IV. Пәндер циклдары бойынша білім және біліктілікке қойылатын талаптар
Жалпы әлеуметтік-гуманитарлық пәндер циклы бойынша қойылатын талаптар.
Бітіруші:
а) философия, психология, педагогика, тарих, мәдениет тану салаларында;
- дүниетаным мен тіршіліктік ғылыми, философиялық және діни бейнеленуі туралы; адам қызметімен өмір сүру туралы түсінігінің болуы;
- тәрбиелеу және білім беру барысында бала мен жасөспірімнің психикасының даму негіздері, жеке-технологиялық ерекшеліктерін, адам қарым-қатынасына әлеуметтік-психологиялық әсер ету миханизмін білу;
- кәсіби-оқыту процесінің психологиялық негіздерін жасап, оны ұйымдастыра білуі, жеке адамның қасиеттерін анықтай отырып, оның өздігінен жетілуіне басқара білу;
-адамды мақсатты түрде қалыптастыруға бағытталған, қазіргі уақыттағы іс-әрекетті жүйелі ұйымдастыру негіздерін, қазіргі уақыттағы білім, соның ішінде әр түрлі бағыттардағы еңбекке баулу және кәсіби білім беру мазмұнының даму барысын, оқыту және тәрбиелеу әдістері мен формаларын, білім беру бағдарламаларын іске асыру технологиясын, жалпы тәрбиелеу мен білім берудің, соның ішінде қазақ халқының тәрбиелеу мен білім берудегі психология-педагогикалық дәстүрлерінің даму тарихын білу;
-қазақ халқы мен оның қоғамдық формацияларының тарихын білуі, бүкіл адамзат және көрші мемлекет халықтарының, Қазақстанда тұратын басқа ұлт өкілдерінің тарихынан хабардар болуы;
-адамды шығармашылыққа бастайтын белсенді тұлға болып қалыптасуына әсер ететін қоғамдық – тарихи процестердің мазмұны мен адамзат тарихында құралған жалпы рухани байлық жайынан хабары болуы керек.
Ә) социология, экономика, саясаттану және құқық саласында:
-қоғам дамуы мен өмір сүруінің заңдылықтарын білуі, қоғамдағы саяси жағдайларды, күрделі әлеуметтік-экономикалық және ұлттық дағдарыстарды болжап, оларды алдын ала білуі;
-қазіргі уақыттағы республикадағы және басқа елдердегі экономикалық талдау негіздерін, қоғамның әлеуметтік дамуының негізгі тенденцияларын білуі және осы білім негізінде болжам жасап, экономика және коммерция саласында шешім қабылдай алуы, экономикалық ойлау мәдениеті және үкімет жүргізіп отырған экономикалық реформаның негізгі принциптері туралы түсінігі болуы;
- қоғамның саяси жүйесін, бұл мемлекеттік жүйедегі партиялар мен қоғамдық ұйымдардың рөлі мен ара қатынасын, саяси біліктің мазмұнын, мемлекеттік саясатты жасау және өмірге ендіру әдістерін білуі;
- әртүрлі әлеуметтік топтар мен саяси ұйымдардың қоғамдық өмірдегі, жастардың мәдениетін дамытудағы, қоғамдық-саяси қатынастарды реттеудегі араласу сипатын білуі жеке тұлғаның орыны, демократия мәселелері туралы, мемлекеттің сыртқы саясат, оның әртүрлі халықаралық қозғалыстар мен бірлестіктердегі жұмысы, халықаралық қатынастар туралы хабары болуы керек;
- мемлекет бекіткен заңдардағы адамдардың жүріп-тұру ережелері мен нормалар жиынтығын білуі және құқықтық үгіт, оқушыларды заңды, құқық нормаларын қастерлеу рухында тәрбиелей білу, бейқоғамдық әрекеттер мен қоғамдық тәртіпті бұзуға қарсы өзіндік позиция қалыптастыру жайында түсінігі болуы тиіс.
Б) Дене тәрбиесі саласында:
-Денсаулықты нығайту және ұзақ бойы шығармашылық белсенділікті сақтай білу әдістемесін, ережелерін білуі, оқушылардың дене тәрбиесінің дұрыс жүргізілуі туралы хабары болуы тиіс.
В) Филология саласында:
-Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі-қазақ тілін ресми тілі-орыс тілін еркін меңгеру;
-Өз жұмысында кәсіби лексиканы білуі және орнымен қолдана білуі тиіс;
-шет тілдерінің бірінде лексикалық минимумды меңгеруі керек;
-шет тілінде диалог сипатта әңгімелесе білуі тиіс;
Достарыңызбен бөлісу: |