстІк Ренессанс /Европаның басқа елдерінде/ -ХҮІ г.басы - ХҮП ғ, (Реформация дәуірі). Реформация дәуірінің аяғы мен Жаңа заманның басын
көптеген зерттеушілер ағылшын төңкерісімен байланыстырады (ХҮІІ г. 40-шы ж.ж.).
Қайта Өрлеу дәуірін Батыс Европадағы терең әлеуметтік-экономикалық және саяси процестер айқындады:
• жаңа қоғамдық катынастар: феодалдық қатынастан жаңа ерте буржуазиялық, нарықтық қатынасқа өту процесі (мануфактура, қалалардың өсіп гүлденуі, халықаралык сауда, нарық);

  • жаңа географиялық ашылымдар (2 ірі әр бай континент): Колумб, Магелан т.б. Жер туралы, тұтас әлем туралы түсініктердің өзгеруі;

  • батыс европалық ұлттық мемлекеттердің құрылу процесі
    (Фр.,Анг.,Герм.,Исп. т.б.);

  • қоғамнын рухани өміріндегі елеулі өзгерістер, ой-сана мен дүниетанымдағы жаңа бағыттар: еркін ой, әлеуметтік теңдік идеясы, антиклерикализм, секуляризация, білімге құштарлык, жаңа сана-сезім: эгоцентризм, еркінсүйгіштік, индивидуализм;

  • ғылымның ортағасырлық схоластикадан арылуы —
    әлемнің ғылыми түсіндірмесі барынша дамиды (Коперник: гелиоцентрлік жүйе, Кеплер: геоцентрлік ілім, Бруно: барша ғаламның шексіздігі, Галилей: Күндегі дақ, Айдағы таулармен теңіздер);

  • шіркеу беделіне деген сенімнің орнына ғылым беделіне сенім келеді;

• өнер, әдебиет саласындағы жаңа шығармашылық шабыт, жаңа идеялар мен бағыттар.
«Репессанс» ұғымын қолданысқа алғаш енгізген әйгілі италиялық суретші әрі өнертанушы Дж. Вазари (ХҮІ ғ.). Бұл ұғым бастапқыда тікелей бейнелеу өнеріне қатысты қолданылды: бейнелеу өнеріндегі антикалық дәстүрлердің қайта жаңғыруы ретінде түсіндірілді.
Ренессанс I үғымының мәні ғылыми зерттеулер бойынша 2 мағынада түсіндіріледі:
1 - антика мәдениеті үлгілерінің қайта жаңғыруы (ғылым, философия, әдебиет, өнер); италиялықтар ежелгі Грек және Рим мәдениетін зерттеп, ұмытылған көптеген әдеби және философиялық құнды еңбектерді жария етті.
Алайда, Ренессансты антикалық дәстүрлердің қайта жаңғыруы деп қана қарау жеткіліксіз. ӨйткенІ антикалық дәстүрлерді жаңғырта отыра, ортағасырлык мәдениет жетістіктерін жоқка шығармай, оларды әрі қарай жетілдірді. Антикалық дүниетанымдағы адам барлығын табиғаттан үйренеді, адам мен табиғат бір-бірімен үйлеседі деген көзқарастан айырмашылығы, Қайта өрлеу ойшылдары адам Құдайдан дарыған ерік пен жігері арқылы өзін-өзі жасаушы және соның нәтижесінде табиғаттан ерекшеленеді деп түсіндірді.
2 -рухани өмір мен мәдениет ортағасырлық шіркеудің ыцпалынан босап, дүниетаным мен ой-сананың жаңа үлгілері қалыптасады. Ең бастысы адам туралы түсінік өзгереді: ортағасырлық христиандықт үсінікте адам «күнәһар жан» және өмірілік мақсаты - күнәдан арылу болса, Қайта өрлеу ойшылдары адамды Қүдайдың бейнесінде жасалған «жасампаздықтың жаршысы», «адам -титан» және өмірінің басты мақсаты - өзін-өзі шексіз жетілдіру. Христиандық дүниетанымда дүниенің орталығы, тетігі-Жаратушы Құдай болса, Қайта өрлеу дүниетанымында дүниенің тетігі ретінде ең басты көңіл Адамға аударылды. Демек, бұл дәуір адамның жаңа типі «ренессанстық адам» қалыптасты. Ренессанс дәуірінің атақты түлғалары өзгелерден титандылығымен (керемет алып тұлғалар ретінде дараланды) және универсалдылығымен (өздерін барлық салаларда әмбебап жан-жақты жетілген тұлғалар ретінде көрсетті) ерекшеленді.
Қайта өрлеу ойшылдарының көзқарастарындағы ортақ мәселе - Адам. Сол себептен Қайта өрлеу дәуіріне тән ерекше рухани құбылыс, негізгі идеялық ағым - гуманизм.
Гуманизм ұғымы ғылыми әдебиетте 2 мағынада беріледі:
- кең мағынада - адамды ең жоғарғы құндылық ретінде айқындайтын идеялар мен көзқарастар жүйесі;
- тар мағынада - Қайта өрлеу кезеңіндегі Батыс Европалық мәдениетінде адамның жеке басының қадыр-қасиетін дәріптеуге бағытталған прогрессивті ағым.
«Гуманизм» терминін алғаш 1808 ж. неміс педагогы Ф.Нитхаммер итальяндық мәдениетті айқындайтын негізгі идеялық ағым ретінде айқындау үшін қолданған. Ренессанс - мәдениеттің гуманистік типі. Гуманизм - тек ренессанстық феномен.
Қайта өрлеу гуминизміне тән ортақ идеялар:
1-ден, адамның шығу тегі мен әлеуметтік жағдайынан гөрі, оның жеке басының құндылықтарын қастерлеу идеясы /ақыл-ой, парасаттылық, шығармашылық қабілеті, ерік-жігері, ар-намыс т.б.);
2-ден, «идеалды адам» идеясы - жан-жақты жетілген, әмбебап адам (универсалдылық); адам - энциклопедист;
3-ден, «адам - жасампаз», «адам - титан»: өзін - өзі жасайды; «Адам - шығармашыл жан», адам санасы ең керемет құбылыс, сол себептен оның шығармашылық мүмкіншіліктері шексіз;
4-ден, сұлулық кулъты: адам - табиғаттағы барлық тіршілІк иелерінің ішінде шексіз таңдануға және махаббатқа әбден ылайықты ең жетілген, ең сұлу туынды; калокагатие - тән сұлулығы мен жан сұлулығының үйлесімді дамуы; көркемділік пен эстетикалык үйлесімділік {өнерде барынша дамыды);
5-ден, өмірге құштарлық: Құдай адамды өзіне ұқсас етіп өз бейнесінде жасады, адамның максаты - өз миссиясын толық орындау жэне мәңгілікте қалу; адамға өмір берілгендіктен оны барынша қызықтау, рахаттану, ләззатқа бөлену; бақытка жету /антикалық эвдемонизм және гедонизмі;
Қайта өрлеу гуманистік ойға тән негізгі 2 белгі:

