Лекция №3 Азаматтық-саяси қайшылықтар. Лекцияның мақсаты мен міндеттері : 1917 жылы Ресейдегі қазан революциясы



Pdf көрінісі
бет6/7
Дата11.05.2022
өлшемі489,29 Kb.
#33991
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
3 лекция ККЗТ

4. Қырғыз (Қазақ) АСР-ның құрылуы 

1920  жылы  көктемде    Қазақстанда  азамат    соғысы    аяқталған  соң  ақгвардияшылар  

құлатқан  Кеңес  үкiметiн  қайта  құру  басталды.  1919  жылы  шiлде  айында    РСФСР-дың  

Халық    комиссарлар  кеңесi  Қазақ  өлкесiн    басқаратын  революциялық    комитет  құру 

туралы шешiм қабылдады. Қазревкомның негiзгi мiндетi Қазақстан кеңестерiнiң құрылтай 

жиналысын  шақыру  дайындығын  жүргiзiп  Қазақстанда    Кеңес  үкiметiн  орнату  болды,  

казревкомның тағы бiр мiндетi қазақ жерлерiн бiрiктiру, оның территориялық тұтастығын 

қамтамасыз ету болды. Казревком 1919 жылғы  шiлдеден 1920 жылғы  қазанға дейiн 15 ай 

өмiр  сүрдi.  Осы  уақыттың  iшiнде  қазақ  автономиялық  республикасын  жариялауға  

байланысты қыруар жұмыс атқарды.  

 

1920  жылы  26  тамызда    Бүкiл  Ресейлiк  Орталық  Атқару    комитетi  мен  халық 



комиссарлар    Кеңесi    Қырғыз  автономиялық  Советтiк  Социалистiк  республикасын  құру 

туралы  декрет  қабылдады.    Бұл  республика  РСФСР-дың    құрамында  болды  да  астанасы 

Орынбор  қаласы болып  белгiлендi.   

1920 жылы 4 қазанда Орынборда өткен Қазақстан Кеңестерінің құрылтай съезінде 

Орталық Атқару Комитеті (төрағасы С. М. Мендешев) және Халком Кеңесі  (төрағасы В. 

Радус - Зенькович) сайланды. Съезд Қырғыз (Қазақ) АКСР-і РКФСР-дің құрамына кіретін 

жұмысшылардың, еңбекші қазақ халқының, шаруалардың, казактардың және қызыл әскер 

депутаттары  кеңестерінің  автономиялық  республикасы  болып  құрылғанын  мәлімдеді. 

Декларация  Кеңестердің  таптық  мәнін  белгілеп  берді.  Ол  халықты  ұлттық  езушілік  пен 

құлдықта ұстау саясатынан батыл қол үзетінін жариялады. 

 

1920  жылғы  26  тамызда  РСФСР  халық  комиссарлары  Советінің  председателі 



В.И.Ленин  мен  Советтердің  бүкіл  россиялық  атқару  комитетінің  председателі  М.И.Калинин 

Қазақ  Автономиялық  Советтік  Социалистік Республикасын  құру  туралы  декретке  қол  қойды. 

Декреттің  бірінші  тарауында  Қазақ  АССР-і  РСФСР-дің  құрамды  бөлігі  болып 

жарияланатыны  айтылды.  Қазақ  Совет  Республикасының  құрамына  мына  облыстар  мен 

уездер кірді: 

1. Павлодар, Семей, Өскемен, Зайсан және Қарқаралы уездерінен тұратын Семей облысы. 

2. Атбасар, Ақмола, Көкшетау, Петропавл уездері мен Омбы уезінің бір бөлігінен 

тұратын Ақмола облысы. 

3. Қостанай, Ақтөбе, Ырғыз және Торғай уездерінен тұратын Торғай облысы. 

 

4. Орал, Ілбішін, Темір және Гурьев уездерінен тұратын Орал облысы. 



5. Закаспий облысының Маңғыстау уезі мен сол облыстың Красноводск уезіндегі Адайлар 

мекендеген төртінші жене бесінші  облыстар. 

6. Астрахань губерниясының құрамында болып келген Бөкей ордасы, Синемор облысы, 



бірінші және екінші Приморье округтерінің қазақтар мекендеген аудандары. 

"Известие  ВЦИК"  газетінің  1920жылғы  22  қазанындағы  санында  жарияланған  26 

тамыздағы  декреттің  бірінші  тарауына  енгізілген  қосымша  Қазақ  АССР-нің  құрамына 

Орынбор  қаласы  мен  оның  маңындағы  Покровский,  Краснохолм,  Илец,  Шарлық,  Исаев 

және Петровск аудандары қосылатындығы айтылды. 

Түркістан  АКСР-інің  құрамына  енген  Жетісу  және  Сырдария  облыстарын 

Қазақстанға  қосу  азамат  соғысы  кезінде  туындай  бастады.  Бұл  облыстардың  қазақтары 

солтүстік  ауданмен  бір  республикаға  бірігу  пікірін  үнемі  ұсынып  отырды.    Орталық 

Азияда  пантүркілік  және  панисламдық  идеяны  әлсірету  үшін  Түркістан  Республикасын 

ыдыратуды  орталық  өкімет  (Мәскеу)  ерте  жоспарлады.  1924  жылы  ол  жойылып,  Өзбек 

және  Түрікмен  Республикаларына  бөлінді,  біршама  уақыт  өткеннен  кейін  Қырғыз  және 

Тәжік  Республикалары  пайда  болды.  Сырдария  мен  Жетісу  облыстары  Қазақстанға 

қосылды. Орынбор қаласымен Орынбор губерниясының бір бөлігі Ресейге берілді, осыған 

байланысты  Қазақстанда  жаңа  астана  Қызылордаға  ауыстырылды  Ұлттық  аумақтық 

межелеу  нәтижесінде  Қазақстанға:  Қазалы,  Ақмешіт,  Әулиеатаның  көп  бөлігі  және 

Сырдария  облысының  Ташкент  және  Мырзашөл  уездері,  Самарқан  облысының  алты 

көшпелі болыстары кірді. Жетісу облысының  –Алматы, Жаркент, Қапал уездері, Пішкек 

уезінің  Георгиевка,  Шу,  Қара-Құнық  болыстары  енді.  Межелеу  нәтижесінде    Қазақстан 

аумағы  70  мың  км-ге  кеңейіп,  2,7 млн  км  құрады,  тұрғындардың  саны  жалпы  5230  мың 

адамға  жетті.  Астана  Ақмешітке  ауыстырылып,  оның  аты  Қызылорда  (1925  жылы)  деп 

өзгертілді.  Осы  жылы  елдің  дұрыс  атауы  қайтарылып,  Қазақстан  республикасы  деп 

аталатын  болды.  Барлық  қазақ  жерлерінің  бір  республикаға  бірігуі  қазақ  халқының 

тарихындағы  маңызды  кезең  болды  және  қазақ  мемлекеттілігінің  қайта  қалыптасуына 

үлкен рөл атқарды. 

1925  жылы  Қазақстанның  екiншi    астанасы  Ақмешiт  қаласында  болған  Қазақстан 

кеңестерiнiң ІІІ съезi Қазақстанның жаңа астанасын Қызылорда  деп  өзгертiп қазақтардың 

тарихи  атын  қалпына  келтiрдi.  Осы  кезден  Қазақстандағы  Кеңес  мелекетi  Қазақ  АССР  

болып    аталды.  1936  жылы  Қазақстан  Одақтас    республика  болып    құрылып  СССР-дың 

тiкелей  құрамына ендi. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет