Лекция №3 Азаматтық-саяси қайшылықтар. Лекцияның мақсаты мен міндеттері : 1917 жылы Ресейдегі қазан революциясы



Pdf көрінісі
бет4/7
Дата11.05.2022
өлшемі489,29 Kb.
#33991
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7
 Тарихи  талдау  (студенттер  үшін).  Кеңес  өкіметіне  қалаларға  (жұмысшы  табына)  және 

соғысқа  (Қызыл  Әскерге)  қажетті  тамақ,  киім,  көлік  сияқты  заттарды,  ең  аддымен,  ауыл-

селодан (шаруалардан) алуға тура кедді. Сөйтіп, ауыртпалық шаруаларға түсті. Әскери диктатура 

астық  үшін  күресті,  яғни  социализм  үшін  күресті  шаруаларға  қарсы  жүргізді.  Бұл  кезде 

помещиктер бірден экспроприацияланған, кулактар  да 1918 жылы  жазда  соның  кебін  киген. 

Олай  болса,  ауыртпалық  ауқатты  шаруалар  мен  жарлы-жақыбайларға  түсетіні  анық. 

Бірақ өкімет өзін жұмысшы-шаруалар өкіметіміз деп атағандықтан халыққа ашық қарсы шыға 

алмады, саясат колданды. РК(б)П атынан Орталық комитет үздіксіз үндеу, қаулы-қарарлар 

шығарып, үгіт-насихатгы үдетіп, халықпен байланысын үзбеді, оның миына оз идеологиясын 

сіңірді.  Елдегі  азамат  соғысы,  бұліншілік  таланған,  тоналған,  репрессияланған  үстем  тап 

өкілдерінің әрекетінен болып отыр-мыс. Ендігі ең қауіпті, ең күшті езуші тап — кулактар 

деген ұран тасталып, оған қарсы: орта шаруа мен жұмысшы табы (Кеңес өкіметі) одақ жасап, 

кедей  шаруаларға  сүйенеді  деген  тактика  1919  жылы  наурызда  РК(б)П-ның  VIII  съөзінде 

қабылданған еді. 

Ал  іс  жүзінде  осы  саясат  қалай  жүргізілгені  азық-түлік  мәселесінен  анық  көрінеді. 

Жоғарьща  айтылғандай,  Кеңес  өкіметі  алдымен  өзін  қорғауға,  сақтап  қалуға  күш  салды. 

Кедей  шаруаларға  сүйенеміз  дей  отырып,  оған  нақты  кемек  көрсете  алмады,  керісінше  өзі 

олардың мойнына асылды. Партияның "одақтасы" — орта шаруа бергені болмаса, өз басына 

жақсылық таппады. 

1920 жылдың басында кеңестер Қазақстанда азық-түлік салғыртын (продразверстка) жаппай 

енгізді.  Салғыртты  жинау  күшпен  жүргізілді,  сондықтан  азық-түлік  отрядтары  (про-дотряд) 

қарулы күштерге сүйенді және олар Ресей қалаларыңца жасақталды.  Бұл  арада  да  қисын  бар: 

сырттан  келген  қалалықтар  өзі  үшін  қандай  қаталдықтан  да  бас  тартпауы  керек.  Астық 

олардың қалаларына, отбасыларына жіберілетіні анық еді. 

1920  жылдың  соңыңда  РК(б)П-ның  шақыруымен  Ресейден  Казақстанға  11500  азық-түлік 

жинаушы  жіберілді.  Әрине,  қарулы  күш  есебінде  бұл  аз  емес,  кейін  оның  саны  еселеп 

артпаса  кеміген  жоқ.  Олардың  күшімен  тек  Семей  облы-сынан  15  миллион  пүт  астық 

жиналуы  тиіс  болды.  Уез  көлеміне  шақсақ,  Павлодар  уезінің  өзі  орталық  үшін  ғана  (ішкі 

қажеттілікті есептемегенде) 3 миллион пүт астық  және 37 мың бас мал жинап беруі керек 

екен.  Сонша  астық,  мал,  басқа  азық  түрлері  сөзсіз  әрі  күштеп  жиналатыны  ашық 

ескертілді.  Азық-түлік  комиссары  Калинин  сөзінде:  "Азық-түлік  диктатурасына  сәйкес, 

ешбір  ұйымның,  тіпті  ревкомға  дейін  декретті  жою  немесе  оны  не  олай,  не  бұлай  іске 

асыруға байланысты азық-түлікке қатысты араласу құқы жоқ екендігі анықталып отыр",— 

деп  мәлімдеді  1920  жылы  6-мамырда  Семей  губерниясы  азық-түлік  комиссарлары 

мәжілісінде;  Бұған  қарағанда  жергілікті  басшылар  азық  дайындау  "диктаторлық"  жолмен, 

"декрет" арқылы жүру  керектігін  дәл үққан тәрізді. Олардың  ісі  де  со  ісіне  сәйкестендірілгенін 

көреміз.  Азық-түлік  саясатын  іске  асырудағы  басты  қиындық  —  оған  шаруалардың 

қарсылығы. Бұл күштеу саясатына халықтың наразылығы, күшке күшпен жауап беруі кеңес 

тарихнамасында "бандитизм", "саяси бандитизм", большевик-терге жау партиялардың ұсақ 

буржуазияның  ұйымдасуы  деп  теріс  көрсетіліп  келді.  Павлодар  уезінде  "кулактар  мен 

әскерден қашқандардың" (дезертир) көтерілісі деп аталған қарсылық 1920 жылы 22-шілдеде 

басталады.  "Қара  бандылар"  деген  атпен  белгілі  болған  кетерілісшілер  Ямышеводан 

Подстепнойға  дейін  кеңес  әскерлерін  шегіндіреді.  Оларға  қарсы  190  және  35  кісілік  отряд 

кемекке жіберіледі. "Толастамайтын бандиттік қозғалыс" жайлы хабар Омбыдан да келіп жатты. 

Құжаттарда  көпшіліктің  "көңіл  күйі  коммунизмге  қарсы"  екендігі  ашық  айтылады.  Оның 

делелі — халық көтерілістерінің 1921 жылы да тоқталмауы. Өкімет тарапынан көтерілісшілерге 




карсы  жазалаушы  отрядтар  шығарылды,  шаруалардың  қолындағы  мылтықтар  тартып 

алынды. Бірақ көтеріліске себеп болған азық жинау ісі тоқтатылмады. 

Мысалы, Семей губревкомы уездерге мынадай телеграмма жіберді: "Батыс майдандағы жағдай, 

Сібірдің  өте  ірі  қалаларында  азық-түліктің  тапшылығы  қатаң  азық  дайындау  саясатын 

жүргізуде  шешуші  шараларға  баруды  талап  етеді,  салғыртты  орындаудан  қашқақтайтындарға 

кеңіл  аударындар,  репрессиялық  шаралар  қолданыңдар,  қаруланған  азық-түлік  отрядтарын 

дайындандар. Керек көзінде зорлаудан, салғыртгы  күштеп орындатудан тайсалмандар". Мұндай 

жол көрсеткен директивалар шаруалар мен азық-түлік отрядтары арасындағы аяусыз қан төгіске 

алып келді. 

Соның бір көрінісі 1921 жылы тамыз айының басында Павлодардан Омбыға келе жатқан 

"Витязь"  параходын  шаруалар  тарапынан  атқылаудан  басталды.  Параходты  қорғауға  жергілікті 

гарнизоннан  Медведевтің  отряды  жіберілді.  Бірақ  ол  ешкандай  қарулы  адамдарды 

кездестірмепті. Дегенмен, ол станцияларды аралап, "контрреволюционерлерді" өз  бетінше 

ұстап, жазалауға кірісті. Сейтіп ол Песчанскаядан 13, Качирьщан — 9, Пресновскаядан — 13, 

Чернорецкаядан  1,  барлығы  —  36  адамды  атып  кетеді.  Кейінірек  Медведев  сәуір  айында  да 

осы  маңайда  көп  адамды  шыбықпен,  шомполмен  дүрелегені  анықталады.  Азық-түлік 

диктатурасының осындай өз жендеттері шыға бастайды. 

Шыдамы таусылған халық әділеттілік іздеп, жоғарғы орындарға арызды қардай боратады, 

бірақ  арыздар  тексерусіз  қалып  отырады.  Кейде  тіпті  жазаланғандарды  емес,  жазалаушы 

партия, кеңес қызметкерлерін ақтауға тырысушылық та орын алады. Мысалы, бейбастықтық 

жасаған  Павлодар  әкімдері  (жауапты  қызметкерлер  деп  аталады)  24  адамды  аманатқа 

(заложник) ұстап атқаны, тағы 54 аманатты түрмеге жапқаны жуып-шайылып, ақталып кетеді. 

Үстірт  текеерген  Семей  губревтрибуналы  бұл  әрекеттер  "революциялық  тәртіп  орнату" 

үшін,  халықтын  антикоммунистік  көңіл  күйі  ескеріліп  жасалған,  атылғандар,  негізінен, 

кулактар,  ал  аманат  ұстау  арқылы  террор  жүргізу  қаскү-немдерден  корғану  әрекеті  деп 

түсіндірген. Мұндай  заңсыздықтармен ауызданған кеңес әкімдеріне, ревтрибуналға халықтың 

қалай  бүйрегі  бұрып,  сенім  артпақшы?  Семей  ревтрибуналына  қарағанда,  ҚАССР 

Жоғарғы  трибуналы  сорақы  заңсыздықтың  болғанын  мойындайды:  "Семей 

губерниясының  Павлодар  уөзінде  азық-түлік  салығын  жинау  науканы  көзінде  азык-түлік 

қызметкерлері  ұқыпты  төлемегендерге  зорлаудың  жабайы  әдістерін  қодданған:  қамшымен 

сабаған, үстіне суық су қүйған, салқын сарайларға қамаған және т.т., Паволжьенің бір кезде 

өліктердің етін жеуге мәжбүр болған, аштық жайлаған аудандарына көшіруді  қолданған". 

Сөйте  түра,  заңсыздық  жасау  орталыққа  астық,  азық  жинаушылар  үшін  кешірімді  болғаны 

таңқалдырады. Сірә, олардың қолын ешкім қақпаса керек. 

Осындай  жағдайда  Кеңес  өкіметінің  азық-түлік  саясаты  да  оңға  баспады,  жөнді  нәтиже 

бермеді. Мысалы, салғырт жоғарыда айтылған Семей облысында 1920 жылы жиналуға тиісті 

15 миллион пұттың орнына — 2,1 миллион (1/7 бөлігі), Павлодар уезі бойынша 3 миллион 

пұттың орнына — 0,4 миллион пүт қана алынды. Шаруалар қарсылығын жеңе алмаған Семей 

облысы  басшылары  шарасыздан  енді  жоспардың  60%-ін  орывдаудан  артық  міңцетгеме  ала 

алмады. Қазақстан бойынша 1920 жылғы салғырт жоспары 20 миллион пұтқа кем орындалады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет