Әскери коммунизм саясаты азамат соғысы кезiнде армияның қажеттiлiгiн
қамтамасыз ету мақсатын шешкенiмен өнiм өндiрушiлердiң экономикалық ынтықтығын
жойып жiбердi. Сондықтан Кеңес үкiметi бұл саясатты азамат соғысы аяқталар
аяқталмастан 1921 жылы наурыз айында Х съез шешімімен жаңа экономикалық саясатпен
алмастырды. Жаңа экономикалық саясат бойынша азық-түлiк салғыртын азық-түлiк
салығымен алмастырды. Еңбек ету әркiмнiң өз қалауына берiлдi. Көлiк мiндеттiлiгi
өзгердi, ендi әркiм өз еркiмен пайда табу үшiн жүк таситын болды. Еркiн сауда
енгiзiлдi, өнiм өндiрушi өндiрген өнiмнiң өз қажетiнен артылғанын базарға шығарып
сатып пайда табуға мүмкiндiк алды. Аталмыш шаралар өнiм өндiрушiнiң экономикалық
ынтықтығын арттырды. Бұл өнiмнiң молаюына әсер еттi. Әрбiр өнiм өндiрушiнiң
Экономикалық ынтықтықтың артуы каптиалистiк қатынастарды тудырды. Сауда,
алыпсатарлық, базар дамыды, нарықтық қатынас қалыптаса бастады. Бұл Кеңес Одағына,
социализмге қауiптi көрiнiс едi. Сондықтан Кеңес үкiметi ұзамай жаңа экономикалық
саясаттың арығарай өрiстеуiне тыйым салып экономиканы бiр орталықтан жоспарлы
түрде басқаратын қатал жүйенi енгiздi.
20–шы жылдары жаңа экономикалық саясат ұзақ уақытқа бағытталған саяси
стратегия
есебінде
қабылданды.
Елді
индустрияландыру,
шаруаларды
кооперацияландыру, халықтың материалдық әл-ауқаты мен мәдени дәрежесін көтеру
сияқты үлкен проблемалар осы саясат шеңберінде шешіледі деп саналды.
Алайда 20-шы жылдардың аяқ кезінде жаңа экономикалық ойлау шеңберінде
қалыптасқан шынайы бағыт түбірінен өзгереді. Шын мәнінде өнеркәсіп өндірісін
«жұмсақ»
(қоғамның
жанын
барынша
қинамай)
модернизациялау
идеясы
индустрияландыруды
мейлінше
қарқындата
өткізу
бағытымен
ауыстырылды.
Экономикалық спонтанды процесс ретінде жүргізілетін кооперациялау ісі мемлекет
бағыттап отыратын күшпен ұжымдастыру шарасына орнын берді. Ал, бұл шара - шаруа
қауымының игілігін ойлаудан тумады, тек индустрияландыру процесін қамтамасыз ету
мақсатын ғана көздеді.
Достарыңызбен бөлісу: