Көне дәуір тіл білімінің екінші отаны – ертедегі Грекия . Тіл мәселеліріне байланысты, жазба материалдар б.з.д. 5 ғас. басталады. Грекия тіл білімі Гомердің «Илиадасы» мен «Одиссея» жырынын тілін зерттеуден басталыпты .
Көне Грекия тіл білімі екі кезеңге бөлінеді. Біріншісі – философиялық , екіншісі –филологиялық дәуір.
Көне Грек философтары тілге қатысты 3 мәселені сөз етіпті . Олар:
Зат пен оның атауы арасында қандай байланыс бар ?
Тіл қайдан, қалай пайда болды ?
Грамматика жөніндегі мәселелер
Зат пен оның атауы арасындағы байланысқа қатысты грек философтары 2 топқа бөлінді .Бірінші топ : «Атау заттың табиғатына сәйкес жаратылыстан берілген (құдай жаратқан) » - десе Гераклит бастаған тобы, екінші топ қарсы: « Жоқ , зат пен оның атауы арасында ешқандай байланыс жоқ» - дейді Демокрит бастаған топ.
Грек философтары арасындағы бұл тартыс Платоннын «Кратил » деген диалогі арқылы біздің дәуірге жетті .
Тілдің шыгуы жөнінде грек философтарының бір тобы, тілді дыбысқаеліктеуден шыққан» десе Платон, екінші тобы «тіл ертедегі адамдардың өзара келуісінен барып шыққан» дегенді айтады Демокрит. Тіл білімінде мұнын алғашқысы – дыбысқа еліктеу теориясы делінсе, соңғысы – келісім теориясы деп аталады. Грек философтары грамматиканы логикалық категория ретінде түсіндірді. Мәселен, Платон тілдегі сөздерді есім, етістік деп екі топқа бөлсе, Аристотель оны есім, етістік , жалғаулық (көмекші сөздер) деп үш топқа бөледі.
Жоғарыда біз Грекия тіл білімінің екінші дәуірі – филологиялық дәуір деп аталынады дедік. Кейде бұл дәуір эллинизм деп те аталынады (б.з.д.3-4 ғас.)
Филологиялық дәуірдің басты ерекшелігі - грамматикалық білім. Философия мен логиканың ықпалынан босанып, өз алдына дербес пән ретінде қаралуы еді.
Тіл білімі тарихында грамматистердің александриялық мектебі деп аталатын бағыт та осы дәуірде қалыптасты. Бұл бағыттын өкілдері: Аристарх, ДионисийФракийский, Апполоний Дискол. Александриялық мектептің атасы Аристарх тілдегі сөздерді есім, етістік, есімше, есімдік, үстеу, жалғаулық, предлог жәнеартикль, - деп 8 топқа бөлген. Зат пен оның атауы арасындағы қарым-қатынас жөніндегі талас бұл дәуірде де болды. Бірақ бұл кездегі талас тілде белгілі бір заңдылық деген бола ма, жоқ па деген мәселе болды. Оны бар деушілер анологистер, жоқ деушілер аномалистер деп аталады.
Аномалистер (Кратес Малос) зат пен оның атауы және грамматикалық категориялар мен логикалық категориялар арасында ұқсастық, заңдылық жоқ десе, анологистер ( Аристарх Самофраклинский ) тілде анологиянын рөлі ерекше, тілдік элементтерде анология жолымен бірыңғай, біркелкі болу тенденциясы күшті болады, тілдегінің барлығы да белгілі заңдылыққа бағынады дейді.
Грекияны жаулап алған римдіктер тіл біліміне айтарлықтай үлес қоса алмады.
Рим грамматистері ішіндегі ең көрнектісі – Варрон (б.з.д. І ғас. ), кейінірек Доната (ІV ғас.). Бұлар латын тілі грамматикасын жазғандар.
Тіл білімі тарихында елеулі мәні барлығына қарамастан көне грек тіл білімінің кемшіліктері де болды. Олар тілді философия, логика ғылымдарының бір саласы ретінде қарастырды; тілдік категорияларды логикалық категориялармен теңестірді;тілдің дамып, өзгеріп отыратын тарихи құбылыс екенін білмеді.
Орта ғаыр лингвистикасы Араб тіл білімі Дүние жүзі ғылымы мен мәдениетінің дамуына елеулі үлес қосқан халықтардың бірі – арабтар. Арабтардағы тіл білімінің ерекше дамыған кезі VII – XII ғас. шамасы. Арабтар үнді, грек тіл білімінің табыстарын пайдалана отырып, өз тілінің фонетикасын, лексикасын, морфологиясын зерттеуге ерекше назар аударды. Тілдің грамматикалық жүйесін сипаттауда араб лингвистері 3 мәселені көтерді.
Сөз таптары мен сөйлем синтаксисін зерттейтін НАХВ бөлімі.
Сөздердің сөйлемдегі орын жағынан түрленісін, мағыналық құбылыстарын зерттейтін САРФ.
Жалпы дыбыс жүйесін зерттейтін – ТАДЖВИД бөлімі.
Бұл үш бөлім, яғни тілдік тұлғалардың мағынасы, оның берілу жолдары, коммуникативтік мәні – араб грамматикасынын философиялық негізін жасайды. Арабтар сөздерді Аристотель сияқты 3 топқа: есім, етістік, жалғаулықтар деп бөлді.
Сонымен қатар киелі қасиетті, канондық тіл деп саналатын құран тілінің нормасын зерттеудің өзінде де көп жағдайды сөйлеу тілі нормасына сүйенді, зерттеді. Бұл ешбір көне лингвистикада жоқ жаңалық.
Араб тіл білімінің көрнекті өкілі – Сибаввейхидің 796 жылы «Әл-китаб» еңбегін жазды. Арабтардың ерекше көңіл аударған саласы – лексикография. Аль – Фирузабади «Хомус» (мұхит) деп аталатын 60 томдық сөздік жасаған.
Кемшілігі :әр түрлі тілдерді бір-біріне салыстыра зерттеу, тілді дамып, өзгеріп отыратын тарихи құбылыс деп есептеу бұларда да жоқ.
Түркі тіл білімі Махмұт Қашкари . Ол тіл білімі тарихында салыстыру әдісін алғаш рет қолданған ғалым. Өзінің 1072- 1074 ж. (ХІ ғ) жазған «Диуани лұғат ит-түрік» (түркі тілдерінің сөздігі) сөздігінде түркі тілдеріндегі тайпалар сөздерін салыстыра зерттеген.
1997-1998 ж. 3 том болып қазақ тілінде Асқар Егеубай басып шығарды.
Профессор В.А.Звягинцев М.Қашкари сөздігін «Салыстыру әдісін саналы ғылыми принцип ретінде негізге алған», шын мәніндегі «түркі тілдерінің энциклопедиясы» - деп бағалапты. (Звягинцев В.А., «Очерки по общему языкознанию», Москва, 1962, 21 бет ).