Лекция №3 Азаматтық-саяси қайшылықтар. Лекцияның мақсаты мен міндеттері : 1917 жылы Ресейдегі қазан революциясы


Бірінші  және  екінші  бүкіл  қазақстандық  съездер



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата11.05.2022
өлшемі489,29 Kb.
#33991
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7
 Бірінші  және  екінші  бүкіл  қазақстандық  съездер.  Қазақтардың  демократ 

жетекшілері 1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынборда "Алаш" партиясының кезекті (үшінші) 

съөзін өткізді. Съезде Алашорда автономиясының орнағанын және кадет партиясы Орталық 

Комитетінің  мүшесі  Ә.Бөкейханов  бастаған  үкімет  құрылғанын  хабарлады,  программалық 

документтер  қабылдады.  Ол  25  мың  адамнан  тұратын  милиция  формасындағы  ұлтгық 

қарулы күш ұйымдастыруды белгіледі. 

Алаш  өкіметін  құру  мәселесі  1917  жылы  шідденің  21-28-інде  Орынбор  қаласында 

жалпы  қазақтық  I  съөзінде  қаралған  болатын,  съезде  14  мәселе  талқыға  түсті.  Алдымен 

мемлекет  қүрылысы  қаралды:  "Русия  демократическая,  парламентар-ская  республика 

болып,  қазақ  облыстары  қоныс-ұлт  жігіне  қарай  облыстық  автономия  алуға  тиіс"  деп  ең 

негізгі  мәселені  шешкеннен  соң,  жер  проблемасы  жайында  14  баптан  тұратын  қаулы 

қабылдады.  Ең  мықтап  айта  алғандары:  "қазақ  халқы  өзінің  еншілі  жеріне  орнығып 

болғанша  қазақ  жері  ешкімге  берілмесін".  Осындай  дұрыс  ой-  пікір  күні  бүгінге  дейін 

күшін жойған жоқ. 

Ал қазақтың ұлтгық-территориялық мәселесін Алашорда автономиясы 1917 жылы 5-

13  желтоқсанда  Орынбор  қаласындағы  жалпықазақтың  II  съөзінде  занды  түрде  бекітті. 

Алашорда  автономиясын  оның  конституциясын  бүкілроссиялық  құрылтай  съезі  бекітуге 

тиіс.  "Алаш"  партиясы  Программасының  жобасы  1917  жылы  "Қазақ"  газетінің  251 

санында  жарияланды.  10  баптан  тұратын  саяси  құжатта  қазақ  елінің  ұлттық,  тілек-

мақсатының  негізгілері  баяңдалды,  онда:  "Алаш  Орда"  үкіметінің  бағдарламасында 

автономияның  мемлекеттік үкімет билігінің түрі  "федерациялық республика  құрамындағы 

дербес  мемлекет"  ретінде  анықталды.  Ол  республиканың  Құрылтай  жиналысы  мен 

Мемлекеттік  Думасы  болады,  атқарушы  механизм  міндетін  Президент  пен  Министрлер 

кеңесі  атқарады  деп  көрсетілді.  Бұл  бағдарлама  сонымен  қатар  сайлау  жүйесін  де,  дінді 

мемлекетген бөлуді де, сот істерін белгілі бір жерде жинақылап, көпшілік болыптабылатын 

халықтың  тілінде  жүргізу,  әскер  құру  мен  салық  салу  ісін  ұйымдастыру, 

"түземдіктердің"жерді  пайдаланудағы  құқығын  анықтау  және  жерге  мемлекеттік  меншікті 

орнату сияқты тағы басқа шараларды да қамтыды. 

Осы  жалпықазақтық  II  съезіңде:  "Алаш  облыстарын  қазіргі  бұліншіліктен  қорғау 

мақсатымен  уақытша  ұлт  кеңесі  күрылды,  оның  аты  "Алашорда"  деп  аталды. 

"Алашорданың"  өкімет  қүрамы  25  адам  болып,  10  орын  қазақтар  арасындағы  басқа 

халықтарға қалдырылды. 

Алаш авгономиясының Алашорда аталған (Алаштың ордасы немесе үкіметі) ұлт кеңесінің 

құрамына  15  қазақ  азаматы  сайланды.  Уәлитхан  Танашев  (Бөкей  ордасы),  Халел  Досмұ-

хамедов  (Орал  облысы),  Халел  Ғаббасов  (Семей  облысы),  Сыдық  Аманжолов  (Жетісу 

облысы),  Мұстафа  Шоқай  (Сырдария  облысы),  облыстардан  тыс  Алашорда  қүрамына 

Әлихан  Бокейханов,  Жаһанша  Досмүхамедов,  Әлімхан  Ермеков,  Мұхаметжан 

Тынышбаев,  Бақыткерей  Құлманов,  Жақып  Ақбаев,  Базарбай  Мамытов,  Отыншы 

Әлжанов  сайланды.  Үкіметтің  осы  15  мүшелеріне  орынбасарлар  болып  қазақ  өлкесінің  әр 

түрлі өңірлерінен тағы да 15 кісінің кандидатуралары бекітіледі. Әлихан Бөкейханов Алаш 

автономиясының үкіметі — Алашорданың төрағасы болып сайланды. 



Сол  кездегі  Алашорда  автономиялык  мемлекетінің  жері  Россия  империясының  бес 

әкімшілік  (административных)  құрамы  болып  кірген  еді.  Сырдария  мен  Жетісу 

облыстары  —  Түркістан  генерал  губернаторлығына,  Торғай  облысы  Орынбор 

губерниясына, Орал облысы тікелей Россия мемлекетінің қүрамына кірді

4



Алашорданың  уақытша  ұлт  кеңесінің  басшы  қүрамына  сайланғандар,  1918  жылғы 



көкектің  екісіне  дейін  Халел  мен  Жаһанша  Досмұхамедовтар  Москвада  автономия  алу 

жөнінде 


В.И.Лениннің 

қабылдауында 

болды. 

Ә.Бөкейханов, 

Х.Ғаббасов, 

Ә.Ермековтер В.И.Ленин және И.В.Сталинмен Қазақ автономиясыньщ жер көлемі, шекарасы 

туралы  келіссөз  жүргізді.  "Қазақ"  газетінің  1918  жылғы  30  шілдеде  шыққан  262  санында 

"Заречная слободада  Алаш орда хүкумәтінің  іске кіріскені" туралы телеграмма басылған. 

Сонымен  қатар  1918  жьшы  майда  Оралда  өткен  қазақ  съөзінде  Жаһанша  және  Халел 

Досмұхамедовтер  бастаған  "Ойыл  уәлаятының"  уақытша  үкіметі  (провинциальное 

правительство)  жарияланды.  Ол  сол  жылы  26  шілдеде  Жымпиты  қаласына  барып 

орналасқан. Бірақ Алаш орданың батыс бөлігі жеке ұйым  деп есептелмеген. Алашорда 

автономиясының  төрағасы  Ә.Бөкейханов  "Алашорданың  батыс  бөлімін  құру  жайын  іс 

кағазына  қол  қойған,  бірақ  Алашордада  заңды  түрде  мүвдай  бөлінуі  болмаған".  Осының 

бәрін  ескере отырып,  Алашорданың батыс  бөлімін жеке ұйым  деп  есептеуге  болмайды  — 

деп  жазды  Қырғыз  өлкесін  басқарушы  Пестковскийге  1920  жылы  23  ақпанда  жазған 

есебінде. 

"Алаш  Орда"  үкіметі  өзінің  әскерін  құруға  және  Қазақстан  аумағында  өкілеггі  өкімет 

биліктерін  ұйымдастыруға  кірісті,  "ресей  патриотизміне"  ақырына  дейін  адал  болып 

қалған  әскер  бөлімдерінің  атамандарымен  әскери  одақ  құрып,  олардан  қару-жарақ 

алмак, болды. 

Алаш  үкіметінің  төрағасы  Ә.Бөкейханов  1919  жыддың  басывда  Омбыда  Колчактан 

қару-жарақ  сұрау  ниетімен  барғанда  Алаш  Орда  үкіметіне  бағынышты  әскердің  құрамын, 

тұрған жерін санын айтады: солардың ішінде: 

Жетісу майданында - 700 адам, Тройцкіде — 540 адам, Орал облысында 2000 адамнан 

күрылған 2 әскери бригада болғанын көреміз. Колчак Қазақ автономиясын мойыңдаудан бас 

тартқан  соң  Алаш  Орда  үкіметінің  басшылары  Совет  өкіметімен  келісімге  келеді.  Ал 

А.Байтұрсынов  1919  жылы  25  шілдеде  Кирревкомның  мүшесі  болып  В.И.Ленин  қолынан 

мандат адды. Батыс Алашорданың басшысы Жаһанша Досмұхамедов  өзінің 1919 жылы 21 

желтоқсанда  Орынбордағы  Кирревкомға  жазған  қүпия  хатында  атгы  казактардың 

қыстағанына  қарамастан  Алаш  соддатгарының  қызылдарға  қарсы  соғыспағанын,  тек  тым 

болмай бара жатқан жағдайларда ғана ақтардың  қатарывда кара беріп кейін қашып кетіп 

жүргендерін, қазіргі кезде ақтардың бастықтары Алашқа анығынан сенбей қарап, қысымын 

күшейтіп  отырғанын,  сондыктан  Түркістан  майданының  Оралдағы  соғыс-революция 

советінің  мүшесі  Лежава-Мюратпен  байланыс  жасап,  ақтарға  қарсы  әрекетгерін  тездетіл, 

қазақ  даласын  ақтардан  тазартуларын  өтінгендерін  хабарлайды,  өзара  келісіп  сөйлесу  үшін 

ревкомның бір адамын жіберулерін өтінеді. 

Батыс Алаш Орда басшылары Қызыл Армияның Ойыл  қаласына келген татар атқыштар 

полкінің  командирі  Мәулю-дов  және  коммиссары  Қасымовпен  тығыз  байланыс  жасайды. 

Бұл  жөнінде  татар  полк  командирінің  3-ші  Түркістан  атгы  дивизиясының  бастығына 

жазған  ақпарында:  "Қызыл  қоға-дағы  Алашорда  отряды  біздің  нүсқауымыз  бойынша, 

1919 жылы 27 желтоқсанда таң аддында бідцірмей шабуыл жасап, Елек корпусының барлық 

штабын,  бастығы  корпус  комавдирі  генерал  Акутинді,  оның  көмекшісі  полковник 

Марковты,  штаб бастығы Шадринді, полковник Ершовты қарусыздан-дырып ұстап адды. 

Біздің  отряд  Қызыл  қоғаға  28  желтоқсанда  кірді,"  -  деп  хабарлайды.  Батыс  Алаштың 

қызылдарға  берілгені  женінде  майдан  қолбасшысы  М.В.Фрунзе  1919  жылы  21 

желтоқсанда  В.И.Ленинге  берген  телеграммасында:  "...  Алашорданың  Каспий жағалауына 

дейінгі диктатурасын негізге алған болыішвиктерге қарама-қарсы еді. Сондықтан да Алаш 

кесемдері  мен  Алашорда  үкіметінің  басшылығы  1917  жылғы  Қазан  революциясының 

ұрандарын, кеңес өкіметінің идеялары мен нақтылы іс-әрекеттерін қабылдамады, оларға 




қарсышықты.Азамат  соғысы  жылдарында  (1918-1920)  Алашорда  Кеңес  өкіметіне  жау 

күштермен  одақтас  болды.  Нәтижесінде  азамат  соғысында  жеңіске  жеткен  Кеңес  екіметі 

Алаш  пен  Алаш-орданы  Қазақстанның  қоғамдық  саяси  өмірінен  аластауда  аддау  мен 

арбау  әдістерін  де,  қару  жүмсап  күштеу  жолын  да  қодданды.  Кезінде  (1919  және  1920 

жылдары)  Кеңес  өкіметі  Алаш  қозғалысына  қатысқандардың  барлығына  кешірім 

жасағанына  қарамастан  азамат  соғысынан  кейінгі  7-8  жылда  Қазақстан  ғылымының,  оқу-

ағарту ісінің, әдебиеті мен өнері-нің халық шаруашылығының дамуына қомақты үлес қосқан 

ұлтгық-демократиялық  интеллигенция  өкілдері,  ең  алдымен  Алаш  пен  Алашордаға 

жетекшілік  жасаған  қайраткерлер,  түгелге  дерлік  жалған  жаламен  "халық  жауы" 

аталып,  сталиндік  өкімшіл-әміршіл  жүйенің  қүрбандары  болды,  ал  олардың  ғылыми 

және әдеби мүрасы халықтан жасырын жағдайда ұсталды немесе жойыұлды. 

Тек  соңғы  15  жылдың  жүзінде  ұлттық-демократиялық  интеллигенцияның  халық 

таныған көсемдерінің есімдері халыққа қайтарылып, олар қалдырған рухани мұра қалың 

жұртшылықтың игілігіне айналды. 

"Алаш Орда" үкіметінің Қазақставдағы 4 жыддық басқару  кезеңі, міне осылай аяқтадды. 

Кеңестік  социализм  идеологтары  "Алаш  Орданы"  буржуазиялық  ұлтшылдық  қозғалыстан 

өзге  ешнәрсе  емес  деп  бағалайды.  Алайда  біздің  жоғарыда  атап  көрсеткеніміздей  оның 

қызметі  мен  бағдарламасында  "буржуазияшылдықтьщ" ешқандай да белгісі жоқ. "Алаш" 

— "ұлтгық-демократиялық" партия болды. Ал оның өмір сүрген уақытын қазақ халқының ез 

тәуелсіздігін қалпына келтіру жолындағы күресінің маңызды бір кезеңі деп бағалау керек. 

Үкімет  билігін  қолына  алған  большевиктік-марксистік  партия  ұлттардың  бөлініп 

кетуге дейінгі өзін-өзі басқару үранын "интернационалдық бірлік" және "сепаратизмге жол 

бермеу" ұрандарымен ауыстырды. Ал өз идеяларын оздеріне дейінгі патшалы Ресейдегіден 

әлдеқайда  қатал  және  қатып-семіп  қалған  догмалық  нұсқада  жүзеге  асыра  бастады. 

Сонымен  патшалық  Ресейдің  отарлау  кезеңі  "Алаш  Орда"  автономиясының  уақытша 

жүргізген ұлттық басқаруы кезеңімен алмасты. Ал "Алаш Орда" үкіметін Кеңес өкіметі 1920 

жылы құлатты да, Қазақстан аумағында жаңа мемлекетгілік  орнады. Ол  іс жүзінде өзінің 

басқару  тәсілдері  жағынан  ұлттық  дербестікке,  өздерінің  этникалық  тарихы  мен  салт-

дәстүрлерін  одан  әрі  жалғастыруға  ұмтылған  халықтарды  идеялық  жағынан  басып-

жаныштап  отыратын  жүйесі  болған  патшалы  Ресейдің  тьш  қатал  тәсілдерінен  де  асып 

түсті. 

Сонымен,  қорыта  келгенде  Ақпан  көтерілісінен  кейін  ұлттық  қозғалыс  жаңа  серпін 

алды. 1918 жылы 22 қаңтарда Кеңес өкіметіне балама ретінде Қоқанда Түркістан автоно-

миялы  республикасы,  ал  1917  жылы  5-13  желтоқсанда  Орынборда  Алаш  автономиясы 

жарияланды.  Алайда  әуелі  Қоқан,  кейін  "Алаш"  өкіметгері  ұлттық  мемлекетгік  идеяны 

жүзеге  толық  асырып  болмай-ақ,  тарих  саханасынан  аластатылды.  Қазақ  ұлттық 

мемлекетгігін құру идеясы тек кеңестік түсінік тұрғысында ғана үстем бодды. 

1920  жылы  9  наурызда  Қырғыз  (қазақ)  ревкомы  Алашорданың  және  оның  барлық 

мекемелерінің жойылғаны туралы хабарлады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет