Лекция (2 сағат) Cинтаксис: зерттеу нысаны, негізгі ұғымдары


Синтаксистің зерттелу тарихы



Pdf көрінісі
бет6/9
Дата26.04.2023
өлшемі321,29 Kb.
#87350
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
1 лекция (мәтіні)

1.3 Синтаксистің зерттелу тарихы 
Кез келген ғылым саласының дүниеге келу, қалыптасу және даму 
тарихы болады. Грамматикалық зерттеулер тарихында синтаксис ілімінің 
мақсат-міндеттері мен тарихын көрсетуде үш түрлі бағытта көрініс 
тапқандығын аңғаруға болады. Олар: 
1) синтаксисті логикалық категорияның көрінісін немесе көріну 
тәсілдерін зерттейтін ілім ретінде қарастыру; 
2)  синтаксисті сөз тіркестері мен сөздердің кең ұғымда түсінілетін 
бірлестіктері туралы ілім деп тану; 
3) синтаксисті сөйлем мен сөз тіркестері туралы ілімнің бірлігі 
ретінде тану [12, 6]. 
Жалпы тіл білімі, оның ішінде орыс тіл білімінде де синтаксис ХІХ 
ғасырдың бірінші жартысына дейін логикалық категорияның берілуі, көрініс 
табу тәсілі ретінде қарастырылды. О.Есперсен синтаксисті тілдік 
құбылыстардың құрылымы мен функциясын қарастыратын грамматиканың 
бір саласы ретінде таныса, А.Шахматов ойды табудың тәсілдерін синтаксис 
зерттейді деп көрсетеді. Сонымен қатар, синтаксистің міндетін пайымдау, 
субъект, предикат сияқты логикалық категориялардың тілдегі көріністерін 
табу деп қарастырушылық Ф.Н.Буслаевқа да тән болып келеді. Тұтастай 
алғанда, тіл біліміндегі логикалық бағыттың өкілдері логикалық 
категорияларға жататын ұғым, байымдау, предикат, субъект және олардың 
тілдегі баламалары болып табылатын сөз, сөйлем, баяндауыш, бастауыш 
сияқты  тілдік категориялар арасында өзара үндестік бар деп санады.
Синтаксистің зерттеу нысанын сөз тіркесі мен оның түрлері болып 
табылады деп көрсетуші формальды-грамматикалық бағыттың өкілдері (Ф.де 
Соссюр, Ф.Ф.Фортунатов, Ш.Балли, А.А.Реформатский) сөз тіркестерінің 
«өмір сүру ортасын» негізге алып, синтагма теориясын дамытты.
Синтаксистің нысаны ретінде сөйлем мен сөз тіркестерін және олардың 
бірлігін алатын үшінші бағыт ХХ ғасырдың басында қалыптасты 
(А.М.Пешковский, В.В.Виноградов, М.Закиев, Н.Ю.Шведова, М.Балақаев).
Ғылым ретінде қалыптасуы мен дамуының ғасырлық тарихы бар қазақ 
тілтанымда грамматика саласы бірнеше бағытта зерттелді.
Қазақ тілтанымында құрылымдық бағытта синтаксис мәселелері 
қарқынды зерттеліп, нәтижесін берді.
Ал қазақ тіл білімінде синтаксистік зеттеулердің функционалды 
бағытқа қарай ойысуы өткен ғасырдың соңынан басталады. Синтаксистің 
құрылымдық жағы мен функционалды қыры екі түрлі дамитын нәрсе емес, 
олар бірін-бірі толықтырып, бірін-бірі дамытып отыратын өзара тығыз 
байланыста болады.


СИНТАКСИС 
ҚҰРЫЛЫМДЫҚ СИНТАКСИС
ФУНКЦИОНАЛДЫ СИНТАКСИС 
Сызба 4. Синтаксистік зерттеулердің екі бағыты 
Хронологиялық тұрғыдан қазақ тілі синтаксисіне қатысты 
мәселелердің зерттелу жайын былайша жіктеп көрсетуге болады:
Кесте 1. Синтаксистік зерттеулердің хронологиялық жүйесі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет