2.3. Жоғары мамандық білім берудің қашықтықтан оқыту жүйесі
Қазақстан Республикасы 1999 жыл 07 маусымдағы «Білім туралы заңына» сәйкес жоғары мамандықты білім берудің қашықтықтан оқыту (дистанционный) жүйесінің ережесі жасалынған.
Қашықтықтан оқыту – білім беру ұйымдастырылған орыннан қашықта тұратын студенттерді оқу-тәрбие процесін электрондық және телкоммуникациялық құралдары мен әдістемелік басқару ұйымдастыру арқылы оқыту формасы. Қашықтықтан оқыту процесінің дидактикалық құралдары – электрондық және мультимедиялық оқулықтар, теле-видео және аудио лекциялар болып табылады. Оқыту процесі базалық жоғары оқу орны арқылы және оның құрған оқу орталықтары арқылы жүзеге асырылады.
Мұндай оқуға мүмкіндіктері жоқ студенттер үшін білім алушының мекен жайында ұйымдастырылады. Жеке оқыту процесін білім алушының базалық ЖОО-мен немесе оқыту орталығымен телекоммуникациялық байланыс мүмкіндігіне қарай ұйымдастырылады. Алдыңғы оқытуды ұйымдастырудың екінші түрінде оқитын студенттер, әдетте күндізгі оқу түріне жатқызылса, кейінгісі сырттай білім алу жүйесі іспетті орын алады.
Бақылау сұрақтары:
Пәндер циклдары бойынша білім және біліктілікке қойылатын пәндер
Жаратылыстану ғылыми және жалпы – кәсіби пәндер циклы бойынша бітірушілерге қойылатын талаптар
Арнаулы пәндер бойынша қойылатын талаптар
Студенттердің оқу жүктемесінің максимал көлемі
Студенттердің аудиториялық сабақтары
Аудиториялық сабақ түрлері
Студенттердің өзбетінше орындайтын жұмыстары
Достарыңызбен бөлісу: |