Лекция 13. Жоғарғы оқу орындары оқыту процесін ұйымдастыру жүйелері


ІІІ. Бітіруші мамандардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар



бет2/8
Дата31.12.2021
өлшемі27,59 Kb.
#23869
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Лекция 13. Мамандыққа кіріспе

ІІІ. Бітіруші мамандардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

  1. Бітірушінің білімділігі мен біліктілігіне қойылатын жалпы талаптар.

Бітіруші маман төмендегі талаптарға жауап береді:

  • Әлеуметтік-гуманитарлық, психологиялық-педагогикалық ғылым салаларында негізгі ілімдерді біледі, әлеуметтік мәнді проблемалар мен үрдістерді ғылыми қабілеттілікпен талдай алады, осы ғылымдардың әдістерін әр түрлі кәсіптік-педагогтік және әлеуметтік іс-тәжірибеде қолдана алады;

  • Адамның адамға, қоғамға, қоршаған ортаға қарым-қатынасын реттейтін этикалық және құқықтық нормаларын біледі, оларды шешу үшін өзі игерген ғылымдардың әдістерін қолдана алады;

  • Іскерлік экономикасы, маркетинг, менеджмент негіздерін біледі, оқу-өндірістік жағдайларда іскерлік іс-әрекеттерді ұйымдастыра алады;

  • Білім беру саласын, мәдениетті ұрпақтан ұрпаққа жалғастырушы, айрықша гуманитарлық іс-әрекет саласы ретінде түсінеді;

  • Білімін (дайындық профилінің пәндері бойынша) қажет ететіндерге бейімдеп жүйеге келтіре алады;

  • Басқа адамдарға жалпы техникалық және арнаулы пәндерді оқытуға, оларда дайындық профилі бойынша еңбек дағдысын қалыптастыруға және ағарту мен мәдениет жұмыстары кіретін гуманитарлық саладағы іс-әрекеттерге баулуға дайын болады;

  • Өз еңбегін ғылыми негізде ұйымдастыра алады, кәсіби-педагогикалық салада қолданылатын ақпарды жинау, сақтау және өңдеудің компьютерлік әдістерін игерген;

  • Жеке адамды кәсіби – еңбекке тарту процесінде негізгі тұлға болуға дайын;

  • Төмендегі жұмыстарға теориялық және практикалық тұрғыдан дайын: профиль бойынша қолданылатын техника мен технология, өндіріс негіздері, кәсіби-еңбекке баулудың теориялық негіздері бойынша іргелі білімді қажет ететін кәсіби іс-әрекеттер түрлеріне өздігінен бейімделу; өзінің мәдени қажеттілігін өз бетінше білім алып және дамыту жолымен қанағаттандыру;

  • Халықтың қоғамдық-мәдени бөлігіне қажетті жоғары азаматтық және адамгершілік қасиеттері болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет