VII.Студенттердің оқу жүктемесінің максимал көлемі
4 жылдағы барлық оқу уақыты – 204 апта.
Теориялық оқыту – 133 апта * 54-7182 сағат.
Іс – тәжірибе (педагогикалық, өндірістік) – 21 апта.
Емтихан сессиясы – 17 апта, соның ішінде Мемлекеттік аттестация үшін – 5 апта.
Каникул – 29 апта.
Жоғары оқу орынның бітіргеннен кейінгі демалыс – апта.
Аталған мемлекеттік білім беру стандарты негізінде мамандық мазмұны және жоспары анықталады.
Оқу жоспары, оқу пәндері, оқу сабақтарының түрлері олардың көлемін, студенттер білімін бақылау (тексеру) формаларын анықтайды. Бұл оқу жоспарын типтік оқу бағдарламалары толықтырады. Мұнда, оқу пәндерінің мазмұны, сабақ түрлеріне бөлінетін сағат саны көрсетіледі. Оқу жоспарына сәйкес ЖОО, мектеп практикасындағыдай, семестрлік оқу кестесі түзіледі.
Оқу жоспары мен оқу бағдарламалары негізінде әрбір студент, семестрлік сабақ кестесін ескере отырып өзінің жеке өз бетінше орындайтын жұмыс жоспарын жасауы тиіс. Мұндай жоспарлау кезінде студент өзінің индивидуалды сапасын, яғни әртүрлі пәндерді қабылдау мүмкіндігін есепке алуы және өзінің осы пән төңірегіндегі білім жетіспеушілігін т.с.с., ескертуі тиіс.
Оқу жоспарлары үш топқа біріктірілген пәндер құрамында түзіледі.
Бірінші топқа – әлеуметтік-гуманитарлық пәндер: Қазақстан тарихы, филасофия, мәдениеттану, саясаттану, құқық негіздері, психология, қазақ (орыс) тілі, шет тілі дене тәрбиесі және таңдау пәндері.
Екінші топқа – жаратылыстану-ғылыми пәндер: экологиялық бөлім, ӨСҚ, информатика, ОТҚ, жас ерекшелік физиологиясы және тамақтану гигиенасы, жоғары математика, физика, таңдау бағытындағы курстар.
Арнайы пәндер болашақ мұғалімдер таңдаған мамандығы бойынша практикалық іс-әрекеттерге дайындайды. Мұғалімдер үшін («Технология», «Кәсіби оқыту»); мамандыққа кіріспе, материалтану, электротехника және электроника негіздері, педагогика, арнайы пәндер әдістемесі, т.с.с.
Төртінші топқа – ЖОО бекіткен пәндер.
Бесіші топқа – факультатив пәндер ұйымдастырылады. Қоғамдық және жаратылыстану пәндер мамандардың жалпы дүниетанымымен, онда жүретін құбылыстар, процестердің ғылыми негіздері жөніндегі білімдерін кеңейтеді.
Сонымен қатар болашақ педагогке басқада сапаларын қалыптастыру қажет. Мысалы: мұғалім өз білімін ұдайы толықтырып және жаңғыртып отыруы тиіс. Сондықтанда оқу жоспары ЖОО –да, студенттерді ақпарат көздерімен жұмыс істеуге ұйымдастырады. Бұл үшін болашақ мұғалім ақпараттық техника және шет тілін оқиды. Осындай мақсатта ЖОО оқу процесін ұйымдастыру формасы болып табылатын студенттердің өз бетінше жұмыстары көзделінген.
Педагогтің қай-қайсысы болмасын ғылыми зерттеу жұмыстарын жүзеге алуы тиіс. Бұған ол ЖОО дағдыланады. Осы мақсатта, кафедрада студенттерге, кафедраның зерттеу тақырыптары бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарын алып бару қарастырылады. Сондықтан да, оқу жоспарында арнайыкурс ретінде «Ғылыми-педагогикалық зерттеу негіздері» қарастырылған, және кафедра, факультет, университет масштабында студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары (СҒЗЖ) және оқу-зерттеу жұмыстары (СОЗЖ) ұйымдастырылады.
Жалпы алғанда оқу жоспары өзара байланыста және бірін-бірі толықтыратын пәндердің оқылатын мерзімдеріне сәйкес логикалық құрылым. Оқытылатын барлық пәндер өзара үйлестірілген, сондықтанда олар болашақ педагогке қажетті білім жүйесін түзеді. Ондағы бір звеноның «ұмыт» қалуы, басқа да звенолардың жойылуына алып келетін тізбекті реакция деп қаралады.
Достарыңызбен бөлісу: |