сөз тіркесіне қатысты зерттеулерінде сөз тіркестерінің күрделену жолдарына,
сөз тіркестерінің байланысу формаларының ауысуы мәселесіне, оның
себептеріне наза аударса, сонымен қатар 1991 жылы жарық көрген
«Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері» атты еңбегінде сөйлемнің бастауыш пен
баяндауыш мүшелеріне қатысты теориялық мәселелер қамтылды [6].
А.Аблақов бір ғана байланысу формасы, меңгеру негізінде жасалған
қазақ тіліндегі есімді және етістікті сөз тіркестерін құрылымдық және
семантикалық аспектіден қарастырды. Сонымен қатар, қазақ тілі сөз тіркесі
синтаксисі саласында әр сөз табының бағыныңқы сыңарда келуі және
басыңқы сыңардағы валенттілігі сияқты мәселелер жеке-жеке А.Тұрарова,
М.Жолшаева,
Ы.Балқымбаева,
М.Әлиева
т.б.
кандидаттық
диссертацияларына негіз болды. 1990 жылдарға дейін жай сөйлем
синтаксисіне қатысты жазылған еңбектер қазақ тілтанымында оның
құрылымдық жағынан мәресіне жете зерттелгендігін көрсетеді.
Синтаксис – кешенді құбылыс, сондықтан да оның әр түрлі қырынан
қаралуы заңды болып табылады. Сонымен қатар, сөйлеу әрекетінде
байқалатын бірқатар синтаксистік құбылыстарды түсіндіру үшін олардың
қолданысын ескермесе, таза құрылымдық немесе семантикалық тұрғыдан
табиғатын айқындау мүмкін болмайтын жағдайлар аз кездеспейді. Мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: