Исламды уағыздаушы - Мұхам-мед-пайғамбар (571-632 жж) Қасиетті кітап - Құран. Екінші қасиетті кітап– Сунна (пайғамбардың іс әрекеттері мен айтқан сөздері туралы хадистер жинағы) Мұсылмандардың саны - 1,8 млрд адам
Суфизм
Суфи́зм (араб. «суф» - «жүн») - исламның құрамындағы аскетизм мен жоғары деңгейдегі руханилық-ты, Құдайға қасиетті махаббатты біддіріп, «тариқат» жолы арқылы Құдаймен қосылуды уағыздайтын мистикалық ілім Суфизм қалыптасуының дәл басталу уақыты - VIII ғ. басы (Си-рия, Ирак,) - IX ғ. басы (Испания, Индия). X-XI ғғ. суфизм күшті халықтық және интеллектуалды-мәдени қозғалысқа айналған. Көрнекті өкілдері - Ибн Аль-Араби, Аль-Газали, Аль-Хасан Аль- Басри
Аль-Газалидің суфизмі
Абу Хамид аль-Газали (1058-1101) Аль-Газали суфизм ұғымдарын шариат заңдарымен біріктіруге зор үлес қосқан. Суфизмнің практикалық пайдасын аль-Газали адамды өнегелілік жағынан кемелдендіруге бағытталуынан көрген. Ол суфилердің Құдаймен онтологиялық бірлікке ұмтылысын жоққа шығарған және «бірігу» ретінде тек қана жоғарғы деңгейдегі танымдық күш арқылы Құдайды түсіну деп мойындаған. Аль-Газали болмыстың үш деңгейін атап көрсеткен:.
Жоғары деңгейде Аллаһ орналасқан, ол өзі-өзіне жеткілікті (самодостаточен)
Төменгі деңгейді материалдық дүние құрайды, оны Аллаһ анықтап бекіткен
Екеуінің ортасында адамдар дүниесі орналасқан, олардың жандары ерік бостандығына ие.
Аллаһ оларға идеялар мен қабілеттерді береді, бірақ іс-әрекеттерді адамдар өз еркімен жасайды
Ходжа Ахме́т Яссауи́ (1103-1166 ) «Диани хикмет» («Даналық кітабы») Ходжа Ахмет Яссауидің суфилік мектебі (яссауизм) өз ерекшеліктеріне ие. Өнегелілік-рухани кемелденудің және Құдайды түсінудің міндетті шарты ретінде шариат, тариқат, хакиқат, мағрифат жолдарын өтуді талап еткен.