  1. антропоцентризм - дүниенің негізгі тетігі, барлық заттар мен құндылықтың өлшемі адам деп танылады;

  2. деизм -еркін ой, құдайды тек бастапқы жаратушы ретінде мойындап, адам және қоғам өміріндегі болып жатқан құбылыстар мен процестер өз заңдылығына бағынады деп
    қарастыру; адам өз тағдырын өзі жасаушы.

  3. гуманистер барлық ғылымдарды құдайлық және адамдык деп ажыратты. Соңғысы - studia hотапіtas - «адамдық рухтың тұтастығын құрайтын», «адамды жетілдіретін және көркейтетін барлық заттарды танып білуге аса құштарлық» деген мағынаны берді.

  4. Адамдық білімде гуманистер «ғалымдылық» және «ізгілік» деген ұғымдарды ұштастырды; «ғалымдылық» - сөзді меңгеру негізіндегі білімнің әмбебаптылығы; «ізгілік» - жан сұлулығы мен кішіпейілділіктің негізінде өзін-өзі дұрыс ұстау қабілеті. Гуманизм ХІҮ-ХҮІ ғғ, батысевропалық рухани құбылыс. Ал оның отаны - Италия (нақты айтсақ -Флоренция).

Италиялық Қайта өрлеу мәдениетін бірнеше кезеңдеріге бөледі:
1-кезең - Проторенессанс (алғыренессанс): XIII г.соңы - ХІҮ ғ.басы;
2-кезең - Ерте ренессанс ХІҮ ғ.ортасы - ХҮ ғ.үшінші ширегі (1475ж.);
3-кезең - Жоғарғы ренессанс: ХҮ ғ.соңғы ширегі - ХҮІ ғ.басы (квадроченто);
4-кезең - Кейінгі ренессанс: ХҮІ ғ. - ХVІІ ғ.басы (чинквеченто).
Проторенессанс: Италиялық ақын Данте Алигьери шығармашылығы - «Құдіретті комедия»; үш үлкен бөлім: «Тамұқ», «Тазару», «Жұмақ» (әр бөлім 33 өлеңнен құралған

  • антика мәдениетіне аса қызығушылық танытып, барынша дәріптеді;

  • шіркеулік канондарға қарама-қайшы көзқарастар, әсіресе адамға деген жаңа көзқарас - күнаһарлық пен пендешілік, бакытты өмір сүруге деген құштарлық.

Ерте Ренессанс: әйгілі ақындар, ұлы гуманистер Франческо Петрарка мен Джованни Боккачо шығармашылығы -италиялық әдеби тілдің негізін қалаған. Ф.Петрарка шығармашылығының орталық идеясы ретінде құдайды емес, адамды қойды. Әйгілі шығармасы «Өлеңдер кітабы» жинағына енген Лаура мадоннаның өмірі мен өліміне сонеталар.
Дж.Бокаччо - «Декомерон» новелласы: өмірге деген оптимистік ұстаным.
Ерте Ренессанстық өнердің көрнекті өкілдері: суретші СандроБоттичели - «Венераның тууы»; реализмнің негізін қалаған мүсінші Донателло -жалаңаш денені салуды алғаш бастаған; мүсінші әрі сәулетші Брунелески - антикалық архитектураның кейбір элементтерін қайта жаңғырта отыра, Ренессанс архитектурасында күрделі техниканы қолданудың негізін қалады - Флорентия соборы күмбезінің кұрылысы.
Жоғарғы Ренессанс: бұл Ренессанстың ең қысқа кезеңінің өкілдері - үш дарынды шебер, Қ.Ө. дәуірінің титандары Леонардо да Винчи; Рафаэль Санти, Микеланджело Буонаротти.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет