Лекция: 36 Семинар: 10 СӨЖ: 30 соөЖ: 30 Консультация: 2 Емтихан: 5



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата18.01.2017
өлшемі406,08 Kb.
#2149
түріЛекция
  1   2   3   4

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ  

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 

 

ҚАЙНАР УНИВЕРСИТЕТІ 

 

 



 

 

 



 

 

Тілдер, журналистика және туризм кафедрасы 



050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»  

/ шифр, мамандық/ 

 

«Қазақ тілінің академиялық грамматикасы»  пәні бойынша 



 

магистранттарға арналған оқу-әдістемелік кешен 

 

(СИЛЛАБУС) 



 

 

 



 

Оқу түрі: магистратура 

Барлық кредит саны: 2  

Курсы: 2  

Семестр  1 

Лекция:  36 

Семинар:  10 

СӨЖ:   


30 

СОӨЖ:    30 

Консультация: 2       

Емтихан:  5 

  

 

 

 

 

 

Алматы, 2014 ж. 

 

 

 


1. Курс аты:  

Қазақ тілінің академиялық грамматикасы 

Курс коды:     

ТПК                      

Кредит саны:                                 

 

2. Курс оқытушысы:   

ф.ғ.к., оқытушы Үдербаев Алмас 

Байланыс телефоны: 

 

8-7073210016 



 

3. Курс өтетін жері және уақыты:    Сабақ кестесі бойынша 

 

 



Курс  Семестр  Кредит  Лекция  Семинар 

СӨЖ 


СОӨЖ 

Барлы


ғы 

Бағалау 


формасы 



15 


15 

30 


30 

90 


емтихан 

 

4.  Курс  пререквизиті:  «Қазақ  тілінің  академиялық  грамматикасы» 

пәнінде сөз құрамы, сөз жасаушы, сөз түрлендіруші қоымшалар, жалғаудың 

түрлері, сөз таптары мен олардың ерекшеліктері оқытылады. Қазақ тіліндегі 

сөздердің  түрленуі,  тұлғалық  өзгеруі,  сөз  және  сөз  тұлғалары,  оны 

құрастырудың түрлері мен тәсілдері, әр сөз табына енген сөздердің өзіне тән 

лексикалық-семантикалық  сыр-сипаты,  грамматикалық  мағыналары  мен 

қызметтері, сөз тіркестері, олардың түрлері мен жасалу жолдары, сөйлем мен 

оның түрлері, жасалу жолдары жөнінде оқытады. 

 

5.  Постреквизиттер:    «Қазақ  тілінің  академиялық  грамматикасы»  пәні 

«Лексикология»,  «Морфонология»,  «Қазақ  тілінің  сөзжасамы»,  «Қазақ 

тілінің  морфологиясы»,  «Синтаксис»,  «Қазақ  тілінің  орфоэпиясы  мен 

орфографиясы» пәндерімен тікелей байланысты.  



 

6.  Курстың  жалпы  сипаттамасы.  «Қазақ  тілінің  академиялық 

грамматикасы»  пәні  лекция,  семинар,  жұмыстардан  тұрады.  Студенттердің 

жеке  жұмысы,  арнаулы  курстар  мен  арнаулы  семинарлар  барысында 

меңгертіледі. Бұл сабақта сонымен қатар, морфологиялық, морфемдік талдау 

жұмыстары  жүргізіледі,  әр  сабаққа  қатысты  практикалық  сабақтардың 

тапсырмалары  мен  жаттығулар,  бақылау-пысықтау  жұмыстарына  арналған 

тест тапсырмалары болады.  

 

7.  Курстың  мақсаты:  «Қазақ  тілінің  академиялық  грамматикасы»  

курсының  негізгі  мақсаты  –  қазақ  тіліндегі  сөздердің  түрленуі,  тұлғалық 

өзгеруі,  сөз  және  сөз  тұлғалары,  әрқилы  өзгерістерге  ұшырау  амалдары, 

тілдегі жалпы сөз атаулының топтарға бөлінуі, әр сөз табына енген сөздердің 

өзіне  тән  лексика-семантикалық  сыр-сипаты,  грамматикалық  мағыналары 

мен қызметтері жөнінде студенттерге теориялық білім беру болып табылады. 



 

8. Курс міндеті: 

– грамматика тіл білімінің бір саласы екендігі, оның синтаксиспен іштей 

тығыз байланыстығы мен зерттеу әдістері туралы түсінік беру; 

 

 грамматика  сөзді  басқа  сөздермен  қарым-қатынаста  тіл  жүйесінің 



қалыпты  бір  бөлшегі  ретінде  бір-бірімен  ұштастыра  қарастыратынын 

байқату; 

 

 сөз  тұлғасы,  оны  тудыратын  амал-тәсілдер  туралы  түсініктерді 



меңгерту; 

 



 тілдегі  сөздерді  грамматикалық  мағыналарына,  формаларына  қарай 

құрамы, тұлғасы және құрылысы жағынан ажырата білуге үйрету.

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Пәннің күнтізбелік-тақырыптық жоспары 

 

 

 

Тақырып атауы 

Лекц. 

Сем. 

СОӨЖ  СӨЖ 

 

Академиялық 



грамматика 

пәнінің 


нысаны, 

зерттеу 


көздері, 

мақсаты 


мен 

міндеттері. 

 



 



 

 



 

Тілдің  таңбалық  табиғаты. 

Тіл 

деңгейлері. 



Тілдік 

таңбалардың 

құрылымы, 

оның жүйелік сипаты. 

 

 



 

 



 

 

Грамматикалық 



категориялар. 

Грамматикалық 

категориялардың түрлері 

 

 



 



 

 



 

 



 

Тіл деңгейлерінің қалыптасу 

принциптері. 

 



 

 



 

Грамматикалық 

категорияның  тіл  жүйесіне 

қатысы. 


 

 



 

 



 

Грамматикалық форма 

 



 



 

 



 

Тіл білімінің зерттеу әдістері 

Сипаттамалы, 

салыстырмалы, 

салғастырмалы, 

структуралық, 

статистикалық, 

эксперименттік әдіс т.б.  

 



 



 

 



 

Зерттеу  тәсілдері  (бақылау, 

есепке 

алу, 


салғастыру, 

картотекалық тәсілдер). 

 



 



 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Тілдің таңбалық табиғаты. Тіл деңгейлері.  

 

Жоспар: 

1.

 



Таңба туралы түсінік, таңбаның түрлері. 

2.

 



Тілдік емес және тілдік таңбалар, айырмашылықтары. 

3.

 



Семиотика ғылымы, оның қарастыратыны. 

4.

 



Тілдік таңбалардың екі жақтылығы. 

5.

 



Тілдік таңбалардың құрылымы, оның 1жүйелік сипаты. 

6.

 



Тіл деңгейлерінің қалыптасу принциптері. 

7.

 



Грамматикалық категорияның тіл жүйесіне қатысы. 

 

Бір  нәрсе  жайында  басқаларға  хабар  беру  үшін,  сол  хабардың  шартты 

көрсеткіші  ретінде  әр  түрлі  материалдық  белгілерді  қолданған.  Ондай  шартты 

белгілер орыс тілінде знак, қазақ тілінде таңба деп аталады. Таңба деп басқаларға 

білдірмекші болған белгілі бір хабардың орнына, қолданылатын сезім мүшелерінің 

біріне  тән  заттық,  құбылыстық,  дыбыстық,  сәулелік,  әрекеттік,  т.б.  белгілерді 

айтады. Белгілі бір нәрсені білдіру, хабарлау қызметін атқарып тұрған материалдық 

көрсеткіш,  яғни  таңба,  таңбалаушы  деп  аталады  да,  ол  білдіріп  тұрған  мағына 

таңбаланушы  деп  аталады.  Таңба  ретінде  кез  келген  шартты  белгіні  қолдануға 

болады.  

20  ғасырдың  30-жылдарынан  бастап,  таңбаларды  зерттейтін  семиотика 

ғылымы қалыптасты. Семиотика – грек сөзі, мағынасы – белгілі дегенді білдіреді.  

Семиотика  –  хабаршы  таңбалар  туралы  жалпы  теориялық  ілім,  ол 

таңбалардың  табиғатын,  жүйесін,  түрлерін,  қолдану  процесіндегі  құбылыстарын, 

таңбалардың  бір-бірімен  және  өздері  білдіретін  мағынамен  қарым-қатысын 

зерттейді.  

Ежелгі  дәуір  тіл  білімінде  де  таңбалар  туралы  сөз  болғаны  байқалады, 

Аристотель ауызекі айтылған сөздер – ойдағы түсініктің символы, ал жазу – сөздің 

символы  деген.  Бұл  мәселенің  тіл  білімінің  негізгі  проблемаларының  бірі  ретінде 

қойылып,  тіл  білімінде  оны  зерттейтін  тілдік  семиотика  дейтін  саланың  болу 

қажеттігіне  көз  жеткізген  ғалым  –  Ф.  де  Соссюр.  Сөйтіп,  бүкіл  таңба  атаулыны 

зерттейтін жалпы семиотика мен тіл түйіскен жерден аралық ғылым ретінде тілдік 

семиотика деп аталатын ғылым қалыптасты. 

Жалпы семиотика бүкіл таңба атаулыға бірдей дәрежеде қолдануға болатын 

ортақ  теория  қалыптастыруды  көздейді.  Ол  таңбалар  арасында  болатын 

өзгешеліктерге,  әсіресе  тілдік  таңбалардың  ерекшеліктеріне  онша  мән  бермейді. 

Семиотика  үшін  тілдік  таңбалар  да,  тілдік  емес,  көмекші  таңбалар  да  бірдей, 

барлығы да хабар беруші, коммуникативтік қызмет атқарушы тұлғалар. Сондықтан 

олардың барлығы да бірыңғай ортақ заң-ережелерге бағынуы керек.  

Қандай  да  болмасын  белгілі  бір  материалдық  көрсеткішті  таңба  деп  санау 

үшін,  ол  өзінің  материалдық  табиғатына  тән  емес,  қосымша  қызмет  ретінде 

жүктелген бір нәрселерді білдіруі, хабарлауы қажет. 

 

Семиотикалық  әдебиеттерде  таңбаларды  негізгі  және  көмекші  таңба  деп 



екіге  бөлушілік  бар.  Негізгі  таңба  деп  тілдік  таңбаларды  айтады.  Көмекші 

таңбаларды  материалдық  сипаттарына  қарай  графикалық,  акустикалық,  заттық, 

ақша, сәуле, ымдау таңбалары деп бөледі. 

 

Тілдік таңбалардың түрлері мен өзіндік ерекшеліктері. Жалпы семиотикалық 



ереже  бойынша  таңба  бір  жақты  тек  материалды  ғана  болады,  мағына  таңба 

құрамына  енбейді.  Таңбалық  қызметтен  айырған  күнде  де  олар  бастапқы  табиғи 

қалпында  қала  береді.  Бұл  қағидаға  жеке  тұрғанда  ешқандай  мағынаны  білдіре 

алмайтын, бір жақты элемент болып есептелетін фонемалар болмаса, тілдегі басқа 

тұлғалардың  ешқайсысы  да  сай  келмейді,  өйткені  тілдегі  сөз  болсын,  сөйлем 

болсын – бәрі де екі жақты тұлғалар. Оның үстіне, бұлардың мағыналары өздерінің 

материалдық  жағынан  бөліне  алмайды,  бұл  екеуі  айырылмастық  бірлікте  тұрады, 

егер бір-бірінен айырылса, өмір сүруден қалады. 

 

Тілдегі  алуан  түрлі  тұлғалар  тек  құрылымдары  жағынан  ғана  емес, 



мағыналары  мен  қызметі  жағынан  да  түрлі-түрлі.  Олардың  ішінде  екі  жақты  да, 

жартылай  екі  жақты  да,  бір  жақты  да  тұлғалар  бар.    Екі  жақтыға  сөздер,  сөз 

тіркестері, сөйлемдер жатады. Жартылай екі жақтыға көмекші морфемалар жатады, 

бір жақтыға фонемалар жатады.  

 

В.Гумбольдт, Ф. де  Соссюр, Бодуэн де Куртенэ сияқты ғалымдардың таңба 



екі  жақты  құбылыс:  оның  бір  жағы  –  сыртқы  материалдық,  дыбыстық  көрсеткіші 

де, екіншісі – ішкі мағыналық, идеялық жағы, таңба дейтініміз осы екеуінің бірлігі 

дейтін тұжырымдарына толық сай  келетін тілдік тұлға  – сөз. Сөздің бұл екі жағы 

бірінсіз  бірі  өмір  сүре  алмайды.  Сөздік  таңбаның  көмекші  таңбалардан  түбірлі 

өзгешелігі  де  осында.  Тілдің  негізгі  тұлғалары  қатарына  дыбыс,  морфема,  сөз, 

сөйлем жатады. 

Семиотикалық  сипаты  жағынан  тілдік  тұлғаларды  таңбалар  жүйесі, 

фигуралар  жүйесі  деп  екіге  бөлуге  болады.  Таңбалар  жүйесіне  сөздер,  сөйлемдер 

жатады  да,  фигуралар  жүйесіне  фонемалар  мен  морфемалар  жатады.  Бұлардың 

алдыңғылар  екі  жақты  тұлғалар  да,  соңғылары  таңба  құрайтын  материалдар 

болғандықтан, бір жақты тұлға болып есептеледі. 

 

 Дыбыс  тілі  және  оның  таңбалары  семиотикалық  хабаршы  таңбалардай  тек 



бір нәрселерді  мәлімдеп  қоймайды, сонымен  бірге ол  –  айналадағы  өмірді танып-

білудің,  ойды  қалыптастырып,  дамытудың  да  құралы,  басқаша  айтқанда,  адам 

баласының бүкіл күресі мен дамуының құралы.  

Тілдік  таңбалардың  басқа  жүйедегі  таңбалардан  икемді,  оралымды, 

болмыстағы  өмір  шындығы  бейнесін  соншалықты  шебер  жинақтап  бере 

алатындығы,  басқа  таңбалардай тек коммуникативтік  қана  емес,  экспрессивтік те, 

парадигматикалық  та,  репрезентативтік  те,  сигнификативтік  те  қызмет  атқаратын 

көп  функциялы  болуы  және  осы  қызметтерінің  бір-бірімен  байланысты 

шарттастығы  –  тілдік  таңбалардың  номинативтік,  синтаксистік  болып  бөлінуіне, 

олардың иерархиялық сипаты мен көп  қабатты болуына ерекше мән беріледі. Бұл 

ерекшеліктер  тілдік  таңбаларды  тілдік  емес  таңбалардан  ажырататын  белгілердің 

ең  бастылары  деп  есептеледі.  Тілдік  таңбалар  қызметінің  көптігін  сөз  еткенде, 

оның эмоционалдық-экспрессивтік қызметіне де ерекше мән беріледі. Өйткені бұл 

қызмет тілдік таңбаларда ғана болады. 

Тілдік  таңбалардың  тағы  бір  ерекшелігі  –  оның  қолданушылар  еркіне 

тәуелсіз екендігінде. Тілдік таңбалардың емін-еркіндігі дегеннен ең алдымен, таңба 

мен  таңбаланушы  арасындағы  байланыстың  емін-еркіндігін  ұғамыз.  Таңба  мен 

таңбаланушы  арасындағы  бұл  тәріздес  емін-еркіндікті  Ф.  де  Соссюр  абсолюттік 

емін-еркіндік  деп  атайды,  емін-еркіндіктің  салыстырмалы  түрі  де  болады  дегенді 

айтады.  

Әрине,  тілдік  таңбалардың  оның  қолданушылар  еркіне  тәуелсіз  емін-еркін 

болуында  да  белгілі  шек  бар.  Тілді  қолданушылар  таңбалардың  қызметіне  әсерін 

тигізбей,  оны  нормалап,  өңдеп-қырнап  жетілдірмей  тұра  алмайды.  Бірақ  ондай 


саналы әрекеттердің қай-қайсылары болса да, таңба мен таңбаланушы арасындағы 

байланыстың емін-еркіндігін, адамдар еркіне тәуелсіздігін жоққа шығара алмайды. 

Тіл  жүйесіндегі  бірыңғай  тіл  бірліктері  мен  ережелердің  жиынтығынан 

тұратын  шағын  жүйелер,  бөлімдер  тіл  деңгейлерін  жасайды.  Тіл  деңгейлері  тіл 

механизмдері  деп  те  аталады.  Деңгей  жасау  сипатына  тек  деңгейлік  шартқа  сай 

келетін,  яғни  парадигмалық  және  синтагматикалық  тұрғыда  деңгейлік  тіл 

бірліктерімен  қатынасқа  түсуге  қабілетті  тіл  бірліктері  ғана  ие  болады.  Бір 

деңгейдегі  тіл  бірліктері  басқа  бір  деңгейдегі  тіл  бірліктерімен  иерархиялық 

қатынас арқылы байланысқа түседі. Сөйтіп, фонемалар морфемалардың дыбыстық 

құпрамын, морфемалар – сөздің, сөздер – сөйлемдердің құрамын жасайды.  



Тіл деңгейі мынадай принциптер негізінде қалыптасады: 

1.  Бір  деңгейге  жататын  тіл  бірліктері  біртектес  болуы  шарт.  Мысалы, 

фонемалық  деңгей  біртектес  фонемалар  жүйесі  мен  олардың  бірыңғай 

жиынтығынан тұрады. 

2.  Бір  деңгейге  кіретін  тіл  элементтері  одан  жоғары  келесі  деңгейдің 

құрамына  қатысты  болуы  шарт.  Мысалы,  фонемалық  деңгейдегі  тіл  бірліктері 

өзінен  жоғары  бірлік  болып  табылатын  сөздерді  жасауға  қатысып,  морфемалық  я 

лексикалық деңгейлермен байланысты болып келеді. 

3. Тіл деңгейінің әрқайсысы басқа деңгейдің құрамына қатысты болғанымен, 

өзіне тән белгілерін, қасиетін, ерекшелігін жоймайды, өзінің дербестігін сақтайды.  

4.  Әрбір  деңгей,  оған  кіретін  тіл  бірліктері  әрі  тілдік  таңбалар  болып 

табылады.  Сөйтіп,  бұл  принциптерден,  біріншіден,  тіл  деңгейлерінің  төменнен 

жоғарыға  қарай  күрделеніп  отыратынын,  екіншіден,  әрбір  тіл  деңгейінің 

автономиялық, яғни дербестік сипаты бар екенін байқаймыз. 

Тіл  жүйесіндегі  бірыңғай  тіл  бірліктері  мен  ережелердің  жиынтығынан 

тұратын  шағын  жүйелер,  бөлімдер  тіл  деңгейлерін  жасайды.  Бұлар  тіл  білімінде 

әртүрлі аталып келген. Мысалы, В.И.Кодухов бұларды «тіл ярустары (қабаттары)» 

деп  атаған.    Тіл  деңгейлері  тіл  механизмдері  деп  те  аталады(Ф.М.Березин, 

Б.Н.Головин)  .  Деңгей  жасау  сипатына    тек  деңгейлік  шартқа  сай  келетін,  яғни 

парадигматикалық  және  синтагматикалық  тұрғыда  тіл  бірліктерімен  қатынасқа 

түсуге  қабілетті  тіл  бірліктері  ғана  ие  болады.  Мысалы,  фонемалар  фонемалық 

қатар  (топ)  жасай  отырып,  сөйлеу  үстінде  тек  фонемалармен,  морфемалар 

парадигматикалық  қатынаста  тек  морфемалармен,  сөздер  синтагматикалық 

қатынаста  тек  басқа  сөздермен  тіркесе  алады.  Осылайша  фонемалар  жүйесі  мен 

олардың  бірыңғай  жиынтығы,  сөз  жүйесі  мен  олардың  бірыңғай  жиынтығы,  сөз 

таптары  мен  олардың  бірыңғай  жиынтығы,  сөйлем  түрлері  жүйесі  мен  олардың 

бірыңғай жиынтығы қалыптасып, тіл деңгейлерін жасайды.  

 

Бір деңгейдегі тіл бірліктері басқа бір деңгейдегі тіл бірліктерімен 



иерархиялық (сатылап) қатынас арқылы байланысқа түседі. Сөйтіп, фонемалар 

морфемалардың дыбыстық құрамын,морфемалар – сөздің, сөздер – сөйлемдердің 

құрамын жасайды. 

 

Ал  деңгейдегі  тіл  бірліктерінің,  мысалы,  фонемалардың  (дауысты  я 



дауыссыз  түрлері),  морфемалардың  (түбір  немесе  қосымша  түрлері),  сөздердің 

(жай  я  күрделі  түрлері,сөз  таптары),  сөйлемдердің  (жай,  құрмалас  түрлері)  жеке 

топтары өз алдына бөлек деңгей жасай алмайды.  

 

Тіл  деңгейлерінің  түрлері.  Тілдің  құрылымдық,  соған  байланысты 

деңгейлік  жағы  19-20  ғасырлардағы  тіл  білімінде  жиі  сөз  болып  келе  жатқанына 

қарамастан,  деңгейлер,  олардың  көлем-мөлшері,  аралық  шегі  жайындағы  мәселе 



жете  анықталды  деуге  болмайды.  Мысалы,  В.М.Солнцев  тіл  деңгейлерінің  негізгі 

түрлері  ретінде  фонемалық,  морфемалық,  лексикалық,  синтаксистік  төрт  деңгейді 

қарастырады  [4].  «Общее  языкознание»  (1972г)  деп  аталатын  ұжымдық  еңбектің 

авторлары  сөзжасам  және  морфологиялық  деңгейлерге  күдікпен  қарайды,  себебі 

бұл  деңгейлер  морфемалармен  тығыз  байланысты,  олардың  мәні  морфемалар 

арқылы ашылады деп топшылайды [5]. 

 

Француз  ғалымы  Э.Бенвенист  тіл  «деңгейлерін»  бөлек  қарастырмай,  оның 



орнына «деңгейлерді» талдап сипаттау қажет  деп санайды [6]. Оның себебін ғалым 

зерттелетін  нысанды  оны  сипаттап  талдау  әдісінен  бөлек  қарастыруға 

болмайтындығымен  түсіндіреді.  Бұл,  әрине,  тіл  деңгейлеріне  біржақты  көзқарас. 

Нақты  тіл  жүйесінде  әртүрлі  құрылымдық  бөліктер,  деңгейлер  бар  екенін  және 

олардың  қалыптасу  дәрежесі  бірдей  еместігін  ескерсек,  деңгейлердің  өздерін 

зерттеу қажеттігін жоққа шығаруға болмайтыны түсінікті. 

 

Педагогикалық  институттардың  студенттеріне  арналған  Ф.М.Березин  мен 



Б.Н.Головин жазған «Общее языкознание» (1979) оқу құралында тіл деңгейлерінің 

алты түрі көрсетілген . Мұнда тіл дамуының қазіргі кезеңіне тән деңгейлер толық 

қамтылған. 

 

1.  Фонемалардың  автономиялық  деңгейі.  Оның  механизмі  мынадай. 

Фонема морфема мен сөздің дыбыстық тұлғасын, көрінісін жасайды, яғни морфема 

мен  сөз  фонемалардан  тұрады.  Фонемалар  морфема  мен  сөз  құрамында  ұдайы 

түрленіп  жаңғыра  отырып,  қашанда  өзінің  фонемалық  қасиетін,  ішкі  тұтастығын 

сақтап отырады. Сонымен бірге фонема тілде тұлғалық өзгерістер жасауға қызмет 

ететін  қарапайым  тілдік  таңба  болып  табылады.  Мысалы,  а  фонемасы  өзінен 

күрделі  тіл  бірліктері  -  морфема  мен  сөз  құрамын  жасауға  қатыса  отырып,  ең 

кішкентай тіл бірлігі (единица) ретінде өзіне тән қасиеттерінен айырылмайды және 

қарапайым таңбалық сипатын сақтайды.  

 

2.  Морфемалардың  автономиялық  деңгейі.  Оның  механизмі  мынадай. 

Морфема  сөздің  және  оның  грамматикалық  формаларының  құрамын  жасайды. 

Солардың  құрамында  үнемі  түрленіп,  жаңғыра  отырып,    қашанда  өзінің 

морфемалық қасиетін, ішкі тұтастығын сақтап отырады, әрі дербес мағынасы жоқ 

тілдік таңба болып табылады.  

 

3.  Сөздердің  автономиялық  деңгейі.  Оның  механизмі  мынадай.  Сөз  сөз 

тіркесінің құрамына кіреді, сөзжасам типтері мен морфологиялық категорияларды 

жасауға  қатысады,  фонемалар  мен  морфемаларды  біріктіріп  отырады.  Сөз 

тіркестері  мен  сөйлемдердің  құрамында  ұдайы  түрленіп  жаңғыра  отырып,  сөз 

қашанда  өзінің  сөздік  сипатын,  қасиетін,  ішкі  тұтастығын  сақтап  отырады. 

Сонымен бірге сөз өз алдына мағынасы бар тілдік таңба болып табылады.  

 

4. Сөзжасам типтерінің автономиялық деңгейі. Оның механизмі мынадай. 

Сөзжасам  типтері  сөз  таптарын  жасауға  қатысып,  сөздердің  өзара  қатынас 

жасауына  мүмкіндік  береді.  Сөз  құрамында  ұдайы  жаңғыра  отырып,  сөзжасам 

типтері  өзіне  тән  қасиетін,  ішкі  тұтастығын  сақтап  отырады.  Сонымен  бірге  ол 

өзінің құрамына кіретін тілдік таңбалардың көрсеткіші болып табылады.  

 

5.  Морфологиялық  категориялардың  автономиялық  деңгейі.  Оның 

механизімі мынадай. Морфологиялық категориялар синтаксистік категориялардың 

(сөйлем, оның түрлері, сөйлем мүшелері т.б.) жасалуына қатысып, сөз бен олардың  

гармматикалық  формаларының  интеграциялануына  мүмкіндік  береді.  Сөйлем 

құрамында  ұдайы  жаңғыра  отырып,  өзіндік  қасиетін,  ішкі  тұтастығын  сақтап 


отырады.  Сонымен  бірге  морфологиялық  категориялар  тілдік  таңбалар 

бірлестігінің көрсеткіші болып табылады.  

 

6.  Синтаксистік  категориялардың  автономиялық  деңгейі.    Оның 

механизімі  мынадай  :  Синтаксистік    категориялар  мәтінді  жасауға  қатысып, 

морфологиялық 

категориялардың 

синтагматикалық 

қатынастарын 

интеграциялайды.  Мәтіннің  құрамында  ұдайы  жаңғырып,  өзіндік  қасиетін,  ішкі 

тұтастығын  сақтап  отырады.  Сонымен  бірге  тілдік  таңбалардың  бірлестігін 

білдіреді.  

 

Жоғарыда  айтылған  тіл  деңгейлерінің  механизмдерінен:  фонемалардың 



тікелей  морфемалармен,  сөздермен;  морфемиканың  сөзбен,  грамматикалық 

формалармен;  сөздердің  сөз  тіркестерімен,  сөзжасаммен,  морфологиямен; 

сөзжасамның  сөз  таптарымен,  лексикамен;  морфологияның  морфема,  сөзжасам, 

синтаксиспен; синтаксистің морфологиямен, мәтінмен байланысты екенін көреміз. 

 

Тіл  деңгейлері  туралы  теория  ХХ  ғасырдың  орта  шенінде  тілдің  формалды 



жағын нақты суреттеп талдауға негізделген дескриптивтік тіл білімінің  (Америка) 

ықпалымен онан әрі дамыды.  

 

Қазақ  тіл  білімінде  тіл  деңгейлері  туралы  ұғым  алғаш  рет  2004  ж.  шыққан 



«Жалпы тіл білімі» оқулығында берілді .  Қордабаев Т., Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі. 

Жоғары  оқу  орындарының  қазақ  филологиясы  факультеттеріне  арналған  оқулық. 

Алматы, 2004, VП тарау. 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет