Лекция №2. Бөлінбеген жұп электрондар рөлі Лекцияның оқыту нәтижелері


Карбаниондардың тұрақтылығына құрылымдық факторлардың әсері



бет5/5
Дата02.10.2024
өлшемі1,02 Mb.
#146484
түріЛекция
1   2   3   4   5
Байланысты:
lek2.doc

Карбаниондардың тұрақтылығына құрылымдық факторлардың әсері
Карбанионның теріс заряды делокализацияланған болса, карбанионның тұрақтылығы артады. Цикл атомдары арасында теріс заряды біркелкі тараған циклді карбаниондар аса тұрақты болып табылады, π-электрондардың жалпы саны [4п+2]ге тең. Мысалы, флизоренилил анионының он төрт π-электроны бар және циклопентадиенил-анионның 6 π-электрондары бар:

Делокализация жүру үшін С атомының жанында ароматты ядролар немесе π-байланыстары бар орынбасушылар болуы керек.
Тритил-анионда теріс зарряд 10 көміртегі атомдары арасында таралған. Трифенилметилкалий қосылысының сұйық аммиактағы ерітіндісі электр тогын өткізеді. Бұл ерітіндіде иондардың бар екенін білдіреді.

Концентрлі ерітінділері қанық қызыл түсті тритил анионының тұрақтылығы оның пара- орнындағы сутек атомы орнына – С эффектісі бар топты енгізсе артады. Егер – С эффект көрсететін топ теріс зарядталған атоммен тікелей байланысқан болса, онда сәйкес қосылыстардың иондалу константасы жоғары болады. Мысалы:





Оқытудың техникалық құралдары: интерактивті тақта, проектор сызба – кестелер, видео-, дыбыс аппаратурасы.
Оқытудың әдістері мен түрлері: баяндау, сұрақ – жауап, түсіндіру, кіріспе лекция
Деңгейлік тапсырмалар:
1-деңгей. Органикалық молекулалардағы бөлінбеген жұп электрондарының рөлін жазыңыз.
2-деңгей. Бос радикалдардың түзілуі және өзгеріске ұшырау жағдайларын түсіндіріңіз.
3-деңгей. Карбкатиондарды түзуші субстраттар, карбкатиондардың тұрақтылығын көрсетіңіз.
ОБМӨЖ тапсырмалары: Органикалық реакциялар механизмдері.
МӨЖ тапсырмалары: Күрделі эфирлердің биологиялық ролі.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Негізгі:
1.Бейсебеков М. Қ., Әбілов Ж. Ә. Органикалық химия .Оқулық. - А. :Қазақ университеті, 2013.
2.Жұмаділлаева С.А.. Химиялық синтез негіздері. Оқу құралы, Шымкент:Әлем баспасы, 2021.- 184 б.
3.Тукибаева А.С., Джумадуллаева С.А., Асқарова Э.Д.. Органикалық молекулалардың функционалды туындыларының химиясы, оқу құралы, Алматы: Эверо, 2014.- 236 б.
4.Халменова З. Б., Жүсіпова Ғ. Е., Органикалық синтездің химия-технологиялық процесінің теориясы: Оқу құралы, 2015.
5.Кайралапова Г. Ж.. Органикалық химия пәні бойынша лабораториялық жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқаулық. - Алматы :Қазақ ун-ті, 2017.
6.Карбон қышқылдарының гидразидтерін және гидразондарды синтездеу әдістерін жасау. Монография, Түркістан: ХҚТУ, 2014, 140 б.
7.Бажықова К. Б., Алифатты қосылыстардың органикалық химиясынан зертханалық жұмыстар. 2015
Қосымша:
8.Дерябина Г.И., Кантария Г.В. Органическая химия: веб-учебник, 2016.
9.Ибрашева Р.К. Органикалық химия .Оқу құралы, Алматы, АТУ, 2014. - 251б.
10.Бобков А.В., Попков В.А. Общая неорганическая и органическая химия. М.: ООО «Издательство «Медицинское информационное агентство», 2015. - 568 с.
11.Бруис П.Ю. Органикалық химия негіздері : Оқулық.2-бөлім. / Қазақ тіліне ауд. К.Б. Бажықова; ҚР білім және ғылым министрлігі, ҚР Жоғары оқу орындарының қауымдастығы . - 2 басылым - Алматы: Экономика, 2014. - 500б.
WEB сайттар тізімі:
1.http://rmebrk.kz
2.https://http://library.ayu.edu.kz

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет