Лекция (2 сағат) Cинтаксис: зерттеу нысаны, негізгі ұғымдары


Cинтаксисті зерттеудің аспектілері



Pdf көрінісі
бет4/9
Дата26.04.2023
өлшемі321,29 Kb.
#87350
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
1 лекция (мәтіні)

1.2 Cинтаксисті зерттеудің аспектілері 
Кез келген нысан ғылыми зерттеу тұрғысынан үш жақты сипатталады:
1) зерттелініп отырған нысанның қазіргі кезге дейінгі жеткен 
жетістіктерінің даму тарихы мен генезисі;
2) нысанның қазіргі даму жағдайындағы құрылымы;
3) нысанның біршама күрделі жүйенің құрылымындағы компонент 
ретіндегі қолданымы (жұмсалымы). 
Нысанның осы әр қырының зерттелуі ірі үш ғылыми парадигмаға негіз 
болып табылады. Дәстүрлі түрде көрсетіліп жүрген ғылыми парадигманың 
үш түрі: салыстырмалы-тарихи парадигма; жүйелі-құрылымдық 
парадигма; антропоөзектік парадигма.
Салыстырмалы-тарихи парадигма лингвистикадағы алғашқы ғылыми 
парадигма болып табылады, өйткені тілді арнайы зерттеу осы салыстыру 
және тарихи-салыстыру әдісінен басталады.
Жүйелі-құрылымдық парадигма «Тіл қандай жүйеден тұрады? Ол 
жүйенің құрылымдық сипаты? Әр жүйенің бірліктері? Тіл бірліктері 
арасындағы иерархиялық қатынас» деген мәселелерге жауап іздеді.
Тіл білімінің қазіргі кезеңінде антропоөзектік бағыт, оны 
функционалды бағыт деп те атайды, басымдыққа ие болып келеді. Тілдің 
қолданыстық сипатын зерттеудің бір жолы – оны адам факторымен бірлікте 
алып қарастыру. Г.А.Золотова «Вся картина мира, вся жизнь человека 
(точнее, человеческого общества) в мире пропущенная сквозь коллективное 
человеческое сознание, отражается в языке и, находя в каждом языке 
соответствующие 
формы 
выражения 
становится 
содержанием 
коммуникации» деп жазады [1, 5]. Бұл ұстаным форма мен мазмұн бірлігін, 
тілдік құбылыстардың өзара байланысын түсіндіруге мүмкіндік береді.
Синтаксистік құбылыс кешенді құбылыс болып табылатындықтан оны әр 


қырынан қарастыруға болады. Ғылыми парадигма түрлері мен синтаксистік 
құбылыстарды зерттеудің бағыттарын байланыстырып көрейік.
ҒЫЛЫМИ ПАРАДИГМА ТҮРЛЕРІ 
Салыстырмалы-тарихи
Жүйелі-құрылымдық Антропоөзектік 
Құрылымдық
Семантикалық
Функционалдық 
СИНТАКСИСТІК ҚҰБЫЛЫСТАРДЫ ЗЕРТТЕУДІҢ АСПЕКТІЛЕРІ 
Сызба 3. Синтаксисті зерттеу аспектілерінің ғылыми парадигмалармен 
байланысы 
Осы сызбаны талдар болсақ, қазақ тілінің синтаксис саласы 
құрылымдық, семантикалық, функционалды аспектілерден әр түрлі деңгейде 
қарастырылып келгендігін және зерттелу үстінде екендігін байқауға болады.
Синтаксисті зерттеудің құрылымдық аспектісі. Синтаксистік 
бірліктерді құрылымдық аспектіден зерттеудегі басты мақсат – олардың 
құрылымына талдау жасау. Синтаксистің зерттеу нысандары, сөз тіркестері 
құрылымдық аспектіден қарастырылғанда мына төмендегі жайттар басты 
назарда болады: сөз тіркестерін оны құрайтын құрамдық бөліктеріне қарай 
талдау. Яғни басыңқы және бағыныңқы сыңарларын көрсету және олардың 
қандай сөз таптарынан болғандығын анықтау; тіркескен екі сөздің өзара 
байланысу тәсілдерін айқындау; сөз тіркестерінің сыңарларының жай немесе 
күрделі сөздерден немесе түйдекті тіркестерден құралуына қарай түрлерін 
ажырату.
Сөйлемді құрылымдық аспектіден қарастырғанда басты назар олардың 
құрылымдық үлгісінде немесе сөйлемнің құрылымдық типтерінде болады. 
Мұнда сөйлемнің құрылымдық типтері деп аталуы қандай сөйлем болмасын 
оның лексикалық құрамы әртүрлі болып келгенімен белгілі бір үлгіге сай 
құрылады. Құрылымдық аспектіден алып қарастырғанда сөз тіркестерінің 
«бағыныңқы – басыңқы» сыңарлардан, сөйлемнің «бастауыш – 


баяндауыштық қатынасқа» негізделіп құрылатындығы белгілі. Алайда
сөйлем мүшелеріне сараланбайтын немесе мүшеленбейтін синтаксистік 
құбылыстар – атаулы сөйлемдер мен вокатив сөйлемдер де бар екені белгілі. 
Мұндай сөйлемдердің табиғатын түсіндіру оларды семантикалық, 
коммуникативтік аспектіден қарастырғанда ғана толықтай түсінікті болады. 
Сондықтан синтаксистік құбылыстарды зерттеуде бір жақты құрылымдық 
немесе басқа аспектілерді жеке-дара емес, өзара байланыста кешенді түрде 
қарастыру маңызды нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.   


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет