Лекция 1
(2 сағат)
1.1
Cинтаксис: зерттеу нысаны, негізгі ұғымдары
1. Синтаксис
термині гректің құрастыру, біріктіру деген мағынаны
беретін
syntaxis сөзінен пайда болған және бірнеше түсінікте қолданылады.
Біріншіден, грамматиканың үлкен бір саласы; екіншіден, осы саланың
зерттеу нысандарын түрлі
қырынан қарастыратын ғылым; үшіншіден,
сөйленімнің
(высказывание)
құрылысы,
жүйесі
деген
мағынада
қолданылады.
Грамматиканың өзара бірі-бірімен тығыз байланысты екі саласының
бірі морфология сөздің құрамын, оның түрлі тұлғада түрлену тәртібін, сол
арқылы туындайтын грамматикалық мағына түрлерін қарастыратын болса,
синтаксис осы түрлі сөзтұлғалардың өзара
семантикалық әрі тұлғалық
үйлесімділікте келіп байланысқа түсу заңдылықтарын, өзара тіркестен
туындайтын синтаксистік қатынастың түрлері, сөз бен сөз тіркестерінің
сөйлем құрау заңдылықтары,
сөйлемнің құрылымдық, семантикалық,
коммуникативтік жағынан түрлерге жіктелуі, сөйлем құраудың амал-
тәсілдері, сондай-ақ жекелеген сөйлемдердің өзара бірігу жолдарын
зерттейді. Яғни тіл білімінің бір саласы ретінде
синтаксис пікір алысуды
(коммуникацияны) жүзеге асыратын синтаксистік бірліктерді түрлі
аспектіден – құрылысы, мағынасы, қызметі, қолданылу мақсаты және т.б.
жағынан қарастырады.
Тілдің басты қызметі пікір алысу десек, бұл үдеріс барысындағы басты
коммуникативтік бірлік сөйлем болып табылады. Ол – адам ойын жарыққа
шығаруды жүзеге асыратын синтаксистік бірлік, ал сөз бен сөз тіркестері –
осы сөйлем құраудың материалдары. Осымен
байланысты синтаксистік
зерттеу еңбектерінде бұл саланың зерттеу нысаны ретінде
сөз формасы, сөз
тіркесі, сөйлем және
мәтін аталып жүр. Бұлардың барлығын бір сөзбен
проф. Б.Шалабай
синтаксистік тұлға-бірліктер деп атайды.
Қ.Жұбанов синтаксистің басты нысанының бірі сөйлем болып
табылатындықтан, грамматиканың синтаксис саласын екінші сөзбен
сөйлем
жүйесі деп атайды [1, 34].
Синтаксис саласының мамандары оның нысаны ретінде сөз тіркесі,
сөйлем
және мәтінді атап, соның негізінде бұл саланы іштей құрамдас үш
бөлікке ажыратып қарайды. Сөз тіркесін синтаксис аясында қарауда олардың
(сөз тіркестерінің) сөйлемді құрайтын компоненттер екендігін басшылыққа
алса, сөйлемді синтаксистік басты нысаны ретінде алуда оның ойды
білдіретін бірден-бір коммуникативтік бірлік екендігін негізге алынады. Ал
тұтас ой ағыны мәтін арқылы ғана көрінетіндіктен, оны басты нысан ретінде
алу осымен байланысты түсіндіріледі.
Сонымен, синтаксис өз ішінде былайша сараланады:
СИНТАКСИС
Сөз тіркесі синтаксисі
Сөйлем синтаксисі
Мәтін синтаксисі
Сызба 1. Синтаксистің үш саласы
Сөз тіркесі синтаксисі сөздердің бір-бірімен байланысу тәсілдерін,
байланысу формаларын, тіркесу нәижесінде пайда болатын синтаксистік
қатынастың түрлерін анықтайды. Ол – синтаксистік парадигманың бастапқы
сатысы, сөйлем синтаксисіне апаратын жол. Бұл ойымызды профессор
Б.Шалабайдың: «Сөз тіркесінің синтаксисі – жалпы тілдік жүйеде
лексика-
морфологиялық деңгей мен синтаксистік деңгейді жалғастырушы аралық
өткермелі саты» [2, 6-7] деген пікірі негіздей түседі.
Сондай-ақ, Ж.Жақыпов: «Сөз тіркесі – шикізат қана, сөйлемнің
материалы ғана емес, өзінің байланысу түрлері
мен тәсілдері арқылы
сөйлемнің ғана емес, орамды тілдің (связная речь) ой жалғастыру мақсатында
дайындалған құрылымдық тетігі» [3, 14] деген ой қорытады. Сондай-ақ, сөз
тіркесі коммуникация барысында қажетіне қарай сөйлем ішінде өзгеріп,
«жылжып» отырады.