Лекция №2. Бөлінбеген жұп электрондар рөлі
Лекцияның оқыту нәтижелері:
1. Органикалық реакцияларда түзілетін аралық бөлшектер түрлері, олардың түзілу жағдайлары жөнінде проблемалық оқыту, дамыта оқыту және кейс-стади технологияларын қолдана отырып, педагогикалық шеберлігін жетілдіреді, жай және еселік байланысы бар қосылыстардағы электронды ығысуларды салыстырады.
2. Бөлінбеген жұп электрондар рөлі жөнінде білімді меңгеріп,органикалық қосылыстарды синтездеу жөніндегі ақпараттардың артықшылықтары мен кемшіліктерін сыни көзқараспен бағалайды, синтездеудің тиімді әдістерін көрсетеді.
3.Бос радикалдар,карбкатиондар,карбаниондар түзілуімен жүретін реакцияларды зерттеуге арналған лабораториялық тәжірибелердің қондырғысын құрастырады,реагенттерді дайындайды, синтез жүргізеді және процесті бақылайды, нәтижелерін талқылайды, қорытындылайды, олардың сандық білім ресурстарымен, виртуальды және тәжірибелік зертханалармен байланысын көрсетеді.
Лекция мазмұны:
Бөлінбеген жұптар рөлі
Бөлінбеген жұптары бар заттардың жоғары реттілікті қосылыстар түзу қабілеттері бар, оларды Вернер координациялық қосылыстар деп атайды. Оларға «онийлі қосылыстар» (аммонийлі, оксонийлі, сульфонийлі және т.б.) жатады. Бұл қосылыстардағы орталық атомның валенттілігіне сәйкес келмейтін артық байланысы болады. Басқаша айтқанда олардың координациялық валенттіліктері кәдімгі валенттіліктен бір бірлікке артық болады.
Қарапайым метил спиртінің электронды формуласы:
Электронды формуладан көрініп тұрғандай оттегі атомының екі бөлінбеген жұптары бар. Гидроксил тобындағы оттегі атомы терісэлектрлігі жоғары болғандықтан электрон тығыздығын өзіне тартады. Сондықтан мұндай байланыс полярланған; оттегі атомда теріс заряд, ал сутегі атомында оң заряд пайда болады. Бірақ бұл поляризация алкил радикалдарының донорлық қасиеттеріне байланысты төмендейді. Сондықтан, спирттің гидроксил тобындағы сутегі атомының қозғалғыштығы төмен. Біратомды қаныққан спирттер қатарындағы метил спирті ең «қышқыл» болып табылады. Ол суға қарағанда «қышқылдау». Спирт молекуласындағы радикалдар да қышқылдылық қабілеттің көрінуінде маңызды орын алады. Әдетте көмірсутек радикалдары қышқылдық қасиетті төмендетеді. Бірақ егер олардың құрамында электракцепторлы топтар болатын болса, онда спирттердің қышқылдылықтары әжептеуір артады. Мысалы, (СҒ3)3С – ОН спиртінің қышқылдық қасиетінің жоғарылылығы сонша, көмір қышқылын оның тұздарынан ығыстырып шығара алады.
Аминдер, аммиак туындылары болып табылады. Оның құрылысы аммиакқа ұқсас және соған ұқсас қасиеттер көрсетеді. Аминдер донорлы-акцепторлы байланыстар түзе алады. Азот бөлінбеген электрон жұбын беріп, донор ролін атқарады. Акцептор – H+, RзNH+ ионын түзеді. Түзілген ковалентті N – H байланысы басқа N – H байланыстарға толығымен эквивалентті.
Ароматты аминдер аммиакқа қарағанда әлсіз негіздер болып табылады. Себебі бөлінбеген электрон жұбы бензол сақинасының жағына қарай ығысады да, π-электрондармен қабысады.
Достарыңызбен бөлісу: |